Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Шоқан Уалиханов

No description

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Шоқан Уалиханов

Ш.Уалиханов – этнограф және тәрбиедегі халықтық дәстүрді зерттеуші
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов
(1835-1865)
Шоқанның ұлылығы
Шоқан — әдебиетші
Халық ауыз әдебиетін, ертегілерді және мақал-мәтелдерді зерттеуі
Эпостық жырлар мен ғашықтық жырларды зерттеуі
Шоқан – саяхатшы ретінде
этнограф
ұлы ағартушы
шығыстанушы
демократ
фольклорист
Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 – 1865) – қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен.Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған.


ӨМІРБАЯНЫ
Ш. Ш. Уәлиханов — қазақ және қырғыз
халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш
зерттеген. Қазақ көркем сөз
өнерінің кейбір үлгілерін ол жас кезінде-ақ білген,
оған деген ықылас-қызығуы кадет корпусында
оқыған жылдары мен қызметтері кезінде арта
түскен де, 1850 жылдардың орта шенінен өмірінің
соңғы сәттеріне дейін зерттеумен шұғылданған.
Шоқан - этнограф зерттеуші ретінде
Ш.Уалиханов қазақ халқының жаттап алу қабілетін, шешендігін жоғары бағалап, мұндай қабілетті халық сауатты болып, ғылым үйрену керектігін анықтап айтқан. «халықтың мұңы мен сырын, арманын толғайтын жыраулардың жарлары – өнегелілік, бірден-бір құнды құбылыс», - дейді Ш.Уәлиханов. қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, халқының алдыңғы қатарлы елдерді қуып жетуін аңсаған. Оның еңбектері «Білім жалпы халыққа бірдей, ортақ болсын» деген идея басым.
Г.Н. Потанин былай деп жазды: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді.
Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының кейбір мәселелерімен де шұғылданады, қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттеген. Қазақ өлеңдерін ол 5 түрге бөлген, олар: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең. Бұл жөнінде Т.Н.Потанин: «қазақ халқы оның жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының данышпаны болар еді және өз елінің әдебиетін өркендетуге негіз сала алар еді» деген пікір айтқан еді.


Әдебиет теориясы:
Поэзия жанры, түрі
Өлең құрылысы
Аңыз — әңгімелер
Шоқан — әдебиетші
Шоқан жас кезінен-ақ аңыз-әңгімелерді, жыр-дастандарды тыңдап, оны жинақтай білді. Қазақ халқы аңыз ертегілерде ешкімге зияны жоқ сарыбас жыланды, пәк аққуды, үні әдемі көкекті, сыланған тотыны, сайраған бұлбұл мен сандуғашты қазақтар ешқашан балаға жәбірлетпеген. Шоқан Қашқарға барған сапарында ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлері мен аса сирек кездесетін кітаптар алып қайтқан. Қашқарда жүргенде қолына «Тазкиряи Ходжагян» деген жазба түскен, ол жазбада қожалар әулиетінің тарихы баяндалады. «Қожалар тарихы», «Тарихи-Рашиди» кітабының жалғасы екенін анықтай түседі. Қазақ халқының ұлы перзенті Қашқардан «Сұлтан Бұғрахан тарихы», «Тоғылық Темірхан тарихы», «Қожалар тарихы» т.б. сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын жеке қаржысына сатып алады. Бұларға қосымша ұйғыр, иран тілдеріндегі тарихи жазбалар, шежірелер алып қайтады.
Халық ауыз әдебиетін, ертегілерді және мақал-мәтелдерді зерттеуі
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастанын орыстың ақыны А.С.Пушкин Оралға келгенде орыс тіліне аударып жазып алған. Қозы мен Баянның құрметіне қойылған ескерткіш Аягөз бекінісінен тоқсан шақырым жерде тұр. Дастанға 1500 жыл. Шоқан әсіресе Шөже ақынның айтқан нұсқасын жазып алған. Шоқанның эпостық жырына Иманбеков қосымша мынадай мәлімет жасады. Шоқан «Едіге туралы аңызды» 1842 жылы Арыстанбай деген ақынның айтуымен жазып алған. Шоқанның осы еңбегін 1905 жылы профессор П.М.Мелиоранский Петербургте бастырып шығарған. Шоқан бұдан басқа «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» т.б. эпостық жырларды зерттеген. Шоқанның ұзақ зерттегені «Едіге батыр».
Эпостық жырлар мен ғашықтық жырларды зерттеуі
Шоқан Уәлиханов қалдырған мұраның бір алуаны – бейнелеу өнері саласындағы еңбектері. Шоқан жастайынан сурет салуға құмар болады. Оның алғаш суретке еліктеуіне Уәлихановтардың үйінде ұзақ тұрып, жұмыс істеген орыс ғалымдары әсер етсе керек. Шоқан Уәлихановтан 150 шақты сурет қалған, ол көбінесе қарындаш, акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы ХІХ ғасырдың 60-жылдарының басында «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» журналдарында жарияланған.
Шоқан – саяхатшы ретінде
П.П.Семенов-Тяншанский жазды: Г.Н.Потанинмен қатар Омбыда менің, әсіресе көңілімді аударған екінші бір адамым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болды. Ерекше қабілетті Шоқан Уәлиханов Омбының кадет корпусын зор табыспен бітірген.Кейін менің ықпалыммен Петербургтегі университетке лекция тыңдап, француз және неміс тілдерін жақсы меңгерді. Шығыстың тарихы жөнінде көп білетін тамаша оқымысты болып шықты
И.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығыс зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халықтарының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті»,-деп жазды.
Шоқан Уалихановтың ескерткіші
Назарларыңызға рахмет!
Орындаған: Келкария Арайлым
Картемиш Балерке
Full transcript