Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

No description
by

Alibek Kursakpaev

on 23 November 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

Жоспар:
Кіріспе
Жылулық сәуле шығару туралы негізгі түсінік
Кирхгоф заңы
Стефан- Больцман заңы
Планк формуласы
Винн заңы
Тепловизорлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жылулық сәуле шығару - бұл қыздырылған дененің шығарған жарығы.
Күннің жарығы, май шамның жалыны, қыздыру лампасының жарығы, электр доғасы, адам денесінің инфрақызыл сәулесі - мұның бәрі жылулық сәуле шығару мысалдары.

Жылу шығару - қыздырылған дененің қоршаған кеңістікке сәуле таратып жылу шығару қабілеттілігі;
қыздыру көзінің түрлеріне қарамастан металлургиялық процестің барлық түрлерінде де жьлу шығады, демек, жылу беріледі. Жылу шығару теориясы энергияны тасымалдау жөніндегі ілімнің тармағы. Жылу шығару заттың агрегатгық күйіне, оның физикалық және химиялық қүрамына байланысты. Жылу өткізгіштік, конвекция жөне жылулық сәуле шығару қүбылыстары негізінде жүреді.Жылу шығару процесі кей жағдайларда бірнеше құбылыстардың қабаттас жүруімен де іске асырылады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ
ҚОРЫТЫНДЫ
Жылулық сәуле адам өмірінің көптеген салаларында қолданысқа ие болды. Мысал, тепловизорлар әскери барлау мен нысандарды күзету мақсатында қолданылады. Адамның келе жатқанын тас қараңғыда 300 м.қашықтықтан көруге болады Қарапайым әскери техника нысандары 2-3 км. қашықтықтан көрінеді. Бүгінгі күні микротолқынды диапазондағы бейнені компьютер экранына шығаратын, сезгіштігі (беттің жеке бөлігінің температурасының айырмашылығын шешуге қабілетті) бірнеше жүздеген градусты бейнекамералар жасалған. Бұл дегеніміз, егер сіз өзіңіздің үйге кірерде есіктің тұтқасын ұстасаңыз сіздің жылуыңыздың ізі осы тұтқада жарты сағатқа дейін сақталады.

Сәуле шығарудың осы түрінің теориясы физика үшін маңызды, өйткені, бір жағынан жылулық сәуле шығару әмбебап, оның табиғаты нақты материалмен де, тіпті атомның кұрылысымен де байланысты емес, ал екінші жағынан, жылулық сәуленің пайда болуына жарық пен заттың іргелі термодинамикасы себепші болады да, осы сәуленің қасиеттері атомдардың жарықты кезкелген мөлшерде емес, тек қатаң белгілі дискреттік үлестермен (кванттармен) шығаруға немесе жұтуға қабілетті екендігіне тікелей нұсқайды.
Казахский Национальный Медицинский Университет имени С. Д. Асфендиярова
Тақырыбы: Жылулық сәуле шығару. Тепловизорлар.

Орындаған: Құрсақпаев Әлібек
Тексерген: Алмабаева Нұрғайша
Факультет: ЖМ 027-01к
Жылулық сәуле шығару теориясы Кирхгофтың 1859ж. жылулық сәуле шығарудың негізгі заңын ашқан кезден басталады. Ол қара дене концепциясын және оның моделін ұсынды. Осы уақыттан бастап 20ғ. басына дейін қара дененің сәуле шығару проблемасы физикада ең бір өзекті проблема ретінде қарастырылды. Бірақта сәуле шығарудың классикалық теориясы жылулық сәуле шығару заңдарын, атомдар мен молекулалардың спектрлерін қанағаттанарлық дәрежеде түсіндіре алмады. Осы проблемаларды сәуле шығарудың кванттық теориясы аясында шешу мүмкін болды.
Қатты денелердің сәулеленуі электромагниттік құбылысқа жатады. Температурасы абсолют нөлге тең емес орта электромагниттік толқын шығарады.Термодинамиканың тепе – теңдіктегі қыздырылған денелердің сәулеленуін,
жылулық сәуле шығару
деп атайды.

Жылулық сәуле шығарудың интенсивтілігі энергияның ағынының шамасымен сипатталады. Сәулеленетін дененің бірлік бетінен барлық бағытта шығарылатын нергияның ағынын энергетикалық R жарқырау деп атайды. Ол температураға тәуелді . Сәулелену жиіліктері әр түрлі
ω
толқындардан тұрады. Бірлік беттен

жиілік интервалында шығарылатын энергияның ағынын
dRω
арқылы белгілейік. Кіші dω интервалында энергияның
dRω
ағыны

пропорционал болғандықтан, төмендегі теңдік шығады:
dRω = rωdω
Мұндағы,

– дененің сәуле шығару қабілеттілік дененің температурасына тәуелді.
Энергетикалық жарқырау мен шығару қабілеттілігі температураға тәуелді болғандықтан,оларға
Т
индексін қостық. Сәулеленуді ω жиіліктің орнына толқын
λ
ұзындығын пайдаланып сипаттауға болады. Спектрдің

бөлігіне толқын ұзындығының

интервалы сәйкес келеді. Толқын ұзындығы мен жиілігі
λ = 2πс/ω
қатынасымен өрнектеледі.

Кирхгофтың сәуле шығару заңы
Кирхгофтың сәуле шығару заңы
 –
дененің сәуле шығарғыштық қабілеті мен сәуле сіңіргіштік қабілеті арасындағы қатысты тағайындайтын заң

Бұл қатынас
абсолют
 қара дененің сәуле шығарғыштық қабілетіне [0(,T)] және шыққан сәуле толқынының ұзындығы мен 
абсолют температураға 
тәуелді болады

Бұл заңды неміс физигі Г.Р. Кирхгоф   ашқан (1859).

Стефан-Больцман заңы
Австрия физигі И.Стефан 1879 жылы,Л.Больцман 1884 жылы термодинамикалық әдісті қолданып теория жүзінде бір-біріне тәуелсіз абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілетінің' температураға тәуелділігін анықтады. Сондыктан формула Стефан-Больцман заңы деп аталады. Осы занды пайдаланып абсолют қара дененің бетінен бірлік уақытта шығарылатын сәулелік энергия мөлшерін есептеп табуға болады.
Осы заңға сәйкес жылулық сәуленің толык қуатты дененің абсалют температурасының төрт дәрежесіне пропорционал өседі.

Затты қыздырған кездегі оның көзге көрінетін жарық шығаруы Винн және Планк заңымен түсіндіріледі.
500 С-тан бастап жарық шығаруды жай көзбен көруге болады

Мұндағы R - сәуле шығарып тұрған қара дененің энергетикалық жарқырауы

σ шамасы
Стефан-Больцман тұрақтысы
деп аталады.

Планк заңы
— абсолют қара дененің спектріндегі энергияның таралу заңы. Бұл заңды алғаш рет 1900 ж. неміс физигі М.Планк ашты. Планк энергия денеден дискретті (үздікті) порциялар — кванттар түрінде шығады деген жорамал негізінде енгізді.

Ол осы жорамал негізінде абс. қара дененің сәуле шығару заңын ашып, осы құбылысты сипаттайтын классикалық теориядағы қайшылықтарды жойды. 1916 ж. А.Альберт Эйнштейн атомдардағы тепе-теңдік сәуле шығару кезіндегі кванттық өтулерді зерттей отырып, Планк заңын теория жүзінде қорытып шығарды. 

Винн заңы
1877 жылы неміс физигі В.Вин λмах   толқын ұзындығының температураға тәуелділік заңдылыгын ашты. Сонда абсолют қара дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілетінің максимал мәніне сәйкес келетін толқын ұзындығы λмах оның(Т) абсолют температурасына кері пропорционал болады,  яғни:

b=  - Вин тұрақтысы.

Тепловизор
Тепловизорлар
– зерттелініп жатқан обьектінің жоғарғы бөлігіндегі температураны бақылайтын биофизикалық аппарат. Температураның деңгейлері түрлі – түсті шкала түрінде көрінеді. Әр температураның өзіне тән түстері болады. Ережеге сай дисплейде зерттелініп жатқан объектінің беткі бөлігіндегі диапазоны көрінеді. Заманауи тепловизорлардың типтік рұқсаты – 0,1 ,̊С.

ТЕПЛОВИЗОР
БАҚЫЛАУШЫ

Жай ғана өзіне сай не басқа түсті инфрақызыл сәулелер арқылы суретті бейнелейді.
ТЕКСЕРУШІ
Бұдан басқа,
әр пикселге тән температуралық сигналдың жауабын көрсетуге бейім болып келеді
Медициналық тепловизор - адамның терісінің бетінде инфрақызыл сәулеленудің тіркеу арқылы негіздейтін диагностикалық әдіс. Қазіргі кезде тепловизордың көмегімен 100 артық ауруға диагностика жасалынылуда

Медицинада ИК (инфрақызыл) — термография әдісімен адам ағзасындағы қабыну, ісіктер немесе қан айналуының бұзылуы сияқты көптеген ауруларды анықтап тауып, оны емдейді.

Адамның денесінің қызуы - оның биологиялық белсенділігінің ең әмбебап көрсеткіші. Ауруға шалдығудың барлық үлгілеріне - температуралық реакция жатады . Аномалды қызу - ауру үшін бірінші белгі. Температураны өлшеу арқылы барлық дененің және жеке органдардың көрсеткіштері үнемі маңызды болып табылады . Осы факторлардың бәрі тепловизорлық диагностиканың дамуына әкелді.

Тепловизордың қолдану мүмкіндіктері
1968 жылы Тепловизорлар медицинада қолданысқа түсті
1980 жылдарда тепловизорларды әр түрлі ауруларға диагностика жасау әдістері жасалынды. Осы жылдары отандық өнеркәсібімен жасалынған тепловизор ТВ- 03 кең қолданысқа түскен болатын. ТВ- 03 алғашқы нейрохирургияда қолданылған тепловизор.
 
2008-2009 гг. Тепловизорлар тұмау вирусын алдын алуға кең қолданылуда.

Соңғы жылдары тепловизорлар жақсы табыспен диагностикалық және клиникалық орталықтарда қолданылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Т.С.Қожанов, С.С.Рысменде Физика курсы 1-том Механика. Молекулалық физика. Термодинамика. Алматы 2006. 304-336б.
Google.kz;
ru.wikipedia.org;
www.yandex.kz интернет желілері.
Full transcript