Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Озон қабатының жұқаруы

No description
by

Kaliyev Dauren

on 21 November 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Озон қабатының жұқаруы

Dobson Unite
Жерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайтын озон қабаты – құрамында хлор мен бромы бар аэрозоль және мұздатқыш жабдықтарда қолданатын сұйык газдардың әсерінен жұқарады. Озон қабатынын қалыңдығын есептейтін бірлік — Добсон бірлігі (ағылшынша: Dobson Unite) DU. Ол былайша есептеледі: 100 DU = 1 мм, яғни, 100 Добсон бірлігі молекулалын қабаттың қалыңдығының 1 мм-ге тең екендігін көрсетеді.
Озон қабатының жұқаруы
Озон қабатының
орналасуы мен ондағы жүретін процестер
Озон қабаты — стратосфераның бір бөлігі. Ол — озоносфера қабаты, 15–50 км биіктікте болады. Экватордан полюстерге қарай озон қабаты қалыңдап отырады. Бұл қабатта энергияға бай күннің ультра-күлгін сәулелері O2 формасындағы оттегіні O3 формалы озотқа айналдырады (3 O2 → 2 O3). Ультра-күлгін сәулелердің толқын ұзындықтарына байланысты (175—200 нм, кейде 242 нм-не дейінгі аралықтағы толқын ұзындығы) кейде озоннан O2 формасындағы оттегі қайта түзіледі (2 O3 → 3 O2). Аталған екі реакция (процесс) да ультра-күлгін сәулелердің энергиясының көмегімен іске асады.
Шарль Фабри Анри Буиссон
Олар 1913 жылы ультра-күлгін сәуле арқылы спектроскопиялық өлшеулер жүргізу арқылы атмосфераның жоғарғы бөлігіндегі озон қабатын ашқан. 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 16-қыркүйек күнін »Халықаралық Озон қабатын қорғау күні» етіп бекітті. Озон қабатының қызметі Жерде озонның 6-10% концентрациясы бар, аз мөлшерде болғандықтан тіршілік етушілерге зияны жоқ. Ал былайынша, озон өте активті газ. Айналасындағы тіршілік иелеріне зияны тиеді. Негізінде, озонның орташа концентрация мөлшері 8 мл/м³ болады.
Озон қабатының жұқаруы
Озон қабатының жұқаруы
Біздің өмір сүріп отырған Жер планетасындағы озон қабаты 15 км-дан бастап 100 км биіктікке дейін жетеді. Алайда, 50 км-дан ары қарайғы бөлігінде озонның мөлшері тым аз, шамамен 0,001%. Озон қабатынсыз жердегі тіршілік қазіргі біз көріп отырғандай болмайды.
Озон жұқаруының негізгі себептері мыналар
Ғарыш кемелерін ұшыру салдарынан
озон қабаты тесіледі.
Жыртылған тесіктер ұзақ
уақыт бойы бірқалыпты тұра береді

12-16 шақырым биіктікте ұшатын
ұшақтар да озон қабатына қауіп
төндіреді. Керісінше, 12 шақырымнан
төменде ұшатындары озон қабатының қалыптасуына септігін тигізеді.
Атмосфераға фреондардың тасталуы
Озон қабатының тесілуіне ең үлкен
қауіп тигізетін хлор мен оның судағы қоспасы. Хлордың көп бөлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы тарайды. Ол «жарылуға» әкеп соғады. Сондықтан хордың бір атомы көп озонды құртуға қызмет етеді. Оның қоспасы ауада 50-120 жылға дейін сақталып тұрады. Фреон бөлме температурасында көлемін көбейтетіндіктен, аэрозоль ретінде пайдаланып келеді. Озон қабатының тесілуінен адам баласы ісік ауруына шалдығады екен. Сонымен қатар тері ісігі, көз ауруларын қоздырып, егістік алқаптарына зақым келтіреді.
Поляр түндері
1985 жылы ағылшын ғалымдары
1980 жылдан бері әр жылдың көктемінде Антарктиданың аспанында озон мөлшерінің азайып отырғандығын дәлелдейтін мақала жариялады. Бұл тақырыптыжурналистар қауымы »Антарктиданың төбесіндегі Озон тесігі» атты сенсацияға айналдырып жіберді. Антарктида аспанындағы озон қабатының жұқарып, тесілуінің басты себебі ретінде Жер стратосферасындағы хлор тотығы мен озонды зақымдағыш заттар мөлшерінің күрт артуы аталады. 90-жылдардың бірінші жартысындағы озон қабатының жұқаруы 15 млн. шаршы км. (32-63 күн бойы сақталған) болса, 1995 жылы бұл көрсеткіш 20 млн. шаршы км-дан асып түсіп, 71 күн бойы осы қалпында болды. 1999 жылдың соңындағы ақпаратта озон тесігінің 25 млн. шаршы км. болғандығы айтылады.
Вена конвенциясы,
Монреаль протоколы
1985 жылы озон тесігі табылған кезден бастап озон қабатын қорғау мәселесі әлемдік қауымдастықта басымдыққа ие болды. »Озон қабатын қорғау туралы» Вена конвенциясы 1985 жылы 22 наурызда »Озон қабатын қорғау туралы» Вена конвенциясы қабылданды. Қатысушы елдер жүйелі және негізгі зертеулер жүргізу мен озон қабатын қорғау үшін озонды құртатын зиянды заттарды қадағалау жайлы келісімге келді. »Озон қабатын құртатын заттар жайындағы» Монреаль протоколы 1987 жылы 16 қыркүйекте »Озон қабатын құртатын заттар жайындағы» Монреаль протоколы қабылданды. Протоколға кейннен жаңадан өзгерістер енгізіліп отырды. Осы протоколдың арқасында 2050 жылға дейінгі озонқабатын қорғау іс-шаралары пысықталды.
Қорытынды:
Осыдан 25-30 жылдай бұрын бастау алған озон қабатын қорғау шараларының нәтижелері бүгіндері көрініп жатыр. Оң нәтижелер баршылық. Адамзат техникалық дамумен бірге қоршаған ортаны қорғау саясатына да баса назар аударуда. Әсіресе, алдыңғы қатарлы дамыған елдерде бұндай жағдайлар өте жоғары деңгейлерде ұйымдастырылуда. Зерттеу жұмыстары мен кең ауқымды жұмыстар осындай елдердің еншісінде екені анық. Солардың көмегімен бәрімізге ортақ Жер планетасын апатты жағдайлардан құтқарар күннің туары алыс емес секілді.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Орындағандар: Мейрамғалиева Дина
Қуанышбаева Ақбота
Қалдыбаева Жұлдыз
Full transcript