Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Этносаралық қақтығыстар

No description
by

on 16 November 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Этносаралық қақтығыстар

Шығармашылық жұмысты орындаған:
Ю-42 тобының студенті
Қалымберген Ақмарал

Ұлт-мемлекетті құрайтын азаматтардың әлеуметтік қауымдастығы. Әлемдегі мемлекеттердің барлығының дерлік этникалық құрамы күрделі. Жер бетінде екі жүзге жуық егемен мемлекет бар, ал этностық топтар саны түрлі есептеулер бойынша 3 мыңнан 5 мыңға дейін жетеді. Этнос өте күрделі әрі көпқырлы құбылыс. Кейбір авторлар оның басты ерекшеліктері ретінде тіл мен мәдениетті атаса, екіншілері бұл қатарға жер мен этностық сана-сезімді, енді біреулері ортақ шығу тегі мен мемлекеттік құрылымды, психикалық стереотиптер жиынтығын қосады.
Этносаралық конфликтіні зерттеудің теорялық негіздері. Этносаралық конфликт дефинициясы, типологиясы
Гарвард университетінің ғалымдар тобы әр мемлекетте өмір сүріп жатқан этностық топтардың қай этносқа жататынын аықтауда олардың мынадай ерекшеліктерін назарға алған:
1. Ортақ географиялық шығу тегі.
2. Мигранттық статусы.
3. Нәсілі.
4.Тілі немесе диалектісі.
5. Діни наным -сенімі
6. Ортақ дәстүрлер, құндылықтар.
7. Әдебиет, фольклор, музыка.
8. Тағам ерекшеліктері.
9.Тұрмыс ерекшеліктері.
Этностық конфликт тіркесі дербес ұғым ретінде этнология, психология, әлеуметтану, саясаттану, конфликтология сияқты ғылым түрлерінің сөздік қорында бұрын жүрсе де, оның тиянақталған, тұжырымдалған нақты ғылыми анықтамасы әлі күнге жасалған жоқ. Мұның негізгі себебін АҚШ-тағы Принстон университетінің профессоры Брюс Гилли былай деп түсіндіреді: "Ғылыми ұғымға басқа ұғымдардан ажырата алатындай, өлшей алатындай және жоққа шығара алатындай негізде анықтама берілуі керек. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген "этностық конфликт" анықтамалары бұл талаптардың ешқайсысына жауап бере алмайды. Оның анықтамасы "асыра сипаттаудан" бастап ұрысушы тараптар түрлі мәдени символдарын паш ететін қанды қақтығысқа дейінгі аралықты қамтиды". Шындығында, этностық қақтығыстың кімдер арасында жүріп жатқаны айқын болғанымен, оған неліктен "этностық" деген анықтаманың жапсырылатыны анықталмай отыр. Себебі, этностар арасындағы жанжалдарға көбіне әлеуметтік жағдай немесе материалдық мұқтаждық түрткі болып табылады. Сондықтан, этностық конфликт теориясын зерттеушілер оның шығу себебін түрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелерден іздеп, бұл пәнге сол тұрғыдан анықтама беруге тырысады.
Конфликтіні жіктеу үлгісі:
Қатысушы тараптардың ерекшеліктеріне қарай,
А) Этностық топпен мемлекет арасындағы конфликт
Ә)Этностық топпен этностық топ арасындағы конфликт.
Б)Мемлекет пен мемлекет арасындағы конфликт
В)Үшінші жақтың араласуынан туындаған конфликт.
Конфликтінің тарихи бастауларына қарай:
А) Отар елмен отарлаушы елдің арасындағы конфликт
Ә)Бір мемлекет ішіндегі отаршылдықта болмаған ұлттардың немесе көрші мемлекеттердің арасындағы конфликт.
Этностық конфликтілердің нәтижесіне қарай:
А) Бейбіт реттеліп, шешілген конфликт
Ә)Күш қолдану әдісімен шешілген конфликт
Б)Тығырыққа тірелген жағдайда қалған конфликт
В) Қиян-кескі түрден конструктивті түрге ауысып, әрі қарай жалғасқан конфликт.
Қоғамдық өмірдің саласына байланысты:
А) Мәдени тілдік конфликт
Ә) Саяси конфликт
Б) Әлеуметтік -экономикалық конфликт

Этносаралық қақтығыстар
М.Ландтың берген анықтамасына сәйкес конфликтінің алдын алу дегеніміз-"ел ішіндегі және мемлекетаралық қақтығыстар мен дау-дамайларды қантөгіске және қару қолдануға дейін ушықтырмау, конфликтіге қатысушы тараптардың кез-келген дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін арттыру және дау-дамайға түрткі болған түпкі себептер мен мәселелерді мейлінше азайту мақсатында қолға алынатын құрылымдық немесе қолдаушылық әрекет.
Заңның үстемдігі-мемлекетте тұрақтылықтың қалыптасуына, кикілжіңдерді шешудің өркениетті механизмдерін орнықтыруға бірден-бір ықпал етуші фактор. Сондықтан, халықаралық ұйымдардың адам дамуының түрлі индикаторларын жасауда елдегі құқықтық жүйенің жетілуіне, демокартиялық үрдістерге сай жұмыс істеуіне баса мән береді. Адам құқықтары сақталуының, демократия ережелері орындалуының кепілі саналатын "заң үстемдігі" терминіне 2004 жылы ББҰ-ның бас хатшысы өзі анықтама берді: -Заңның үстемдігі дегеніміз - барлық адамдардың, жекеменшік және қоғамдық институттар мен мекемелердің, соның ішінде мемлекеттің, тең дәрежеде орындалатын және төрелік жасалатын халықаралық адам құқықтары нормалары мен стандарттарына сәйкес, жария түрде қабылданған заңдарға мүлтіксіз бағынуы. Ол, сондай-ақ, заңның үстемдігі, заң алдындағы теңдік, заң алдындағы жауапкершілік, заңды қолданудағы әділдік, билік бөлінісі.
Заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі- мемлекетте тұрақтылықты қалыптастырудың басты кепілдерінің бірі. Барлық халықтың заңға бірдей бағынуы, құқықтық көмекке жүгіне алуы және құқықытық жүйенің әділдігіне сенуі - конфликтогендік жағдайларды бейтараптандыруға әсер ететін объективті әрі өте ықпалды күш. Заңның үстемдігі заңдардың жариялығы, әділ төрелік әділет институттарының халық алдында есеп беруі және қолжетімділік индикаторлары арқылы бағаланады.
Full transcript