Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Құқықтық реттеу механизмі

No description
by

Marzhan Zholdybayeva

on 7 December 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Құқықтық реттеу механизмі

Құқықтық реттеу механизмі
Құқықты реттеу механизмінің түсінігі
Мақсаты:
Субъектілердің мүдделерінің кұндылықтарға кедергісіз бағыт алуын камтамасыз ету (мазмұнды белгісі). Құқықтық реттеу механизмі - бұл табиғаты және функциялары бойынша әр түрлі заңды кұралдардың жүйесі (формальды белгісі).
Құқықты реттеу механизмінің элементтері:
1)
құқық нормасы
- мұнда мүдделерді канағаттандыру үлгісі қалыптасады;
2)
ұйымдастырушылық
- аткарушы акт сиякты шешуші фактімен бірлескен заңды факт немесе фактілік кұрам;
3)
құқықтық қатынас
- бұл жердегі нормативтік талаптар сәйкес субъектілерге қатысты нақтыланады;
4)
кұқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері
- субъектілердің сақтау, атқару және пайдалану нысанындағы әректтері;
5)
қорғаушы, құқық қолданушы акт
- құқықбұзушылық жағдайында қолданылады.

Құқықтық реттеудің тиімділігі
1. Құқықшығармашылықты жетілдіру; мұның нәтижесінде заң шығармашылық техниканың жоғары деңгейіне сәйкес құқық нормаларында қоғамдық мүдделер мен заңдылықтар мейлінше анық
көрініс табады. Бұл кезде заңды және ақпараттық құралдардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай жағдай жасау керек.
2. Құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нәтижелерін толықтырады. Қүқықты қолдану әр бір заңды жағдайдың нақты жағдайларын, өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Құқық шығармашылық пен құқыққолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық
реттеуге икемділік пен кешенділікті береді.
3. Құқық субьектілерінің құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру де құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту процесіне әсерін тигізеді.

Бақылау сұрақтары:
1. Құқытық реттеу механизмінің мәні неде?
2. Құқықтық реттеу механизмінің элементтерін атаңыз.
3. Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі неде деп ойлайсыз?
4. Құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері нелер?
Құқықтық реттеу механизмі
- бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды кұралдардың жүйесі.
Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.
Құқық нормасының белгілері:
1) жалпыға міндеттілігі–ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;
2) формальды анықталғандығы–ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады;
3) мемлекетпен байланысы–оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;
4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат– ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.


Құқық нормасы
–бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған.
Құқық нормаларының түрлері. Заң нормаларының түрлері:
1) реттеуші және құқық қорғаушы;
2) құқық беруші, тыйым салушы және міндеттеуші;
3) императивтік және диспозитивтік.


Реттеуші норма
–бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқық қорғаушы норма
–бұл субъектіге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Тыйым салушы норма
–бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жасадан бас тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма
–бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма
–бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субъектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.
Диспозитивтік норма
– бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.




Құқықтық қатынас категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас– бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.


Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
Құқықтық қатынастардың белгілері:
а) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;
ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;
б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;
в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;
г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.


Құқықтық қатынастардың түрлері:


1) салалық белгісі бойынша
құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып бөлінеді;
2) сипаты бойынша
–материалдық (қаржылық, еңбек және т.б) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) құқықтық қатынастар;
3) құқықтың функциялары бойынша
–реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мәжбүрлеумен және заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады;
4) қатысушыларының құрамына қарай
–жай және күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);
5)субъектілерінің анықталу дәрежесіне қарай
–абсолюттік және қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық қатынастарда тек бір жақ қана–субъективтік құқықты иеленуші– анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;
6) жалпы және нақты құқықтық қатынастар;
жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің–әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің–нәтижесінде пайда болады.





Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы.

Құқық нормасы–бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынас–құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас.
Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:
а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;
ә) құқық нормасы–бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;
б) құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды;
в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді;
г)құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін анықтайды;
д) құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);
е) құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа түседі, яғни, құқықтық қатынас–бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.


Құқықтық қатынастардың субъектілері
–бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі–бұл өзінің құқықәрекетқабілеттігін пайдаланушы құқық субъектісі.



Жеке субъектілер (жеке тұлғалар)
; бұларға азаматтар, азаматттығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құқықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатарында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды және т.б.
Ұжымдық субъектілер;
бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.).


Құқық субъектілерінің
құқыққабілеттігі
және
әрекетқабілеттігі
. Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.
Құқыққабілеттік
–бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Әрекетқабілеттік–бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекетқабілеттіктің келес түрлері болады: толық–18 жастан басталады; жартылай–14 пен 18 жас аралығында болады.
Әрекетқабілеттік
шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.
Құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. Азаматтық құқықтағы құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттіктің ажыратылуын былай түсіндіруге болады:
а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;
ә) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.




Құқықтық қатынастардың объектілері
–бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория. Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қарастырады:


- олардың біріншісіне сәйкес, құқықтық қатынастың объектісі болып тек субъектілердің әрекеттері табылады;
- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сәйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар:
1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік және т.б.);
2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой және т.б.);
3) рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.);
4) құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);
5)бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.).




Құқықты қолдану–
бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:
- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қолданады;
- биліктік сипатқа ие;
- іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады,
- сәйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен байланысты;
- үш кезеңнен құралады:
1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік шындық анықталып, барлық заңды маңызы бар ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;
2) істің заңды негізін анықтау; бұл кезде құқыққолданушы осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтың саласын, институтын және нормасын таңдайды;
3) істі шешу; бұл кезде құқық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды әрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы және нақты қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.



Құқықтық нормаларды қолдану актілері.
Құқықты қолдану актісі–бұл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:
- құзіретті орган шығарады;
- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;
- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъектілерге бағытталған;
- заңмен анықталған өзіне тән нысанға ие.


Құқық қолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:
1) нысаны бойынша–жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұйрықтар және т.б.;
2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты–мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың (мысалығ муниципалды органдардың) актілері;
3) құқықтың функциялары бойынша–реттеуші (мысалы, қызметтік бұйрықтар) және қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы);
4) заңды табиғаты бойынша–негізгі және көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негзгі актілерді шығаруға жәрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).
5) құқықтық реттеу пәні бойынша–қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. актілер;
6) сипаты бойынша– материалдық және іс жүргізушілік.




Утеген Улпан
Халықаралық құқық, 1A
Full transcript