Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері

No description

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемлекеттік және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады.
Заңды тұлға түсінігі
Бір заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғадан айыруға мүмкіндік беретін заңды тұлғаның жекеленуі құралдары аса маңызға ие. Оған мыналарды жатқызуға болады:
1) заңды тұлғаның атауы;
2) заңды тұлғаның мекенжайы;
3) заңды тұлғаның тауарларының, қызметтерінің, жұмыстарының жекелену құралдары.

Заңнамаға сәйкес атауына байланысты мынадай түрлі талаптар қойылады:
1) Заңды тұлғаның атауына оның атауы және ұйымдастырушылық-құқықтық формасының көрсеткіштері енеді;
2) Заңнамада қарастырылған қосымша ақпаратты құрамына енгізуі мүмкін (мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорының атауында міндетті түрде ЖЗҚ деген аббревиатура болуы қажет);
3) Құрылтайлық құжаттарда көрсетіледі;
4) Заңнаманың талаптары мен қоғамдық моральға қарсы келетін атауларды, өзіндік аттарды қолдануға тыйым салынады;
5) Мемлекеттік орган болып табылмайтын фирмалық атауларда, қызмет көрсету белгілерінде, заңды тұлғалардың тауарлық белгілерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми атауларын қолдануға тыйым салынады;
6) Заңнамамен бекітілген басқа талаптар.

Заңды тұлғаның атауы
Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғалардан ажыратып тұратын өзінің атауы болады. Коммерциялық ұйымның атауы тіркеуден өткеннен соң оның фирмалық атауы болып табылады. Басқа заңды тұлғаның атауын қолдануға болмайды.
Мүліктік оқшаулық
Заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада меншік құқығы, шаруашылықты жүргүзу немесе оралымды басқару құқығы болып отыр. Комерциялық ұйымдағы дербес балансын мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Ұйымдасқандық бірлігі
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттары мен міндеті, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесі бар ұйымдық бірлік.
Заңды тұлғаның жекеленуі
Заңды тұлғаның белгілері:
Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері
Орындаған: Қайратова Алуа, Ю-21к
Тексерген: Ахтышхан А.Е

Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құрылуына, қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады.

1. Ұйымдасқандық бірлігі;

2. Мүліктік оқшаулығы;

3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;

4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Дербес мүліктік жауапкершілік
Бұл заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар АК 44- бабының 1- тармағына сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілермен тағайындалуы мүмкін.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.
Азаматтық айналымға өз
атынан қатынасуы.
Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.
Заңды тұлғаның мекенжайы ретінде оның үнемі қызмет етуші органының мекенжайы саналады. Мекенжайы құрылтайлық құжаттарда толық пошталық адресімен бірге көрсетіледі. Үшінші бір тұлғамен қатынас кезінде заңды тұлға өздерінің бірыңғай мемлекеттік тіркелімдегі енгізілген нақты мекенжайының сәйкес емес екендігін айтуына құқығы жоқ. Осылайша, үшінші тұлғалар заңды тұлғаларға пошталық немесе басқа да корреспонденцияны мемлекеттік тіркелімдегі енгізілген мекенжай бойынша да, нақты мекенжайы бойынша да жіберуге құқылы.
Заңды тұлғаның мекенжайы
Заңды тұлғаның тауарларының, қызметтерінің, жұмыстарының жекелену құралдарына мыналар жатады: тауарлық белгі, өндірістік марка, қызмет көрсету белгісі, тауардың шығу жерінің атауы.
Заңды тұлғаның тауарларының, қызметтерінің, жұмыстарының жекелену құралдары.
Заңды тұлғаның тоқтатылуы
Заңды тұлғалардың қызметтiң тоқтатылуының бiр түрлерiнiң жіктелімінің 2 белгiсiн ерекшелеуге болады – субъекттiң қызметiнiң тоқтатылуы туралы шешiм алған органға байланысты немесе заң мирасқорлығының бар болуына байланысты.
1) Өз еркімен, яғни заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған органға байланысты тоқтату, бұл органдар оны құрылтайлық құжаттар негізінде жасайды (кейбір жағдайларда құзырлы мемлекеттік органдардың рұқсатымен);
2) Басқарушылық (күштеп), яғни:
- заңды тұлғаның құрылтайлықшыларының(қатысушыларының) шешімі бойынша;
- құзырлы мемлекеттік органдардың шешімімен;
- сот шешімі бойынша.

Заңды тұлғаның қызметін
тоқтату туралы шешім қабылдаған
органға байланысты мыналарды атауға болады:

1) Қайта ұйымдастыру – заңды тұлғаның қатыстық тоқтатылуы, азаматтық айналым барысында оның мүліктерінің қызметін сақтау үшін және оның азаматтық құқықтары мен заңда қарастырылған басқа да нормативтік актілерінің басқа тұлғаға ауысуы;

2) Жою – заңды тұлғаның абсолюттік түрде жойылуы, оның азаматтық құқықтары мен заңда қарастырылған басқа да нормативтік актілерінің басқа тұлғаға ауысуына болмайды.

Салдары жағынан алып қарайтын
болсақ, заңды тұлғаның тоқтатылуын былайша ажыратады:
Full transcript