Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

РОЗИДТЕР КЛАС ТАРМАҒЫ - ROSIDAE

No description
by

Tursybaeva Talshyn

on 12 March 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of РОЗИДТЕР КЛАС ТАРМАҒЫ - ROSIDAE


Розидтер клас тармағына
кіретін қатарлар сырт пішіні, гүлінің құрылысы мен және анатомиялық вегетативті мүшелері ерекшеленеді. Олар жалпы шығу тегімен және табиғи таксонды құрайды да қосжарнақты тармақтармен береді.
Розидтер клас тармағы 18 қатары біріктіреді.
Қатарлар:
Тасжарғандар - Saxifragales
Розидтер - Rosales
Бұршақтылар - Fabales
Қазтамақтылар – Geraniales
Аралиевтілер - Araliales
Итшомыртылар – Rhamnales

Розидтер қатары - Rosales
Rosales – қатарында 16 тұқымдас бар.
Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceae - 115 туыс, 3 000 түрлер, ҚР -35 түрлер.
Таралуы: олар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде таралған, кейбіреулері оңтүстік ендіктерде де өседі.
Тіршілік формалары: ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер.
Ерекшеліктері:
1. Гипантияның болуы
2. Жапырақтарында жапырақ серік терінің болуы
3. Кейде гүлдерінің астында тостағанша астыжапырақшаларының болуы
4. Әсіресе шөптесің формаларында
5. Гүлдері барлық уақытта актиноморфты, цикілді
6. Гулсерігі қосарланған 5-мүшелі және ♂ көп мүшелі, олар бес қатар шеңбер түзіп орналасады.
Жемістері жай және жинақты. Жапырақтары қарапайым және күрделі, жапырақ серігі бар немесе жоқ, қауырсынды және саусақ – салалы жүйкеленген болып келеді.

Rosaceae тұқымдас
тармақтары
Раушангүлдiлер бунақденелiлермен айқас тозаңданады.
Раушангүлдiлердiң жемiстерi де алуан түрлi. Олардың жемiстерi құрғақ және шырынды болады. Сонымен раушангүлдiлерден жалған жемiстердiң әртүрлi формаларын кездестiруге болады. Раушангүлдiлердiң әртүрлi өкiлдерiнде аналықтарының саны бiрдей болмайды. Бiр түрлерiнiң гүлдерiнде бiр ғана аналық болады, мысалы, шиеде(вишня - Cerasus), қараөрiкте(cлива - Prunus), сарыөрiкте(абрикос - Аrmeniaca), шабдалыда(персик - Persica), мойылда(черемуха - Padus) және тағы басқалары да. Мұндай гүлдерден сүйектi шырынды жемiс түзiледi. Екiншi бiр түрлерiнiң гүлдерiнде аналықтарының саны көп болады. Бұл жағдайда аналықтар гүл табанының орталық бөлiгiнде орналасады. Мұндай аналықтың әрқайсысынан кiшкентай жемiс пайда болады. Ал тұтастай гүлден көптеген жаңғақшалар - құрғақ жемiстер немесе көп сүйектi шырынды жемiстер пайда болады. Мұндай құрғақ жемiстердi қазтабаннан (лапчатка - Potentilla), ал шырынды жемiстердi таңқурайдан (ежевика, малина - Rubus) кездестiремiз.
Әдетте аналықтары көп болып келетiн гүлдердiң табаны жемiстерiнiң пiсiп жетiлуiне байланысты ұлғайып шырынданады. Бұл орман бүлдiргенi(земляника лесная – Pragаria vesca) мен итмұрындарда(шиповник - Rosa) айқын байқалады. Алма(яблоня - Malus), алмұрт(груша - Pyrus), шетен(рябина - Sorbus), долана(боярышник - Crataegus) секiлдi түрлерiне жемiстiң ерекше түрi - алма жемiс тән. Раушангүлдiлерге жататын өсiмдiк гүлдерiн формула түрiнде жазуға болады.

Бұршақтар қатары - Fabales
Бұршақтар тұқымдасы (бобовые - Fabaceae) - 490 туыс, 12 000 түрлер, ҚР – 650-ге дейін түрлер кездеседі.
Таралуы: Субтропикалық, солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер.
Тіршілік формалары: Бұл тұқымдасқа бiр жылдык, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, шала бұталар, бұталар және ағаштар жатады.
Жапырақтары мен гүлшоғыры әртүрлi. Бiрқатар түрлерiнiң жапырақтарының түп жағында бөбешiк жапырқтары болады. Ал кейбiр өсiмдiктерде, мысалы, асбұршағында(горох - Pisum) ол кәдiмгi жапырақтардан көп үлкен. Бұршақтар тұқымдасына негiзiнен күрделi жапырақтар тән. Мысалы беде (клевер - Trifolium), жоңышқа (люцерна – Medicago), түйежоңышқа(донник - Melilotus) жапырақтары үш кұлақты күрделi жапырақтар. Асбұршақ (горох - Pisum), қытайбұршақ (соя - Glycine), үрмебұршақ(фасоль - Phaseolus), ағаш қараған(карагана древовидная – Caragana arborescens), ақ акация (робиния - Robinia), сиыржоңышқа (вика - Vicia) жапырақтары қауырсын тәрiздi күрделi жапырақтар. Бөрiбұршақтың (люпин - Lupinus) жапырағы саусақсалалы күрделi жапырақ.
Бұршақтар тұқымдасына шашақ (бөрiбұршақ, түйежоңышқа - донник - Melilotus) және шоқпарбас (беде - клевер – Trifolium) гүл шоғырлары тән. Бұршақтар тұқымдасының гүлдерi бұрыс гүлге жатады. Гүлсерiгi қосарланған: тостағаншасы 5 бiрiккен жапырақшалардан тұрады, күлтесiнiң саны 5. Оларың 2-уi бiрiгiп, 3-уi бос орналасады. Күлтесiнiң ең үлкенi — желкен, 2 бүйiрiндегi бос орналасқаны — ескекше, ал 2 төменгi бiрiккенi — қайықша деп аталады. Қайықшаның iшiнде 10 аталықпен қоршалған, бiр аналық орналасады. Көптеген өсiмдiктерде аталықтарының 9-ның жiпшелерi бiрiгiп кетедi де, 1-еуi бос қалады. Кейбiр бұршақтар тұкымдасының аталықтарының бәрi жiпшелерi арқылы бiрiгiп кетедi немесе аталықтарының барлығы бос орналасады.

Тасжарғандар қатары - Saxifragales
Тасжарғандар тұқымдасы – Saxifragaceae – 30 туыс, 600 түрлер
Таралуы: солтүстік жарты шар қоңыржай және суықтық климатты аймақтарында өседі.
Тіршілік формалары: бір- және көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
Жапырақтары жай, түтас немесе саусақты, қауырсынды, кезектесіп орналасқан, жапырақ серіктері болмайды.
Гүлдері жеке немесе әртүрлі гүлшоғырларға жиналған, актиноморфты, гүл серігі – 3-5 санынан, андроцейі – 3-10 аталықтан, гинецейі – 2-5 жемісжапырақшадан.
Жемісі – қауашақ.
Тасжарған туысы (камнеломка) – Saxifraga – 370 түрлер. Азия, Европа, Американын биік таулы аймақтарында кен таралған. Көпжылдық өсімдіктер, гигро-, мезо-, ксерофиттер. Ксерофитты түрлер гидатодтер арқылы жапырақтардың бетіне әкты (известь) бөліп шығарады. Бүнақденелілермен тозаңданады.
Қалынжапырақты бадан (бадан толстолистный) - Bergenia crassifolia. Сибирьде, Алтайда өседі. Дәрілік өсімдік, шайдың суррогаты, 23-27% дейін танандер болады.
Сәндік өсімдіктер: «альпі таулары» - тасжарған, бадан, астильбе т.б.

РОЗИДТЕР КЛАС ТАРМАҒЫ - ROSIDAE
Бұл тұқымдастың гүлдерiнiң, гүлшоғырларының, жемiстерiнiң және жапырақтарының құрылысы алуан түрлi. Раушангүлдiлерде бөбешiк жапырақтар болады. Бұл әсiресе шөптесiн түрлерiне тән. Тұқымдастың гүлдерi дұрыс гүл болып табылады. Раушангүлдiдердiң гүлдерiнiң басты ерекшелiгi олардың гүл табанының пiшiнiнде. Бiр түрлерiнде гүлтабаны дөңес, екiншiлерiнде жалпақ, ал үшiншiлерiнде ойыс болады. Гүлдiң барлық мүшелерi гүлтабанына белгiлi бiр жүйеде орналасады. Раушангүлділердiн гүлсерiктерi қосарланған, 5 мүшелi (сиректеу 4 мүшелi) жөне олар гүлтабанына спираль бойымен орналасады. Гүл серiктерiне тостағанша және күлте жапырақшалары жатады. Тостағанша жапырақшаларының саны 5-тен болады және олар бiр түрлерiнде бiрiккен, ал екiншiлерiнде бос орналасады. Кейбiр түрлерiнде тостағанша жапырақшалары, тостағанша асты жапырақшаларының болуына байланысты екi қатар шеңбер түзiп орналасады мысалы, шыршай (гравилат - Geum), қазтабан (лапчатка - Potentilla), бүлдiрген (земляника - Fragaria) туыстары. Күлте жапырақшаларының түсi өсiмдiктiң түрiне қарай әрқилы болады: қызыл, сары, ак, көк тағы басқаша. Күлтелерiнiң әрқайсысы гүл тұғырына бос орналасады, тек кейбiр түрлерiнiң ғана күлтелерi бiрiккен болады. Аталықтарының саны көп және олар 5 қатар тiзiп орналасады. Аналықтарының саны жемiс жапырақшаларының санына тiкелей байланысты болады. Жемiс жапырақшаларының саны бiр гүлдерде көп, екiншi гүлдерiнде шектеулi, ал үшiншiлерiнде бiреуден болады. Аналық жатыны бiр ұялы, екi ұялы немесе көп ұялы болады. Раушангүлдiлердiң бiреулерiнде жатын жоғарғы, екiншiлерiнде ортаңғы, ал үшiншiлерiнде төменгi болады.
Тобылғының (таволга - Spiraea) гүлiнiң формуласы: * ♂♀ Са(5)Со5А ∞ G5
Жемiсi – бiрiккен таптама (листовка)
Бүлдiргеннiң (земляника – Pragаria) гүлiнiң формуласы* ♂♀ Са(5+5)Со5А∞ G∞
Жемiсi - көп тұкымша.
Итмұрынның(шиповник - Rosa) гүлiнiң формуласы: * ♂♀Са5Со5А∞ G∞
Жемiсi - көп жаңғақша.
Алманың(яблоня - Malus) гүлiнiң формуласы: * ♂♀Са(5)Со5А∞ G(1-5).
Жемiсi — алма.
Қараөрiктiң(слива - Prunus) гүлiнiң формуласы: * ♂♀ Са(5)Со5А20 G1
Жемiсi- сүйектi шырынды жемiс.
Қазтабаның(лапчатка - Potentilla) гүлiнiң формуласы: * ♂♀ Са(4+4)Со4 А∞ G∞.
Жемiсi - көп жаңғақша.
Кейбiр раушангүлдiлердiң гүлсерiктерi төрт мүшелi болады. Мысалы, тiк қазтабанның (лапчатка прямая – Potentilla recta) тостағанша және күлте жапырақшаларының саны 4-ден болады. Тiк қазтабан ылғалдығы жоғары, ашық жерлерде, орман шетiнде және бұталардың арасында өседi.
Раушангүлдiлердiң табиғатта кең таралган аса маңызды өкiлдерiнiң бiрi итмұрын (шиповник - Rosa).

Гүлiнiң формуласы: ↑ ♀♂ Са(5) Со3+(2)А(9)+1 G1
Жемiсi — бұршаққап, бұршақбас (боб). Бұршақбас бiр жемiс жапырақшасынан пайда болатын бiр ұялы жемiс. Бұршақбастың көпшiлiгiнiң тұқымдарының арасы көлденең перделермен бөлiнiп тұрады. Мұндай жемiстi бұнақұты немесе бөлшектi бұршақбас деп атайды. Бұршақтар тұқымдасының бiрқатарының жемiсi спиральтәрiздi ширатылған болып келедi (кәдiмгi жоңышқа). Қақырамайтын бiр тұқымды бұршақбаста кездеседi. Мысалы құнды малазықтық өсiмдiктiң бiрi эспарцеттiң жемiсiн дәл осындай бiр тұқымды бұршақбас.
Егiн шаруашылығы тәжiрибесiнде — бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшелiктерiнiң маңызы аса зор. Мысалы, олардың тамырларында түйнектер түзiледi. Топырақтан бұршақ тұқымдас өсiмдiктер тамырларының клеткаларына тамыр түктерi арқылы бактериялар өтедi. Олар ауадағы бос азотты бойына сiңiредi. Бактериялар тамыр клеткаларының бөлiнуiне жөне көлемiнiң ұлғаюына әсер етiп, нәтижесiнде түйнектер түзiледi. Организмдердiң екеуiне де пайдалы мұндай селбесудi симбиоз деп атайды (гректiң "симбиозис" — селбесiп өмiр сүру деген сөзiнен алынған). Өсiмдiк қураған соң топырақ құрамындағы азоттың мөлшерi, яғни топырақтың кұнарлылығы артады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң барлық мүшелерi белоққа бай болады.

Мәдени жағдайда бұршақтар тұқымдасынан егiстiк және көкөнiс дақылдары ретiнде асбұршақ(горох - Pisum), үрембұршақ (фасоль - Рhaseolus), қытайбұршақ (соя - Glycine), бөрiбұршақ (люпин - Lupinus), ноқат (нут - Cicer), жасымық (чечевица - Lens), т.б. өсiрiледi . Бұл өсiмдiктердiң барлығында белок көп болады (31—61%). Сонымен бiрге, бұршақтар тұқымдасының iшiнде сәндiк үшiн отырғызылатын өсiмдiктер де көптеп кездеседi. Оларға ағаш қарған (карагана древовидная - Caragana arborescens), ақ акация (рябиния - Robinia), иiсбұршақ (чина Lathyrus) жатады. Бұл тұқымдасқа жататын көптеген өсiмдiктер шалғындарда, бұталар арасында және кiшкене тоғайларда өседi. Оларға жоңышқаның (люцерна - Medicado), түйежоңышқаның (донник - Melilotus), беденiң (клевер - Trifolium), иiсбұршақтың (чина - Lathyrus) түрлерi және басқалары жатады.
Бұршақтар тұқымдасының табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Бұршақтар тұқымдасының көптеген мәдени түрлерi тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерi дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады. Оларға мияның(cолодка - Glycyrrhiza) түрлерi, дәрiлiк түйе жоңышқа (донник лекарственный – Melilotus officinalis) жатады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң басым көпшiлiгi аса кұнды малазықтық өсiмдiктер. Олар жайлымдар мен шабындықтардың негiзгi өсiмдiктерi болып табылады. Жоңышқа (люцерка - Medicado), түйежоңышқа (донник – Melilotus), эспарцет(эспарцет - Onobruchis) секiлдi туыстарының түрлерi мәдени жағдайда өсiрiледi. Бұршақтар тұқымдасының түрлерiнiң барлығының шiрнелiктерiнде тәттi шырындар мол болады. Соған байланысты олардың гүлдерiнен аралар көп мөлшерде бал жинайды.
Қазтамақтылар қатары – Geraniales
Зығырлар тұқымдасы – Linaceae – 18 туыс, 330 түрлер
Таралуы: қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде таралған.
Тіршілік формалары: көпжылдық шөптесін өсімдіктер, лианалар, ағаштар, бұталар.
Жапырақтар түтас, серігімен.
Ұсақ гүлдері төбелік немесе бүйірлік гүлшоғырларға жиналған. Гүлдері актиноморфты, андроцейі – 5-25 аталықтан, гинецейі – 3-5 жемісжапырақшадан.
Жемісі – қауашақ.
Зығыр туысы (лен) – Linum – 230 түрлер. Қоныржай және субтропикалық аймақтарында өседі, көбінесе көпжылдық шөптер, сирек біржылдық шөптер, шала бұталар, 1 түр – бұта. Зығыр – талшықты және майлы мәдени өсімдік. Зығыр талшығынан әртүрлі маталар алынады (брезент, батист т.б.). Зығыр тұқымының құрамында 30-47% тез кебетін май болады, одан олифа, лак, бояулар алынады. Сонымен қатар оларды линолеум мен клеенка жасау ұшін пайдаланады. Медицинада зығыр тұқымы қолданалады.

Қазтамақтылар қатары – Geraniales
Қазтамақтылар тұқымдасы – Geraniaсеае– 11 туыс, 800 түрлер
Таралуы: қоңыржай аймағында таралған.
Тіршілік формалары: көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазтамақ туысы – Pelargonium- 250 түрлер. Бөлмемен оранжереяны көгалдандыруға кенінен пайдаланады. Жемісі – қауашақ.
Гүл - * ♂♀Са5Со(5)+(5)А∞ G5.
Шалғындық қазтамақ – герань луговая, Орман қазтамағы – герань лесная.
Аралиялар қатары - Araliales
Шатыршагүлділер тұқымдасы - Apiaceae (Umbelliferae) – 300 туыс, 3 000 түрлер, Қазақстан флорасында 230 түрі кездеседі.
Таралуы: жер бетінің барлық құрлық бөлігінде кен таралған, басым көпшілігі субтропикалық, қоңыржай, таулы аймақтарда өседі.
Тіршілік формалары: бір- және көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
Тіқ сабақтарының буынаралықтары құыс болады, сабақтардың биіктігі 3 м дейін болады. Сабақта және басқа мүшелерінде секреторлы жолдар орналасады, оларда эфир майлар және шайыр заттар жиналады.
Жапырақтар бір неше рет бөлінген, қынапты, сабақта кезектесіп орналасқан. Тұтас жапырақтар – шоқсары (володушка), етті жапырақтар – көкбас (синеголовник).
Ұсақ гүлдер күрделі шатырша гүлшоғырына жиналған. Әрбір гүлде гүлжапырағы (прицветник) болады, ал шеткі гүлдердің гүлжапырақтары орауышты (обертка) құралады. Күрделі шатыршаның негізінде – орауыш, жай шатыршаның негізінде – орауышық орналасады.
Гүлдер актиноморфты, 5 санды. Күлтесі ақ, сары немесе сары-жасыл. Аталықтар 5, гинецейі 2 жемісжапырақшадан, түйіні төменгі.
Гүл - * ♂♀Са(5-0)Со5А5 G(2).
Жемісі – қостұқымша (вислоплодник – салпыжеміс) 2 мерикарпия мен карпофорға бөлінеді. Бүнақденелілермен тозаңданады.

Өсімдіктердің маңызы зор:
1. Тағамды өсімдіктер:
- Егістік сәбіз (морковь посевная) - Daucus sativa
- Ақжелек (петрушка) - Petroselium crispum
- Балдыркөк (сельдерей) - Apium graveolens
- Аскөк (укроп) - Anethum graveolens
- Күнзе (кориандр) - Coreandrum sativum – 28 % май.
- Зире (тмин) - Carum carvi
- Анис - Anisum vulgare
2. Ұлы өсімдіктер (дәрілік)
- Утамыр (вех ядовитый) - Cicuta virosa
- Убалдырған - Conium maculatum

Итшомыртылар қатары – Rhamnales
Жүзім тұқымдасы – Vitaceae – 12 туыс, 700 түрлер.
Таралуы: Тропикалық, субтропикалық және қоңыржай аймақтарында өседі.
Тіршілік формалары: ағаштар, бұталар, лианалар.
Жапырақтары жай, 3-5 саусақты бөлінген, сирек күрделі.
Ұсақ, жасыл гүлдер төбелік гүлшоғырларға жиналған.
Гүлдер актиноморфты, 5-санды. Тостағанша сақинаға дейін редукцияға ұшыраған. Күлте жапырақтары бос немесе төбе жағынан біріккен (Vitis). Андроцейі 3-5 аталықтан, гинецейі 2 жемісжапырақшадан, түйіні жоғарғы.
Жүзім туысы – Vitis -60-70 түрлер. Жай жапырақтармен лианалар, мұртшалар бағанаға (опора) оралып түрады (мұртшалар – өзгерген гүлшоғырлар). Жидегі шырынды. Мәдени жүзім (виноград культурный) - Vitis vinifera- шарап, жүзім және т.б., сәндік өсімдік.

Орындағандар:
Тұрсыбаева Талшын
Смағали Ажар
БҚ-211
Full transcript