Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған кө

No description
by

Erlan Kystaubayev

on 3 February 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған кө

ХХ ғасырдағы әлемдік сәулет ағымдары
Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған.
Сәулет өнері ешқашан бір орында тоқтап тұрған жоқ, ол үнемі даму үстінде. Ол өз заманына сай дамып жетіліуде. Жаңа технологиялар мен жаңа материалдарды пайдалана отырып құрылыстың жаңа денгейіне жетеміз. Әр елдің өз салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні болғандықтан, әр елдің ғимараттарында өзінің ерекше үрдісі айқын көрінеді.
Барлық өнерге сай сәулет өнерініңде өз үрдістері бар.
ХХ ғасырдағы әлемдік сәулет үрдістері:
Эклектика, Модерн, Модернизм, Конструктивизм, Постмодернизм, Хай-тек, Деконструктивизм.
Эклектика – әр түрлі, қарама-қайшы көзқарастардың, теориялық алғышарттардың, саяси бағалардың тоғысуы. Мәселен материализм мен идеализмді жанастырудың көптеген әрекеттері немесе ревизионистердің марксизм мен эмпириокритицизмді, диалектикалық материализм мен кантшылдықты, т.б. ұштастыру ниеті Эклектикалық сипатта болды. Эклектиканың негізгі методология кемшілігі – объективті дүниенің байланыстары мен қатынастары жиынтығынан заттың, құбылыстың нақты тарихи негізділігін ескеріп, олардың басты байланыстарын ажырата алмаушылық және түрлі көріністерін, қасиеттерін тұрпайы түрде біріктіре салушылық болып табылады. Нақты қызмет, саясат саласында Эклектика қателіктер мен жаңсақтықтарға апарып соқтырады, өйткені ол оқиғалар тізбегіндегі басты буынды табуға, тарихи кезеңдердің неғұрлым көкейкесті міндеттерін шешу үшін шаралар белгілеуге бөгет жасайды.
Модерн , модерн стилі (фр. moderne – ең жаңа, қазіргі) – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Еуропа және Америка елдері өнерінде орын алған стильдік ағым.
Модерн Бельгия, Ұлыбритания мен АҚШ-та – “жаңа өнер”, Германияда – “югенд-стиль”, Австрияда – “сецессион стилі”, Италияда “либерти стилі”, Испанияда – “модернизм” деген атпен белгілі.
Ол символизм мен эстетизм идеяларын, Ф.Ницшенің “өмір философиясын” дамытты.
Модерн өкілдерінің (У. Морристің социалдық утопиясына сүйенген бельгиялық археологиялық әрі дизайнер Х.К. ван де Велде) пікірлеріне қарағанда ол қоғам құруға ықпал жасарлық жаңа өмір стилі, адам баласына эстетикалық ләззат алар орта мен тұрмыс жағдайын туғызу, байырғы дәстүрден бөлек, қазіргі конструкцияларды пайдалану арқылы өнерге жаңа жол салу болып табылады.
Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.
Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.
Модернизм өнердегі мифологиялық тәсілді жандандыруды көздеді. Мифтік ойлау арқылы қоршаған орта болмысын тану П.Валери, Т.С.Элиот, В.Иванов, В.Хлебников, У.Б.Йитс, А.Белый, т.б. шығармаларынан байқалды. Олардың туындыларында мистикалық жүйе қалыптасып, кейіпкерлері нақты тарихи уақытта емес, өткен, келер шақтар түйісіп жататын мифологиялық уақытта өмір сүрді.
Конструктивизм (лат. contructio - құру) - адамды қоршаған материалдық ортаны жобалаудың жаңа әлеуметтік-функционалдық міндеттерін айқындайтын кеңес өнерінің 1920 - 30 жылдарындағы бағыт. Конструктивизмнің басты принциптері: жоспарланған шешімдері мен конструкциялардың көзделген мақсатқа барынша сәйкестігі, салынатын құрылыстың тиімділігі, жаңа әлеум. тұрмысқа үйлесетін, әрі жергілікті жағдайлар мен ұлттық дәстүрлерді жете бағаламайтын тұрпайы формаларды асыра әдемілеу. Конструктивизм ерекшелігі құрылыстардың стилистик. ішкі және сыртқы кескіш қарапайым, біркелкі болды. Архитекторлар қабырға мен терезе ойықтарының көптеген қажетсіз элементтерін алып тастады. Конструктивизм архит. ғимараттарының композициялық құрылысы асимметриялы, көлденең бағытталған, терезелері тұтас 1-қабаты ішіне қарай шегініңкі немесе тіреу-бағаналары жүйелі болып келеді. Қазақстанда конструктивизм үлгісі 1926 жылдан бастап орнықты. Алматы қалысының қоғамдық орт. бөлігіндегі: Үкімет үйі (қазіргі Қазақ Ұлттык өнер академиясы, 1928 - 31, арх. М.Я. Гинзбург), байланыс үйі 1939, (арх. Г.Г. Гераспмов), т.б. конструктивизм әдісімен салынған.
Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулетте шыққан атау, хатжүзіндік мағынасы — модерннен кейінгі, яғни осы заманнан кейінгі. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер соңғы осы заманшылдық деп те атап жүр.Дәл мағынасыңда модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді.
Сәулетте бұл ағым модернизмнен де көркем делінеді, көптүрлі өзге ағымдардың ерекшелігін өз бойына сіңірген, бір бойына барлық ерекшелікті қамтыған бес аспап ағым делінеді. Кейіннен бұл ағым модернизімге қарсылық ретінде сызбашылық, саз, пәлсапа ғылымдарында да істетіле бастады.
Постмодернизм түптеп келгенде модернизмге қарсылықтан туындаған. 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейінгі Батыс Еуропалық ұлы қиялдың быт-шыт болуы осы өз бойында тұрақтылық, заңдылық, ереже атаулы белгілерден жұрдай жаңа ағымның пайда болуына түрткі болды.
Постмодернизм бойындағы әжуаға толы әрі қасіретке толы көрініс бейне сотқар баланың өз ішегін сүйретіп ойнағаны іспетті.
Атау тұңғыш рет 1914 ж. Хиберт Журналында (маусымдық Пәлсапалық талқы журналы) Ж.М. Томсон жағынан қолданылған. Бұл мақалада постмодернизм атауы замандық Христан қоғамындағы нанымдар мен көзқарастардың өзгерісін көрсету үшін қойылған. Кейіннен атау көркем өнер, саз, әдебиет қатарлы салаларда қолданыла бастады.
Жоғары технология (ағылш. high technology, high tech, hi-tech) — замануи ең жаңа және прогрессивті технологиялар. Жоғары технологияларды пайдалануға өту ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) қазіргі кезеңдегі маңызды звеносы болып табылады. Жоғары технологиядарға әдетте өндірістің ең ғылыми салаларын жатқызады.
Full transcript