Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Бәсеке және монополия

No description
by

Zhandos Omirzak

on 23 September 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Бәсеке және монополия

Нарық-белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым.

Бәсеке және монополия
Нарық-тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.

Нарық-сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді.
НАРЫҚ
СУБЪЕКТІЛЕРІ

Сатушы
Сатып алушы
Тұтынушы
Нарық субъектілерінің өзара қарым-қатынас түрлері:
БӘСЕКЕ
МОНОПОЛИЯ
Өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке.

Нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар. Бұл тұтынушылар арасындағы бәсеке.

Бұл мемлекеттің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айрықша құқығы.

Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау.

Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта өктем жұргізеді.

Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жұреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар

Батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5- тен аз болмағаны жөн, ал 8-15-тен көп болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты бақыласа, онда нарық монополияландырылған болып табылады

БӘСЕКЕНІҢ ЕРКІН (КЛАССИКАЛЫҚ) ТЕОРИЯСЫ.
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. Оның негізін салушы А.Смит. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII-ші ғасырда XIX-шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін болған.

МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ТЕОРИЯСЫ
Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркін емес, жетілмеген бағалық емес монополиялық бәсеке келді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастинге болды.
Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің бір түрін ерекше байқады: << өнімді дифференциациялау>> үшін. Ол былай деп жазған: Жіктелумен бірге монополия пайда болады және <<жіктелуді ұлғаюына қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды>> барлығында, қайда болса да белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі. Әрбір сатушы өз меншігіндегі өнімге абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір кезде жетілмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестік күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жіктеуге ұмтылады.

БӘСЕКЕ ТӘСІЛІНЕ ҚАРАЙ:
БАҒАЛЫҚ

БАҒА ЕМЕСТІК

Біртекті өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады.

Баға еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы-жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ.

НАРЫҚТЫҢ БӘСЕКЕ СИПАТЫ БОЙЫНША БӨЛІНУІ:
ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ
Кез-келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай рыноктың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын-бидай, көкөніс, жеміс-жидек, т.б.
Жетілген бәсеке нарығы
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ
Көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады. Өнімдері бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы-киім, аяқ-киім, тағам өнімдері, жағармаймен т.б. Бөлшек сауда жасау өте жақын.

ОЛИГОПОЛИЯ
ОЛИГОПОЛИЯ
Бірнеше деген сатып алушылар нарығын көрсетеді, байқалатыны, тіпті, осылардың кейбіреулері нарықтың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті және әр текті болуы мүмкін олигополиялық бәсекені бірдей бір белгісі сол оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесіне есеп құра алмайды. Себебі бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған(мысалы, алюминий, болат, химия өнеркәсібі) немесе жіктелген (мысалы, автомобиль, компьютер, ауылшаруашылық инвентарь, тұрмыстық прибор, т.б.)

ТАЗА МОНОПОЛИЯ
ТАЗА МОНОПОЛИЯ
Нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады және ол өнімді соған жақын ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы мүмкін: жергілікті телефон байланысы, электрі жүйесін жөндеуші және басқада қоғамдық қызмет жасау жүйелері.

Бәсеке-құрылымдық ұғым, ол бақталастық мінез-құлықтық ұғым. Жетілген бәсеке кезінде, бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде бақталастық мінез-құлық нарықта байқалып қалады. Монополия кезінде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің нарығын бақыласа, онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзіде монополист болуы мүмкін, егер оның тауар өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие болмауы да мүмкін, егер оның нарықтық қарқыны басқа өндірушілермен тепе-тең болса. Монополизмге мынандай экономикалық қатынастар типінде жатқызамыз: жекелеген шаруашылық субъектілері өзінің мүдделерін контрагентеріне, жалпы қоғамға жүктеуі мүмкін және олардың өзіне керекті тұтынысын жоққа шығарады.
Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік антимонополиялық органдардың ісі болып табылады.

Назарларыңызға рахмет)))
Нарық түсінгі
Бәсеке және монополия
НАРЫҚТЫҢ БӘСЕКЕ СИПАТЫ БОЙЫНША БӨЛІНУІ
Full transcript