Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Бейбіт өмірдегі атом саласының экологиялық мәселелері

No description

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Бейбіт өмірдегі атом саласының экологиялық мәселелері

6 тамыз - халықаралық ядролық қаруға қарсы күн. Қазақстан аумағында 1949 жылдан Семей ядролық сынақ полигоны жұмыс істегені мәлім. Онда 40 жыл ішінде, шамамен 500 ядролық сынақ жасалды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.
Жапон қалаларындағы жарылыстардан кейін «атом бомбасының әкесі» саналатын Роберт Оппенгеймер «Біз шайтанның ісін істедік» деген екен. Ол Американың сол кездегі президенті Гарри Трумэнмен кездесу барысында, "жапон қалаларын бомбалағаннан кейін әріптестерімізбен бірге қолдарымызды қанға малғандай сезінеміз" десе, президент «ештеңе етпейді, ол сумен оңай жуылады» деп қоя салған...
"ҚАЗАҚСТАНҒА ПОЛИГОН ЗАРДАБЫНЫҢ ӨТЕМІ ҚАЙТАРЫЛМАДЫ"
«Аттан-Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек: «Қазақстан атом бомбасынан бас тартуда бекерге асығыстық жасады. Ең болмағанда халық сол тартқан зардабының есесін өндіріп ала алмады» дейді:

- Қазағым атом бомбасын бекер берді. Бізді тонап кетті. Ол бомбаларды қайтармай тұрып, мына зардабын шеккен халыққа шамалы болса да өтемақы төлеу керек еді. Бұл жерде біздің президент үлкен қателік жасады,- дейді ол.

Мәжіліс депутаты Амангелді Айталы Қазақстан ядролық қарудан ертерек бас тартып қойған секілді деген де ойын білдірді:
– Біз ядролық қарудан тым ертерек айырылып қалдық. Еліміздің қауіпсіздігін ойламадық па деген ой да келеді. Бүгінде ядролық қарудың басқа түрлері де сынақтан өтіп жатыр. Мысалы, ядролық оқтұмсұқ. АҚШ, Франция басқа елдер сол ядролық оқтұмсықтарды жетілдіріп, санын көбейтіп, кім біледі ертең АҚШ-қа тағы да елірген президент келсе сол ядролық оқтұмсықтарымен қорқытпасқа?! Біз бұл келісімді қолдаймыз. Бірақ бір күні өкініп жүрмейік деген де ой бар.

Бейсенбі, Акпан 26, 2015
Мақсаты
Бейбіт өмірдегі атом саласының экологиялық мәселелері туралы ой қозғап, адамзат тарихындағы атом бомбасының зардабын және зиянын баяндау. Сонымен қатар, әлемді жалмаған атом бомбасының зардабынан шығар жолдың шешімін табу.
Бейбіт өмірдегі атом саласының экологиялық мәселелері
Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып, біз мынадай қорытынды жасаймыз:

а) ядролық сынақтарға қазіргі бар мораторийге қолдау көрсету, және оны бүкіл елдердің ратификациялауын, күшіне енуін, қаржыландыру мен халықаралық мониторинг желісінің қолдауымен қоса алғанда, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа толық көлемде қолдау көрсету;
б) кез келген ядролық қаруды одан әрі шығаруды тоқтату;
в) ұлттық қауіпсіздік доктриналарында ядролық қарудың рөлін төмендету үшін нақты іс-қимылдар жасау;
г) заңнамалық органдарда актілер қабылдау жолымен ядролық қаруға тыйым салу.
д) ядролық қару немесе оларды жеткізетін құралдар шығаруға тікелей тартылған компаниялар мен кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылар инвестицияларына тыйым салатын нормалар енгізу;
Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерінен барлық тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғұрлым толық көрінген. Қазірдің өзінде осы аудандарда туа біткен кемтарлық дүниеге келген әрбір мың нәрестенің қырық сегізінде кездесіп отырады.Бұл орта есеппен республика бойынша алғанда 6 есеге көп, ал полигонға жақын орналасқан ауылдарда бұл көрсеткіш одан да жоғары.
Семей ғалымдары мен дәрігерлердің пікірінше, сәуле алған ата-анадан туған екінші ұрпақ денсаулығы, бірінші ұрпақтың яғни тікелей сәуле алған балалардың денсаулығынан едәуір төмен, бұл сәуле алудың генетикалық зардаптары. Сонымен қатар Семей өңірінде лейкоз - қан рагы,
Лимфоцит
- ақ қан ауруымен ауыратындар саны көбейген. Әсіресе, әйелдер арасындағы анемия ауруы республика бойынша бірінші орын алады. Уақытына жетпей босану, салмағы аз, әлсіз, балалардың тууы, туа біткен анемия және мезгілінен ерте қартаю көрсеткіштері өсіп, әйелдердің бедеулігі республикалық көрсеткіштен екі есе жоғарлады. Бірақ, жергілікті халық бұны кеш түсінді.
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ-тың Жапонияға қарсы атом қаруын қолдануы. 1945 жылы 26 шілдеде Ұлыбритания, АҚШ және Қытай үкіметі басшыларының атынан Жапонияға тізе бүгу талабы қойылған Подстам декларациясы жарияланды. Осыдан кейін АҚШ авиациясы 1945 жылы 6 тамызда Жапонияның Хиросима қаласына бірінші атом бомбасын тастады. Қаланың елеулі бөлігі қирап, 140 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты, жарымжан болды. 1945 жылы 9 тамызда Нагасаки қаласына екінші атом бомбасы тасталды. Оның жарылысынан қаланың бөлігі қирап, 75 мыңдай адам қаза тапты, жараланды.
Зардабы
Full transcript