Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Жүре пайда болған жүрек ақаулары

No description
by

Kuanish Suleymenov

on 20 December 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Жүре пайда болған жүрек ақаулары

Инфекциялық эндокардит
Инфекциялық эндокардит эндокардттың әр түрлі бактериялар әсерімен қабынуы. Дербес нозологиялық дерт болғанымен. Ол көбінесе іштен туа біткен не жүре біткен жүрек ақаулары, митралдық қақпақшаның пролапсы бар балаларда кездесетін ауру.

Жүре пайда болған жүрек ақаулары бұл жүректің қақпақшаларының зақымдануы. Жүре пайда болған жүрек ақаулары көбінесе ревматизмнен кейін дамиды
Этиологиясы. Патогенезі.
Бактериалдық эндокардитті қоздырушы микроорганизмдердің 119түрі бар, бірақ олардың ішінде ең жиі кездесетіні жасыл түсті стрептококк пен стафилакокк.
Негізгі факторлар ауруды шақырушы микроорганизммен макроорганизмнің иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Осы екеуінің өзара байланысы аурудың басталуы, ағымы мен бітуін түгел қамтиды. Морфологиясында жүректе, басқа мүшелерде өзгерістер табылады. Жүрек қақпақшаларында деструкция, перфорация, жармасының жараланғаны, хордалардың үзілгені, тромб түзілгені табылады. Миокардта көбінесе іріңдеген ошақтар болады.

Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
Көбінесе ревматизмге байланысты шығатын ақау, алайда басқа себептерден де өріс алатындығы белгілі.

Гемодинамикалық бұзылыс қолқа қақпақшалары жабылмайтындықтан диастола кезінде қанның сол жақ қарыншаға кері қайтуымен сипатталады.Осыған байланысты онда гипертрофия орын алады. Шет жақтағы тіндерге артериялық қан аз барады. Гипертрофияланған миокардқа коронарлық тамырлар арқылы қан жетуі азаяды.

Клиникалық белгілері төстің сол жақ қыры бойында анық естілетін және II тонмен тікелей байланысты құйылған су дыбысы тәрізді протодиастолалық шу.
Жүрек көлемі сол жаққа кеңиді. Ұйқы және шап артериялары тұсында Дюрозье қос шуы,Траубе үш тоны естіледі. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы, ФКГ-да II тонмен тікелей байланысты диастолалық шу жазылады. ЭХОКГ-сол қарынша гипертрофиясы диастолада қолқа қақпақшасы жармаларының бір-бірінен айырылып кеткені регургитация байқалады.

Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
Трикуспидалдық қақпақшаның жетіспеушілігі ревматизмнің толассыз қайталайтын ағымында кездеседі және ол көбінесе митралдық қолқа қақпақшаларының ақауларынан соң пайда болады. Ревматизммен байланысы жоқ трикуспидалдық қақпақша ақауы біраз жағдайда бұғана асты венасына кататер қою нәтижесінен пайда болған бактериалды эндокардитпен байланысты болады.Кей жағдайларда іштен туа біткен ақаулар да болуы мүмкін

Гемодинамикалық бұзылыс қанның оң жүрекшеге қайта баруымен байланысты, сөйтіп төменгі және жоғарғы қуыс веналарда қанның көп жиналуы және іркілуі байқалады. Осыған орай бауыр көлемінің ұлғаюы, жүректің оң жақ бөлігіне ауыртпалықтың көп түсуі айқын көрінеді.

Митралды қақпақшаның жетіспеушілігі
Эндокардиттің,оның қайталануының салдары-митралды қақпақшаның ақауы, яғни мүкістігі. Гемодинамикалық тұрғыдан қарағанда
қосжармалы қақпақшаның систола кезінде сол қарыншадағы қанды кері қарай қайта жіберуі

Қақпақшаның жарамсыздығы біраз уақыт бойы жүректің артық жұмысымен компенсацияланып жүреді, бірақ жүрек күші азайғанда кіші қан айналыс шеңберіне әсіресе өкпеге ауыртпалық көбейіп жалпы қан айналыс бұзылады.

Жүре пайда болған жүрек ақаулары

Жүре пайда болған жүрек ақауларының негізгі себептері
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

Инфекционды эндокардит

Қақпақшалардың дәнекер тіндерінің дегенеративті және дистрофиялық өзгерістері.

Жүректің ишемиялық ауруы

Кеуде қуысының жарақаты

Ревматизм дәнекер тінінің, оның ішінде әсірсесе жүрек,қантамырлар және буындарды зақымдайтын инфекциялық аллергиялық ауру. Дерттің ерекшелігі оның қайталап отыруы және үдей түсетіндігі. Дер кезінде емделмесе ауру жүрек қақпақшаларын зақымдайды, миокардта дистрофия және склероз қалдырып, бала жүрегінің жұмысы мен бүкіл қан айналысының бұзылуына әкеледі
Қолқа сағасының тарылуы(стеноз)
Көбінесе қолқа қақпақшаларының жетіспеушілігінен кейін қосылатын ревматизмдік ақау.
Гемодинамикалық тұрғыда систола кезінде қан қолқаға түгел кете алмайды да сол қарынша миокардында гипертрофия орын алады. Сонымен қатар коронарлық қантамырларға қан әдеттегіден аз барады.

Негізгі клиникалық белгісі төстің сол жақ қырында, қабырға аралығында естілетін үрлеген үлкен систолалық шу. Осы шу ұйқы артериясына жақсы тарайды. ЭКГ сол қарынша гипертрофиясы, миокард ишемиясы,ФКГ да систолалық шу. ЭХОКГ-да қолқа қақпақшалары жармаларының бір-бірінен айырылуының азайғаны, олардың жабысып қалуы, қанның қолқа сағасындағы турбуленттік ағымы көрінеді.


Клиникасы
Корвало-Рриверо систолалық шуы естілуімен белгілі. Бұл шудың төс сүйектің төменгі тұсында немесе төс сабының үстінде тынысты шығарғанда анық естіледі. ЭКГ-да оң жүрекшенің гипертрофиясы,ФКГ –да систолалық шу жазылады. ЭХОКГ-да үшжармалы қақпақшаның систола кезінде оң жүрекше жағына ығысуы, регургитация көрінеді.
Full transcript