Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Мысыр және Шумер-Вавилон мәдениеті

No description
by

Saiyn Kurmankulov

on 27 September 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Мысыр және Шумер-Вавилон мәдениеті

Шумер мәдениеті
Шумер тарихи аймағында, шамамен біздің заманымыздан бұрын 3400 жылы қалыптасқан. Бұл мәдениеттің жарқын көріністері Эриду, Лагаш, Урук, Ур, т.б. қалаларда жүргізілген археол. қазба нәтижесінде анықталды. Кейін қазба жұмыстардың нәтижесінде бұл өркениет Шумер мәдениетті аталып, ғылыми айналымға енді. Мәдениетті егін ш-мен айналысқан халық қалдырған. Оларда қолөнер бұйымдарын жасау, металл өндіру, сәулет өнері мен мүсін жасау зор қарқынмен дамыды әрі осы жерде әлемдегі алғашқы жазулардың бірі пайда болды (қала Шумер жазуы).
Археол. жұмыстар барысында күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-саймандар, құмыра сынықтары, қару-жарақ түрлері, зергерлік бұйымдар, қолөнер туындылары аршып алынған. Олардың техникасы мен жасалу технологиясы өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, Шумер мәдениеттінің бірегейлігін нақтылайды. Шумер мәдениеттінің Элам, Мысыр, Үнді өркениеттері сияқты көне замандағы мәдениеттерге тигізген ықпалы зор болды.
Шумер мәдениеттін қалдырған халықтардың саяси бірлігін қала-мемлекеттер құраған. Түрлі қалалардан Энки, Энлиль, Наннар, т.б. құдайлардың бейнелері, мүсіндері табылған. Шумер мәдениетті көрші елдердің ықпалына азды-кемді ұшырағанымен, өзіндік сипатын ұзақ уақыт сақтап тұрды.
Шумер тілі
Шумер тілі – өлі тіл. Қосөзен (Тигр мен Евфрат) аралығының оңтүстік аймағын (қазіргі Ирак) мекендеген шумерлер тілі.
Шумер тілі тағы басқа з.б. 4 – 1-мыңжылдықтың аяқ кезінде жазылған сына жазу ескерткіштерін (іс қағаздары, шаруашылық құжаттары, т.б.) оқу арқылы танылған.
Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тілдерге жатады. Сөздік қоры негізгі түбірден, бір буынды сөздерден құралған.
Шумер жазуы
Шумер жазуы, ертедегі Шумер мемлекетінде қолданылған. Оны Оңтүстік Қосөзеннің (Евфрат пен Тигр) бойында (қазіргі Ирак) біздің заманымыздан бұрын 2-мыңжылдықта өмір сүрген тайпалар пайдаланған.
Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл жазу мен тілінің басқа тілдермен туыстығы дәлелденбеген. Қазіргі ғыл. деректер бойынша Шумер жылы дүние жүзіндегі ең ежелгі жазу болып саналады. Оның алғашқы түрі сурет түрінде, заттың ерекше белгілерін кескіндеу арқылы жазылған.
Кейін бір сөзді нақты таңбамен жазуға көше бастаған.
Шумер жазуы жөн түркі терминдерімен салыстыра отырып, сәйкес келетін сөздердің дені: 1) Тәңірге; 2) адамға; 3) табиғатқа; 4) мәдениетке қатысты екенін зерделеп, ондағы жүйелілікті анықтаған.
Мысыр және Шумер-Вавилон мәдениеті
Мысыр мәдениеті
Ежелгі Мысыр - жер бетіндегі әлемдік билікке ұмтылған ең алғашқы мемлекет, ең алғашқы империя.
Ежелгі құрылысшылардың шеберлігі мен жұмыстарының сапалылығына қайран қалмасқа болмайды. Пирамида тастарының бір-біріне жымдастырып салынғаны сондай, араларынан ине өтпейді. Сондықтан оларды «дүниенің жеті кереметінің» арасына қосуы тегіннен тегін емес. Мысырлықтардың дүниежүзілік мөдениетке қосқан аса зор үлесі ең алғашқы жазу-сызуды ойлап тапқандықтары еді.
Мысырда ғылым салалары, олардың ішінде астрономия, математика, медицина өте жақсы дамыды. Құнарлы Ніл аңғарында өмір сүрген мысырлықтар егін шаруашылығында жақсы табыстарға жетіп отырған. Еңбек өнімділігі жыл сайын артып, астықтан мол өнім алынған. Сондықтан мысырлықтарға егін шаруашылығын өрістету үшін есеп қажет болды. Әуелі арифметика, содан кейін математиканың күрделі салалары, оларға қоса жыл мезгілдерін, ауа райын болжау үшін астрономия игерілді. Ал геометрия орасан зор пирамидалар мен ғибадатхана құрылысын жүзеге асыру қажеттілігінен туындады.
Бізге дейін жеткен ең ежелгі Мысыр мәтіндері - құдайға табыну және шаруашылық жазбалары. Мысыр мәдениетінің монуметтік және бейнелеу өнері иероглифтермен өрнектелген биік обелискілер түрінде жетті.
Медицина ғылымы белсенді дамып, адам ағзасындағы мидың рөлі анықталды. Б.д.д. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында шардың беті есептеп шығарылды. Күн сағаты анықталды. Б.д.д. 2-мың жылдықтың аяғы мен 1-мың жылдықтың басында Мысыр мәдениетіне Крит пен Сирияның мәдениеті жедел ене бастады.
Вавилон мәдениеті
Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Вавилон мәдениетінің аса көрнекті ескерткіші - 2 метрлік тасқа ойылып жазылған Хаммурапи патшаның (б.д.д. 1792-1750 ж.) заңдары. Бұл заңдарда Вавилонның шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрпы мен дүниетанымы көрініс тапты. Хаммурапи ескерткішінде орын алған мәтіннен Қосөзен халқы өмірінің шынайы бейнесін танып білуге болады. Вавилондық абыз Мысырдағыдай о дүние рахатын ешкімге уәде қылмайды, бірақ өзінің айтқандарын мүлтіксіз орындағандарға осы өмірден жақсылықтар көрсетуді ұсынады. Вавилон көркемөнерінде о дүниені суреттейтін көріністер мүлде жоқ.
Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Вавилон мәдениетінің аса көрнекті ескерткіші - 2 метрлік тасқа ойылып жазылған Хаммурапи патшаның (б.д.д. 1792-1750 ж.) заңдары.
Бұл заңдарда Вавилонның шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрпы мен дүниетанымы көрініс тапты.
Хаммурапи ескерткішінде орын алған мәтіннен Қосөзен халқы өмірінің шынайы бейнесін танып білуге болады. Вавилондық абыз Мысырдағыдай о дүние рахатын ешкімге уәде қылмайды, бірақ өзінің айтқандарын мүлтіксіз орындағандарға осы өмірден жақсылықтар көрсетуді ұсынады. Вавилон көркемөнерінде о дүниені суреттейтін көріністер мүлде жоқ.
Себебі, вавилондықтар сарайлар мен ғибадатханаларды кірпіштен салатын болған, ал кірпіштің ұзақ уақытқа шыдамайтыны белгілі.
Вавилон мұнарасы «әлемнің жеті кереметінің» біреуі саналған. Вавилон мұнарасының айналасын "әлемнің тағы бір кереметі" Семирамиданың аспалы бақтары көріктендіріп тұрған.
Қосөзеннің ежелгі тұрғындарының діни нанымдары олардың монументтік өнерінен көрініс тапты.
Қалаларда құдайларға арналған ғибадатханалар салынды. Ғибадатхана жанынан бастары көкке өрлеген, кірпіштен өріліп, терассалармен қоршалған Зикураттар салынды.
Зикураттар (мұнаралар) әр түрлі бояулармен боялған, терассалар гүлдермен, көкпен өрілген. Вавилон көркем-өнерінің сәулеттік ескерткіштері біздің заманымызға аз жетті.
Full transcript