Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

No description
by

Marzhan Kadyrbayeva

on 26 September 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Жоспар:
Кіріспе
Саяси жүйе
Негізгі бөлім
1. ҚР саяси жүйесінің функциясы
2.Президенттік институт
3. Парламентаризм
4. Саяси партиялар
5. БАҚ
Қорытында
Саяси жүйе
Қоғамның саяси жүйесі - бұл нақты саяси функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Бұндай институттарға мыналар жатады: мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және ядросы билікті басып алу, ұстап қалу және пайдалану болып табылатын қоғамдық өмірдің сол сферасына қатысатын кәсіподақтар мен басқа да ұйымдар мен қозғалыстар.
ҚР саяси жүйе қызметінің функциясы
Саяси жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын – Президенттік институттың қалыптасып, дамуы, оның бедел алуы ұзақ, күрделі процесс. Сөз жоқ, президенттік институттың қоғамның саяси жүйесіне етене, икемді, ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кірігіп кетуі, саяси бейімделуі бедел алуы уақытты, тәжірибені, үлкен заң шығарушылық қыз­метті қажет етеді. Бұл процестер біздің елімізде терең саяси тартыстарсыз, саяси сілкіністерсіз, эволюциялық жолмен өтті.
Парламентаризи
Парламенттің нығаюымен бірге, парламентші­лердің өздері де өсіп, саяси, демократиялық, интеллектуалдық құқықтық, рухани тұрғыдан толысып, кемелденді. Олар парламентаризм мектебі аясында елдегі күрделі қоғамдық қатынастардың табиғатына үңіліп, зерделеп, ондағы қайшылықтарды, заңмен реттелмеген проблемаларды көріп, талдауды, елдегі кезек күттірмейтін, халықты алаңдатып отырған әлеуметтік-экономикалық, рухани өзекті мәселелерді Үкімет алдына қойып, шешілуін талап етуді игерді.
Саяси партиялар
Қазақстандағы демократиялық үдерістерді тереңдетуге, саяси партиялардың қызметін жандандырып, олардың мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуына кең құқықтық өріс ашуда. Қазақстан Парламенті 1998 жылғы 7 қазанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының орны ерекше болды. Заң – ең алдымен, Парламент Мәжілісіне 10 депутаттың партиялық тізім­дер негізінде сайланатынын анықтап, Парламентке барлық саяси партиялардың өз өкілдерін жіберуіне және сайлаушылардың өздерінің саяси еркін, толығырақ және баламалы таңдау негізінде жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Осы демократиялық қадам барлық саяси партиялар өміріне үлкен қозғалыс әкелді
Бұқаралық ақпарат құралдары
Саяси жүйелердің түрлері: пайда болған қандай да бір әлеуметтік ортасының сипатына қарай тоталитарлық, либеральды-демократиялық және аралас саяси жүйелерге бөлінеді; өзара әрекет ету сипаты бойынша - ашық және жабық саяси жүйелерге бөлінеді. ҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі демократиялық болып табылады
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге саяси, территориялық (аумақтық), құрылымдық бірлестік ретінде кіреді және өз функцияларын басқа да әлеуметтік инстиуттармен, партиялармен, кәсіподақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші орын алады
Саяси жүйе сөздің кең мағынасында – белгілі бір қоғамдағы билік қатынастарының іс жүзінде анықталынып, қабылданып, орындалуының тұрақты формасы. Ол – елдегі бүкіл саяси өмір, саяси қатынастардың және саяси институттардың жиынтығы.
– Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару;

– қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру;

– қоғам мүшелерін әлеуметтендіру;

– артикуляция –яғни, қоғамдағы әртүрлі таптардың, топтардың мүдделерін анықтау, бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары қызметінде еске алуына жетісу және тағы басқалары.
Еліміздің саяси жүйесі құрылымындағы жаңаша түбегейлі түзілу мен түрленудің мәні мен мазмұнын мыналар­ға келіп саяды:
– ең алдымен, еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс істейтін Парламент, көппартиялылық, азаматтық қоғам институттары Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет жасауы;
– қоғамдағы демократия мен сөз бостандығының даму деңгейі мен пәрменділігінің басты көр­сеткіштерінің бірі тәуелсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;
– Қазақстанда бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып, дамуы және олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құ­қықтық негіздердің нығаюы;
– халықаралық танымал демократиялық институттар негізінен біртіндеп мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;
– биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселе­лерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі.
Президенттік институт
Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың қызметіне келсек, жиырма жылдан астам уақыт президенттік институттың ұтымды жақтарын көр­сетіп берді.
Біріншіден, Президентті бүкіл халықтың сайлауы, бүтіндей алғанда, саяси жүйенің демократиялық легитимділігін көрсетеді, өйткені, Президент қызметі қашан да көпшілік сайлаушылардың мүддесін білдіреді.
Екіншіден, билік тармақтарының аражігінің анықталып, президенттік институттың қызметі демократиялық саяси жүйедегі әртүрлі шектеулер мен өкілдіктер арқылы саясат таразысын тең ұс­тауға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, бүкілхалықтық сайлау арқылы сайлаушылар саяси жүйенің бүкіл қызметіне принципті, жанды өзгерістер енгізе алады, саяси құндылықтар мен басымдықтарда сабақтастықты қалыптастырады.
Қазақстанның егеменді мемлекет кезеңінде саяси жүйенің құрылымдық дамуындағы сапалық өзгерістердің бірі – оның құрамдас бөлімі ретіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) жаңа, өскелең рөлі. Еліміздің саяси жүйесіндегі БАҚ-тың институттану үдерісі тегеурінді жүріп жатыр. Ол аса маңызды көпсалалы, көпқырлы әлеуметтік-саяси, ақпараттық, қоғамды топтастыру және әлеумет­тен­діру, танымдық және білім берушіліқ, қоғамдық пікірді қалыптастыру функцияларын атқаратын, демократиялық, азаматтық, саяси және идеологиялық әр алуандықты білдіретін институт ретін­де түзілуде деп айтуға толық негіз бар.
Саяси жүйе қызметін жетілдірудегі алдағы саяси кезеңдегі ең басты проблема, біздің ойымызша, – он құрамындағы орталық және жергілікті өкілді органдардың ролін нығайтып, билік тармақтары арасындағы шынайы, тежемелік, әрі тепе-теңдік механизмді жетілдіру. Бұл ретте біз Қазақстандағы саяси транзиттің және саяси жүйенің даму перспективаларына өз зерттеулерінде сындарлы талдау жасаған М. Әшімбаевтың «биліктің үш тармағы арасындағы өзара қатынастардың келесі кезеңі, сірә, өкілді биліктің күшеюімен сипатталатын болады. Басқа сөзбен айтқанда ел Парламенті орта мерзімдік перспективада үлкен өкілетті және функционалдық толық салмаққа ие болады деп күту керек» деген болжамы дұрыс және қо­ғамымыз дамуының терең мүдделеріне сай келеді деп есептейміз.
Президент Н. Назарбаев 2011 жылғы президент­тік сайлау алдындағы бағдарламасында және ұлықтау рәсіміндегі сөзінде еліміздің саяси жүйесін демократияландыру, Парламенттің өкілдіктерін кеңейту және оның құрамына бірнеше партиялар өкілдерінің сайлануы мәселесін көтерді. Парламент­тің мемлекеттік бағдарламалардың (мысалы: индустриялы-инновациялық, білім, денсаулық және т. б. ) орындалуына бақылау жасау керектігін айтты. Бұл, біздің пікірімізше, келешекте Парламент өкіл­діктерін кеңейту жөнінен заңнамалық өзгеріс­терге батыл баруды қажет етеді. Демек, бұл шаралар келешекте халық билігін демократияның мә­ні, мақсаты ретінде нығайтудың сара , өрісті жолы бо­лады деген сөз.
Full transcript