Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

«Кішкентай Тілмаш»

No description

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of «Кішкентай Тілмаш»

«Кішкентай Тілмаш»
5–6 жастағы балаларға арналған
үштұғырлы тілді дамыту
оқу-әдістемелік кешені

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы ұйымдастырған
«Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың ең үздік бағдарламасы»
республикалық байқауының

«Кішкентай Тілмаш»
5–6 жастағы балаларға

арналған тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламасы үшінші орынды иеленді.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
«Кішкентай Тілмаш» үштұғырлы тілді дамыту оқу әдістемелік кешені мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына ережелеріне сәйкес әзірленген.

«Қатынас»
білім беру саласы
Мақсаты:
Ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген,
мемлекеттік және басқа да тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасымен ауызша және ауызша емес құралдармен жұмыс істеуге қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.

Міндеттері:
Балалардың қарым-қатынаста қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі мүмкіндіктер жасау
Балаға грамматикалық дұрыс сөйлеу үлгілерін беру
Ана тілі, мемлекеттік және басқа да тілдерде қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету


«Кішкентай Тілмаш»
5–6 жастағы балаларға арналған
үштұғырлы тілді дамыту оқу-әдістемелік кешені

ӨЗЕКТІЛІГІ:

5–6 жастағы балаларды үш тілде әдемі сөйлеуге үйрете отырып,
бір мезетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің әртүрлі иірімдерінен мағлұмат беру, тіл байлығын арттыру, жалпы интеллектуалдылығын, сөйлеу деңгейін, білімді меңгеруін бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне оқытуға дағдыландыру.

МАҚСАТЫ:


тілдерді меңгеру арқылы
тәрбиеленушінің танымдық-тілдік дамуын және мектепке дайындауда балалардың әлеуметтік тұлғалығын қамтамасыз ету.

МІНДЕТТЕРІ:

1. Сөйлесудің барлық даму түрін қалыптастыру.
2. Ерте кезеңнен бастап үш тілді қатар оқыту.
3. Шет тілін ана тіліне, ана тілін орыс тіліне аударып айту.
4. Тілді ерте кезеңнен оқытудың әдіс-тәсілдері: тіл білімін және графика, грамматика, фонетика, лексика тәсілдерін меңгеру.
5. Коммуникативті және когнитивті әдіс-тәсілдерді дамыту.

«Кішкентай Тілмаш» 5–6 жастағы балаларға арналған үштұғырлы тілді дамыту оқу-әдістемелік құралының тақырыптары:

Сәлеметсіз бе? Танысайық.
Менің отбасым.
Менің Отаным – Қазақстан.
Менің ойыншықтарым.
Біздің балабақша.
Дене мүшелері.
Жануарлар әлемі.
Тағамдар.
Қайталау.
«Кішкентай Тілмаш» әдістемелік құралындағы ҰОІӘ 36 сағатқа есептелген, аптасына 1 рет, ұзақтығы 25–30 минут.
12–15 баланы қамтиды.

Күтілетін нәтиже:

балалар мұғалімнің нұсқауын түсініп, орындай алады;
жекелеген заттардың атауларын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) дұрыс айта біледі;
заттардың түрін, түсін, санын дұрыс ажырата алады;
өзі туралы қысқаша мағлұмат бере алады;
2–3 сөзден тұратын сөйлем құрастыра алады;
тілдердің төл дыбыстарын дұрыс дыбыстай алады;
тақырыптар бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алады;
күн, ай аттарын дұрыс атай алады.

«Кішкентай Тілмаш» үштұғырлы тілді дамыту оқу әдістемелік кешеніне:

үштұғырлы тілді дамыту әдістемелік құралы;
жұмыс дәптері, CD, CDR дискіcі;
А3 пішімінде көрнекілік құралдар;
«Біз күлімдеп ән шырқаймыз» әндер жинағының ноталары, әндер мен минусовкалар CD, CDR дискілері енеді.

«Кішкентай Тілмаш» 5–6 жастағы балаларға арналған
үштұғырлы тілді дамыту әдістемелік құралы:

Түсінік хат
36 сағатқа есептелген үш тілде перспективтік жоспар
Үш тілдегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы
Ойындар
Тақпақтар

Жұмыс дәптері «Кішкентай Тілмаш» оқу-әдістемелік кешенінің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.
Жұмыс дәптері әрбір оқу іс-әрекетінің бөлімдері:
«Тапсырмалар мен жаттығулар». Баланың өзі, отбасы туралы түсінігін, зейінін, логикалық дамуын және білімін бекіту бағытында тапсырмалар мен жаттығулар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында баланың ерік-жігерін тәрбиелейді, тілдерге деген қызығушылығын арттырады. Тапсырмалар алуан түрлі және қызықты.
«Лексикалық минимум» үш тілді меңгеру
тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл бөлімде ауызша сөйлеуге арналған сөздер топтастырылды. Үйренуге жеңіл болу үшін әрбір сөздің аудармасы және ағылшын тілінде айтылуы қоса берілді.
«Байланыстырып сөйлеуге үйрету алгоритмі» бөлімде ұсынылған лексикалық тақырыптар баланы заттарды суреттеуге, сипаттауға үйретеді және байланыстырып сөйлеу тілін дамытады.
Оқытылған материлдады нақтылау мақсатында CD, CDR дискілерінде ұсынылған ойындар арқылы Тілмашпен бірге балалар ойлануға, қорытынды жасауға, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйренеді..

ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ
МЕН. МЕНІҢ АТЫМ.ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫ.
Я... МЕНЯ ЗОВУТ…
NICE TO MEET YOU! GREETINGS

«Кішкентай Тілмаш» мектепке дейінгі 5–6 жастағы балаларға арналған
үштұғырлы тілді дамыту оқу – әдістемелік кешеніне
жұмыс дәптеріне қосымша CD, CDR дискілерінде:

«Менің Отаным»;
«Менің балабақшам»;
«Жануарлар әлемі»;
«Түстер»;
«Менің ойыншықтарым»;
«Менің отбасым»;
«Сандар» бейнематериалдары ұсынылады.

Ақпаратты мультимедиалық әрекет ету төмендегідей нәтижелер береді:

сөздік қоры белсенді толықтырылады;
оқу мен жазуды ерте меңгереді;
есте сақтау және зейін тиімділігін жаттықтырады;
балалардың материалды игеруін психологиялық тұрғыдан жеңілдетеді;
баланың жан-жақтылығын дамытады.

«БІЗ КҮЛІМДЕП ӘН ШЫРҚАЙМЫЗ»


Нота хрестоматиясы «Кішкентай Тілмаш» оқу-әдістемелік кешенінің
құрамдас бөлігі болып есептеледі.


Хрестоматияда сергіту сәтіне, саусақ гимнастикасына арналған және басқа әндер кешені жинақталған. Берілген материалдарды пайдалану арқылы мазмұнды әрі эмоцияға толы оқу іс-әрекетін өткізуге болады.
Әндер жинағының ноталары, әндер мен минусовкалар CD, CDR дискілерде беріледі.

«БІЗ КҮЛІМДЕП ӘН ШЫРҚАЙМЫЗ»
үш тілдегі әндердің нота хрестоматиясы

Қайырлы таң! Доброе утро! Good morning!
Мен кішкентай қыз баламын. Я девочка веселая. I am a girl.
Менің отбасым. Моя семья. My family.
Жақсы көрем анамды. Люблю я свою мамочку. I love my dear mummy.
Саусақ жаттығуы. Пальчиковая гимнастика. Finger exercises.
Түстер. Цвета. Colours.
Бір, екі, үш... Раз, два, три... One, two, three.
Топ-топ-топ-топ басайық. Топ-топ топаю. I can stamp, stamp them.
Он саусақ екі қолда. Десять пальцев на руках. I’ve got ten little fingers.
Жануарлар әлемі. В мире животных. In the world of animals.
Анашым менің. Мамочка моя. My dear mother.
Менің анам. Моя мама. My mother.
Ән айтамын анама. Песенка маме. My mother’s song.
Шырша шамы, жарқыра! Елочка, свети! Shining christmas tree!.
Достық. Дружба. Friendship.
Көктем. Весна. Spring.
Көңілді жаңбыр. Весёлый дождик. Merry rain.
Жануарлар әні. Песенка животных. Song of animals.

“Кішкентай Тілмаш” көрнекілік құралы оқытылатын заттарды көрнекілі
бейнелеу үшін және оның нақты мәні мен мазмұнын қабылдауда
балалардың білімін тереңдету , бейнелі-түсініктер тұтастығын,
эмоционалдық сезіммін қамтамасыз ету мақсатында өңделген

Бір, екі, үш...
Раз, два, три...
One, two, three...

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР
ПЕРСПЕКТИВНЫЙ ПЛАН
TASK PLAN

ҰОІӘ ҚҰРЫЛЫМЫ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің басталуы.
Сәлемдесу.
Фонетикалық жаттығу

Жаңа материалға кіріспе (суреттер, ойыншықтар, көрнекіліктердің көмегімен). Бәрі де ойын түрінде жүргізіледі.

ҰОІӘ-ін ойын түрінде бекіту.
Оқу- әдістемелік кешеніндегі кез келген ойын ойналады.

Сергіту сәті.

Естуі бойынша түсінгенін тексеру

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің аяқталуы. Қорытындылау

ҰСЫНЫЛҒАН ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚҰРАСТЫРУДА ЕСЕПКЕ АЛЫНДЫ:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшелігі;
2. Тапсырманың күрделігінің деңгейі қатаң анықталды және оның мөлшері қолжетімді қағидасын сақтайды.
3. Мектеп жасына дейінгі балаларға таныс құбылыстар мен заттарды бағдарлай білуі ескерілді.


“Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын
жүзеге асыруда ұсынылып отырған
«Кішкентай Тілмаш»
үштұғырлы тілді дамыту оқу әдістемелік құралы педагогтерге және ата-аналарға көмекші құрал болатынына сенеміз.
Сіздерге табыс тілейміз!
Назарларыңызға рахмет!
Full transcript