Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Дәлелдемелер мен дәлелдеу

No description
by

Azamat Soltanov

on 20 December 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Дәлелдемелер мен дәлелдеу

Дәлелдемелер және дәлелдеу
Сотта қараудың мақсаты- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Соттың зерттеуі жанама түрде- куәлардың көрсетулері, құжаттарды зерттеу және с.с. жанама зерттеулер арқылы жүзеге асырылады.
Сотта дәлелдеу- соттың жанама анықтау қызметі

Дәлелдеу нысанасы
- істі шешу үшін сот анықтауы тиіс деректердің жиынтығы.
Сот дәлелдемедері
Сотта дәлелдеу
Дәлелдеуден босатылған мән-жайлар ( ҚР АІЖК 71-бабы)

Жалпыға белгілі
- көпшілікке белгілі мән-жайлар, мысалы, тарихи деректер. Жалпыға белгілілік-салыстырмалы түсінік, сондықтан сотқа әрбір нақты жағдайда қайсы бір деректі жалпыға белгілі деп тану немесе танымау құқығы берілген. Осыған байланысты сот негізді шешім қабылдауы тиіс.

Преюдициялды
- соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімі мен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол тұлғалар қатысатын басқа азаматтық істерді қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді; соттың қылмыстық іс бойынша енген талапты қанағаттандыру туралы үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті.
ДӘЛЕЛДЕМЕ РЕТІНДЕ ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙТЫН НАҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Нақты деректер

-
заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы, немесе істі сотта қарауға әзірлеу кезінде, немесе сотта қарау барысында азаматтық іс жүргізудің өзге де ережелерін бұза отырып алынған дәлелдемелерді пайдалануға жол берілмейді. ( ҚР АІЖК-нің 69-бабы)


Күш қолдану, қорқыту, алдау заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып алынған;
Нақты азаматтық іс бойынша іс жүргізу әрекеттерін атқаруға құқығы жоқ;
Қарсылық білдіруге жататын тұлғаның іс жүргізу әрекетіне қатысуы арқылы алынған;
Іс жүргізу әрекеттерінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып алынған;
Белгісіз қайнар көзден немесе сот отырысында анықталуы мүмкін емес алынған;
Дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған ( олар нақты деректердің растығына әсер етсе, немесе әсер етуі мүмкін болса).

СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ

Дәлелдемелер
-
заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтатын заңды түрде алынған нақты деректер.

Дәлелдеу құралдары
-
олардың көмегімен дәлелдемелердің қайнар көздерінен деректік мәліметтер алу жүргізілетін арнайы іс жүргізушілік құралдар.
Сотқа қажетті деректер жайлы мәліметтер
Дәлелдемелік деректер- әдеттегі тәртіппен анықталған, кейіннен сот дәлелдеу нысанасының бар екендігін дәлелдейтін заңды деректер мысалы, егер келтірілген зиянды өндіру туралы талап бойынша- зиян келтірілген орында жауапкердің болмағаны анықталса, онда оның зиян келтіруде кінәсі жоқ екендігі қорытынды жасалуы мүмкін.
Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ( ҚР АІЖК-ң 78-б.);
Куәнің айғақтары ( ҚР АІЖК-ң 79-б.);
Жазбаша және заттай дәлелдемелер ( ҚР АІЖК-ң 81, 86-бб.);
Сарапшылардың қорытындылары ( ҚР АІЖК-ң 96-б.).

СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІН ЖІКТЕУ
Алыну қайнар көзі бойынша
Жеке-
қайнар көздері адамдар б.т.

Заттай-
қайнар көздері материалдық құндылықтардан алынады.
Қалыптасу әдісі бойынша
Алғашқы
-
бірінші қайнар көздерден алныған.
Өндірмелі-
"екінші қолдардан" алынған дәлелдемелер ( мән-жайды өзі көрмеген, бірақ басқа адамнан естіген куә).
Қорытындылау сипаты бойынша
Тікелей
-
олардан дәлелдемелік деректердің бар болуы туралы нақты қорытынды жасау мүмкін болатын дәлелдемелер
Жанама-

олардан дәлелдемелік деректердің бар болуы туралы болжамалы қорытынды жасау мүмкін болатын дәлелдемелер
Жанама дәлелдемелерді қолданудың тәжірибеден туындаған ережесі
Жанама дәлелдемелердің негізінде нақты қорытынды жасау үшін олар біреу емес, бірнеше болуы қажет;
Олардың әрқайсысынің нақтылығы күмән тудырмауы қажет;
Олардың жиынтығы дәлелдеу деректері туралы бір ғана мүмкін қорытынды жасауға негіз беретін нақты жүйеден тұруы керек.

СОТТА ДӘЛЕЛДЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Сотта дәлелдеу-
сотпен іске қатысушы тұлғалардың іс бойынша мән-жайларды анықтау мақсатындағы қызметі. Бұл бір уақытта іс жүргізушілік және логикалық қызмет.

Дәлелдеу субъектілері

Іске қатысушы тұлғалар делелдеме жинау және зерттеуге белсене қатысады. Әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайды дәлелдеуі. ( ҚР АІЖК-нің 65-бабы)
Дәлелдемелерді бағалау бөлігінде сот-істе бар дәлелдемелерді олардың қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиалған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануы тиіс ( ҚР АІЖК-нің 65-бабы)
Міндеттері
Дәлелдемелерді зерттеуді сот іске қатысушы тұлғалармен бірге жүзеге асырады.
Дәлелдемелерді бағалау- тек соттың құзырына жатады.

Дәлелдеудің жалпы ережелері
Қатыстылығы

ережесі бойынша, егер дәлелдеме үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын, не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды
Дәлелдемелерге жол беру

ережесі бойынша, заңда көзделген тәртіппен алынса дәлелдемеге жол беруге болыда дептанылады. Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталмайды.
Дәлелдеу міндеті

әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән жайларды дәлелдеуі тиіс. Қылмыстық іс жүргізуден ерекшелігі жауапкер бұзған құқықты куәландырушы мән жайларды дәлелдеу міндеті талап қоюшыға жуктеледі. Азаматтық іс жүргізуде сәйкестік емес презумпциясы орын алады.
Дәлелдеу кезеңдері
Дәлелдемелерді айқындау, жинау және ұсынуды

тараптар мен іске қатысушы тұлғалар жүзеге асырады(тараптар және іске қатысушылар қосымша дәлелдемелерді табыс етуге құқылы)(66 б.)
Дәлелдемелерді айқындау, жинау және ұсыну соттың

істі сотта қарауға әзірлеу

қызметімен тығыз байланыста.
Талап арызында, шағымдар мен арыздардағы мән жайлар; сот олармен танысу барысында егер олардағы мәліметтер жеткілікіз немесе түсініксіз деп есептелсе, талап қоюшыларға шағым немесе арыз берушіге кемшілікті түзету үшін мерзім береді.
Дәлелдемелерді айқындау және бекіту құралдары
Сот тапсырмалары
-
істі қараушы сот іске қатысушы тұлғалардың басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінімін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір жүргізу әрекетін атқаруға тапсырмабереді; (72 б.)
Дәлелдемелерді қамтамасыз ету-
өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық тудырады деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы тұлғалар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады. (74 б.)
Дәлелдемелерді сұратып алу-

тараптар мен іске қатысушы тұлғаларға дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға көмектеседі (66 б. )

Дәлелдемелерді зерттеу

Сотта дәлелдемеледі зерттеу-

оның тікелей қабылдау, бір дәлелдемені басқасының көмегімен тексеру, қарама қарсы қайшылықтарын жою. Дәлелдемені зерттеуге сот және барлық іске қатысушы тұлғалар қатысады.
Дәлелдемелерді зерттеу құралдары
• Сот тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерін тыңдайды , сот және іске қатысушы тұлғалар тараптарға және үшінші тұлғаларға сұрақтар қоя алады;
• Куәлар мен сарапшылардан жауап алынады, қажет болған жағдайда сот олардың айғақтарында қайшылықтарын анықтау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді;
• Жазбаша дәлелдемелер сот отырысында жария етіледі және іске қатысушыларға, сот өкілдеріне, ал қажет болған жағдайда сарапшыға, маманға және куәлерға көрсетіледі;
• Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар іске қатысушы тұлғаларға, сот өкілдеріне, ал қажет болғанда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі;
• Сотқа ұсынылулы қиын немесе жеткізуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі; қарау іске қатысушы тұлғалармен, қажет болғанда куәлармен және сарапшымен жүргізіледі.

Дәлелдемелерді бағалау
Дәлелдемелерді бағалау-
тиісті сот қаулысында бекітілген дәлелдеменің күші және маңызы, шындыққа сәйкестігі туралы соттың құқықтық салдары бар соңғы тұжырымы. Әрбір дәлелдеме-
қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы жеткілікті
тұрғысынан бағалануға тиіс.
Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән жайлар туралы ақиқаты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу ушін жеткілікті б.т.. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды, тіпті сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды және бағалаудың жалпы ережелерімен бағаланды.
Дәлелдеу құралдарының түрлері
Тараптар және заңды тұлғаның түсініктемелері;
Куәнің айғақтары;
Жазбаша дәлелдемелер;
Заттай дәлелдемелер;
Сарапшының қорытындысы.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері
Тараптардың және үшінші тұлғалардың

іс үшін маңызы бар өздеріне белгілі мән жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Талапты тану-
тараптың талабын немесе қарсылығын негіздейтін деректерді екінші тараптың мойындау ол тарапты осы деректерді одан әрі дәлелдеу қажееттілігінен босатады.
*
Талапты тану-

(материалдық құқыққа билік ету актісі болғандықтан дәлелдемеболып табылмайды);
*
құқықтық қатынасты тану; деректі тану;
*
Құқықтық қатынасты немесе деректі тану-

басқа тарап сілтеме жасайтын белгілі бір деректер мен мән жайларды растайтын болғандықтан дәлелдеме ретінде қарастырылады.

* Сотта тану
-
ол тарапты осы деректерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатылады; Соттан тыс тану-сотқа дейін немесе соттан тыс жасалған тану. Сот үшін күші жоқ және оған сілтеме жасап отырған тұлға дәлелдеуі тиіс.
*
Қарапайым тану
-
қандай да сілтеме немесе шарттардан тұрмайды; Білікті тану-тануды ішінара жоятын сілтеме. Білікті тануды жүзеге асырған тұлға сілтеме жасаған мән жайларын дәлелдеуі тиіс.

Куәнің айғақтары

Куә

болып, іс үшін маңызы бар мән жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға табылады. Сотқа кәмелетке толмаған тұлғаны шаұыру туралы мәселені шешу соттың құзыретіне жатқызылады. Куәнің айғағы , егер өзіне мәлеім мән жайды алу қайнар көзін көрсете алмаса, дәлелдеме болып саналмайды.
Куә ретінде жауап алуға жатпайтын тұлғалар:

* Айғақ беруге қабілетсіз тұлғалар;
* Сот өкілдері немесе қорғаушылары;
*Судья;
* Аралық судья немесе төреші;
*Дін қызметшілері;


Куәнің міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері

Міндеттері


куәні шақыру туралы өтінім жасаған адам оның
тегін, атын, әкесінің атын
және

тұратын жерін

немесе

жұмыс орнын

хабарлауға, бұл куәдан
жауап алу қажеттілігін
негіздеуге;

куә ретінде шақырылған адам сотқа
тағайындалған уақытта келуге

және
шынайы айғақ

беруге.

Құқықтары



Адам
өз өзіне,

зайыбына (жұбайына)
және шеңбері заңмен белгіленетін
жақын туыстарына
қарсы сотта куәлік айғақ беруден бас тартуға;
науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің
немесе басқа да
дәлелді себептерінің салдарынан
соттың шақыруына
келуге
жағдайды болмаса, тұрып жатқан жері бойынша жауап алуды сұрауға;
сотқа шақыруына байланысты
шығындарды өтеттіруге
және уақытын жоғалтуына байланысты
ақшалай өтемақы алуға.

Жауапкершілігі
-
көпе көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден
бас тартқаны немесе жалтарғаны
үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 252, 253 баптары бойынша.

Жазбаша дәлелдемелер

- іс үшін бар мән жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер құжаттар іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар.
Актілер
Құжаттар
Іскерлік сипаттағы хаттар
Жеке сипаттағы хаттар(переписка)
Әртүрлі ақпараттарды техникалық тасымалдаушылар
Дыбыс немесе бейне жазбалар(іске қатысушы тұлғаның пікірлерін ескере отырып, ұсынылған)


Жазбаша дәлелдемелер
Құрметті Гүлнұр Керейқызы, назарыңызға рахмет!

Орындаған МП-301 тобының студенттері




*Ағайдарова Нұрдана *Базарханова Даяна *Шаих Айдана
Full transcript