Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

САЯСИ ҚАҚТЫҒЫСТАР

No description
by

Dinara Dinara

on 10 December 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of САЯСИ ҚАҚТЫҒЫСТАР

Саяси конфликт
Орындаған: Манненова Д.М. Ю-40к
“Conflictus”
термині
“con”
–біреуге қарсы, біреумен бірге дегенді білдірсе,
“flictus”
етістігі ұру, итеру, құлату секілді мағынаны білдіреді. Демек, конфликт терминін қақтығыс, талас, күрес, қарама-қайшылық ұғымдарына сәйкес келеді деуге негіз бар.

Конфликтің мынадай түрлерін атауға болады:
1.
тұлғааралық қақтығыстар,
2.
отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар,
3
.басшы-бағынушылар арасындағы қақтығыстар, 4.әлеуметтік топтар
арасындағы қақтығыстар,
5.
саяси және мемлекетаралық қақтығыстар
6.
заңдық кақтығыстар
және т.б.


Саяси қақтығыс
- саясат субъектілерінің
саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық және
іс-жүзіндегі күресі. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері өтетін ерекше
саяси жағдайды білдіреді. Сонымен бірге,
саясат әлемінің ажырамас бір бөлігі, оның
қозғаушы күші. Бұл тек саясаттану ұғымы
емес, сонымен бірге саясат теориясының
тілі, саясаткердің ойлау үлгісі.
Л.Н. Тимофева
саяси қақтығыстың
5
бастауын бөліп көрсетеді.

1.

саясат субъектілерінің дәрежесі сәйкес келмеуімен, оның рөлдері, қызметтері, мүдде мен қажеттіліктерімен, ресурстардың тапшылығымен сипатталады.

2.

адамдардың басты құндылықтары мен саяси идеяларының, тарихи ағымдық оқиғаларды бағалауындағы сәйкессіздіктерге байланысты.

3.

заматтардың бірегейлік процесіне байланысты. Демек, әр азамат өзінің әлеуметтік, діни, саяси, т.б. саяси жүйедегі орнын тапқысы келеді.

4.

саяси коммуникация технологиясында, ең алдымен ақпараттың қателігінде немесе оны арнайы бұрмалаудан көреді.

5.

билік үшін күресетін саяси қақтығыстағы субъектілердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінде астарланған. Саяси лидерлердің осындай жақтары, яғни, шектен шыққан авторитаризм, бақылаусыз өзімшілдік және т.б. саясаткерлер арасындағы араздықтың себебіне айналып, елдегі жағдайға тұтасымен ықпал етуі мүмкін.
Саяси қақтығыстардың себептері:
Қақтығыс негізінде әлеуметтік топтар,
саясат субъектілері, индивидтердің
арасындағы теңсіздік жатыр.
Сонымен қатар, бұл жағдай қоғамда
үнемі орын алатын материалдық және
рухани құндылықтардың тапшылығымен
толықтырылады. Ресурстар шектеулілігінің
өзі қақтығысқа себеп болады. Нәтижесінде
қоғамда жақсы өмір сүру үшін күрес басталады,
оның ішінде: билік, мәртебелік позициялар,
жоғары табыс пен байлық.
Біріншіден,
Екіншіден,
қақтығыстар индивидтің немесе әлеуметтік топтың базалық қажеттіліктерге қанағатсызданбау нәтижесінде пайда болады.
Үшіншіден,
индивидтер мен әлеуметтік
топтардың күрделі қарама-
қайшылықтарда орын алатын
құндылық бағдары мен мүдделік
кереғарлық қақтығыстың себебі болуы
мүмкін.
Төртіншіден,
азаматтардың әлеуметтік
топтармен сәйкестендіру
процесі саяси қақтығыстардың
қайнар көзі болып табылады және
олардың қоғамдағы орнын
анықтайды.
Бесіншіден,
саяси қақтығыс ақпараттың
жоқтығымен, берілген қақтығыс
бойынша дезинформация ұсыну
себептерімен орын алуы мүмкін
және оны реттеу
процесін қиындатады.
Алтыншыдан,
қақтығыстың себебі саяси
қақтығыстардағы субъектілердің
психологиялық ерекшеліктерінде
жасырылады.
Конструктивтік рөлі:
саяси қақтығыс қоғамдағы қарама-қайшылықтар мен мәселелердің пайда болуындағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің себепшісі болып табылады. Олар социумдағы жағымсыз тұстар туралы ескерту береді, индивидтер мен әлеуметтік топтардың қанағаттанбау және қарама-қайшылықтар себептерін айқындайды.
қақтығыстың өзі қоғамда жинақталған алаңдаушылықты төмендету арқылы өзіндік шығыны бар тетік ретінде қызмет атқарып, қақтығысқа әкелген кемшіліктер мен жаңсақтықтың қарама-қайшылықтарын шешудің тәсіліне айналады.
қақтығыс қоғамда болуы мүмкін тоқырауды, жүйенің ыдырауын алдын алып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қақтығыстық жағдайда индивидтер немесе әлеуметтік топтар оны реттеу мен шешу тәсілдерінің тәжірибесін алады.
Саяси қақтығыстардың мынандай түрлері болады:

— заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы қақтығыстар;

— мемлекеттік-құқықтық жүйе және оны өзгерткісі келетін саяси оппозиция арасындағы қақтығыстар;
мемлекет пен басқа саяси институттар арасындағы қақтығыстар;

— мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстар
Full transcript