Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Патшалық Ресейдің әскери-әкімшілік отарлау саясаты және 1867

No description
by

Nurkeldi Alimzhan

on 11 November 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Патшалық Ресейдің әскери-әкімшілік отарлау саясаты және 1867

Кіріспе
Республикамыз тәуелсіздікке қол жеткізіп, ұлтымыз есін жиып, саналық сілкініс жасап, жоғалтқанымызды іздеуге бет бұрдық, егемен ел атанып, шексіз қуанышқа бөлендік. Қазақ халқының тарихында жаңа кезеңге аяқ бастық. Ал ұлттық сана, менің ойымша, ұлттық тұрмыстың көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың өз әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс тіршілігін білу дәрежесі. Ұйқы басқан сананың оянуына өмірдегі белгілі бір ірі оқиғалар себепші болады десек, Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осыған дәлел. Ресей империясының бірнеше ғасыр бойына жүргізіп келген отарлық саясатын жалғастырушы қызыл империяның орталық басшылығы халық еркіндігіне қиянат жасап отырғандығын түсінген саналы азаматтар наразылық білдірген.
Ал халықтың санасын неліктен ұйқы басқан еді? Біз бұл сұраққа жауап беру үшін халқымыздың Ресей империясының бодандығына айналған тарихына қатысты кезеңді жаңа тарихи көзқарас негізінде зерттеуіміз керек деп санаймын. Бұл жұмыста Ресей империясының Қазақ хандығында жүргізген әскери және әкімшілік отарлау саясаты, XVIII-XIX ғасырларда реформалары қалай жүргізілгені баяндалады.
Тарих ғылымының түсіндіруінше, отар және отарлау саясаты – саяси және экономикалық дербестігінен айырылып, шетел мемлекеттеріне тәуелді болу және арнаулы тәртіпті басшылыққа ала отырып, жергілікті халықты қинау.
Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Батыс Сібір аумағындағы орыстардың алғашқы қаласы «Үлкен Обск Қалашығы» болды, ол Ертіс өзені құйылатын Обь өзенінің оң жағалауында орналасты. Өзінің аз уақыт ішіндегі тіршілігінде (1594 жылы құлатылды) орыс әскери жасақтарының Сібірге және Қазақстан шекарасына терең енуіне қызмет етті. Содан соң Тюмень (1586), Тобыл (1594), Томск (1604) қалалары салынды .
I Петрдің жеке өкімі бойынша құрылған Жоғарғы-Ертіс желісін қамтыған Ямышев (1716), Омбы (1716), Железинская (1917), Семей (1718), Өскемен, Коряков (1720) әскери-инженерлік имараттары және басқа да іскери-қорғаныс бекеттері қазақтарды жоңғар әскерлерінің жойқын шапқыншылығынан қорғауда маңызды рөл атқарды
Жұмыс мақсаты – Патшалық Ресей империясының қазақ жерінде әскери-әкімшілік отарлау саясаты мен жүргізген реформасының бастамасын, барысын, зардаптарын тарих әдебиеттері мен ғылыми журналдарды пайдалана отырып жан – жақты зерттеу, баяндау.
Сонымен қоса, жұмыста патша өкіметінің мемлекеттік жүйесі оның шет аймақтағы әкімшілігінің ерекшеліктері айтылады. Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси дамуы оған байланысты отарлық-әкімшілік басқарудың реформасының мәні, Ресей империясының отарлық саясатының түпкі мақсаты тарихи құжаттар арқылы көрсетілді. Еңбек XVIII-XIX ғасырлардағы оқиғалардың біразын хабардар етеді.
Осы жұмысты жазуымызға өзінің ақыл-кеңесімен көмектесіп, жанашырлық білдірген қадірлі ұстазым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қозыбақова Фатима Ақынбаеваға алғысымды айтамын.
Орта жүздің әкімшілік құрылымы:
ОКРУГ
(15-20 болыс)
Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан
БОЛЫС
(10-120 ауыл)
Басқарушысы-болыс сұлтаны
АУЫЛ
(50-70 шаңырақ)
Басқарушысы- ауыл старшыны
1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды
Патшалық Ресейдің әскери-әкімшілік отарлау саясаты және 1867-1868, 1886, 1891 жылдардағы реформалар
«XVIII ғасырдың бірінші онжылдығы – қазақ халқы үшін үрейлі уақыт болды. Жоңғарлар, қасқыр қалмақтар, казактар және башқұрттар әр тараптан олардың ұлыстарын талқандады, малдарын айдап әкетті және толық отбасымен бірге құлшылыққа алып кетті[2] – деп жазады Ш. Уәлиханов». Оңтүстіктен Қазақстанның аумағын тартып алуға тырысқан орта азиялық хандықтар шабуылдады. Алайда ең қауіпті жауы Жоңғарлар болды.
Кіші жүздің әкімшілік қурылымы:
БӨЛІКТЕР
(батыс, орта, шығыс)
Басқарушысы- аға сұлтан
ДИСТАНЦИЯ (54)
Басқарушысы-ру шонжарлары
АУЫЛ
Басқарушысы-ауыл старшыны
Реформаның салдары:
- Орталық басқару нығайтылды.
- Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды.
1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды.
Full transcript