Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Тыңайтқыштар

No description
by

Abylai Abenov

on 6 December 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Тыңайтқыштар

Фосфор тыңайтқыштары.
Фосфор — барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады.
Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді (5-сызбанұсқа).
Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді.
Калий тыңайтқыштары.
Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.
Калий, К – элементтердің периодтық жүйесінің I тобындағы химиялық элемент. Ат. н. 19; ат. м. 39,102; балқу t 63,55•С; қайнау t 760•С; тығыздығы 0,862 г/см3. Калийді 1807 ж. ағылшын химигі Г.Деви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл, жұмсақ, оңай балқитын металл. Негізгі минералдары сильвин, карналлит, кайнит. Табиғатта тұрақты екі изотопы 39К, 41К және бір радиоактивті изотопы 40К бар. Таза Калийді оның балқыған қосылыстарын (KОН, KCl) электролиздеп не осы балқымаға Na қосып, КОН(KCl)+Na=NaOH(NaCl)+К реакциясы бойынша өндіреді. Калий ауадағы оттекпен жақсы әрекеттесіп, К2О – оксид, К2О2 – пероксид, КО2 – асқын пероксид түзеді. Барлық металлоидпен, сумен, спирттермен жақсы әрекеттеседі, суда жанады. Таза Калий зертханада, синтетикалық каучук алуда, катализатор ретінде, су асты мен ғарышта асқын пероксидтен (4КО2+СО2=2К2СО2+3О2) оттек алу үшін қолданылады. 42К жасанды изотопы – химияда, медицинада және биологияда қолданылатын радиоактивті индикатор. Калий қосылыстары тыңайтқыш ретінде сіріңке, оқ-дәрі, ем-дәрі жасау, сабын өндіру, т.б. үшін пайдаланылады
Тыңайтқыштар
Тыңайтқыштар — құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты.

Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады.

Топырақтағы өсімдікке қоректік элементтердің көпшілігі өсімдік сіңіре алмайтын қосылыс түрінде, мәселен, 1 гектар күлгін және қара топырақта 3...100 тонна азот қоры бар, осының 1 проценттейі ғана өсімдікке сіңімді түрде болады. Еліміздің әр түрлі топырақтары өзінің физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлығы және жалпы энергиясы жағынан үш класқа бөлінеді: бірінші, екінші класқа қара топырақтар, үшінші класқа сұр топырақтар жатады.
Азот тыңайтқышы.
Құрамында қоректік элемент — азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді. Азот тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді (4-сызбанұсқа). Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар — ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15—16% болады. Аммоний сульфатында (NH4)2S04 21%-ке дейін коректік элемент — азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі— карбамид (мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады.
SIDE A
SIDE B
Тыңайтқыштар
THANK YOU!
Тыңайтқыштар
Full transcript