The Internet belongs to everyone. Let’s keep it that way.

Protect Net Neutrality
Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және социалистік қоғам

No description
by

Saule Syrgaliyeva

on 4 May 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және социалистік қоғам

Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және социалистік қоғам құру мәселелері.
Серікбаев Е.Қ. т.ғ.к. доцент
"Қазақстан тарихы" кафедрасының меңгерушісі
Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті
1. Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.
2. Ауыл-шаруашылығын күштеп ұжымдастыру: қайшылықтары және нәтижесі.
3. Индустрияландыру саясаты және оның нәтижесі.
4. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени қайта құрулар.


1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісі, оның алғышарттары.
Ақпан революциясының нәтиежесінде орнаған уақытша үкімет халықтың
алдында тұрған көптеген мәселелерді шешіп бере алмады. Халықтың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Ресейдің І-дүние жүзілік соғысқа одан әрі қатысуы көптеген қиыншылықтар туғызды. Міне, осы халықтың басындағы қиын жағдайды большевиктер пайдаланып қалуға тырысты.
Большевиктер «Барлық билік Кеңестерге берілсін!», «Жердің бәрі шаруаларға берілсін!», «Заводтар, фабрикалар жұмысшыларға берілсін!» деген ұрандар көтерді. Бұл большевиктік насихаттың елеулі әсері болды. Бұл ұрандарға сенген халық большевиктер жағына шыға бастады.
1917 жылы 24-шы қазанда Петербургте қарулы төңкеріс басталды. Келесі күні төңкеріске шыққан жұмысшылар, солдаттар, матростар астананың маңызды жерлерін басып алды. 25 қазан айының кешінде жұмысшы және солдаттар Кеңестерінің Бүкілресейлік ІІ съезі ашылды. Съезд Ленин
жазған «жұмышыларға, солдаттар мен шаруаларға» деген үндеуді қабылдады. Бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің қолына көшетіндігін жариялады. Лениннің баяндамасы бойынша Кеңестер съезі бітім туралы және жер туралы декрет қабылдады. Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Кеңес үкіметін – Халық комиссарлар кеңесін құрды. Оның төрағасы болып Ленин сайланды.

Орталықта Кеңес үкіметінің орнауына байланысты жер-жерлерде, шет аймақтарда да Кеңес үкіметі орнай бастады.
Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату 1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауының өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары болды. Қазақстанда жұмысшы ұйымдары аз болды. Патша үкіметі тұсында қолайлы жерлерге орналасып, байып алған орыс шаруалары жерден айырылып қаламыз деп қауптенді. Сондай-ақ, Қазақстанда большевиктік топтар аз болды. Қазақ ауылдары бұл төңкерістің мәнін жете түсінген жоқ. Төңкерістің себептері, мақсаты тағы басқа жақтары күңгірт болды.
Қазақстанның ішкі өмірінде революцияға дайындық пісіп жетілмеген еді. Қазақ халқына революциядан гөрі отарлық езгігі қарсы күрес маңыздырақ еді. Сонымен бірге қазақ халқының көпшілік бөлігі қолдаған «Алаш» партиясы Кеңес үкіметін мойындамады. Оған қарсы шықты.
Осындай елдегі аласапыран кезде кейбір халықтар автономия жариялады. Мәселен, Башқұрт, Татар автономиялары құрылды.

1917 жылы 26-28 қараша аралығында Қоқан қаласында түркістандықтардың өлкелік төтенше съезі болған еді. Бұл съездің шешімімен Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) деп аталған ұлттық өкімет құрылған болатын. Автономияның төрағасы Мұхамеджан Тынышпайұлы болды. Үкіметтің
төрағасы Тынышбайұлы орнынан кеткен соң, оның орнына Мұстафа Шоқайұлы сайланды. Бұл үкімет Түркістанның ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күреске шығып, небары екі ай ғана өмір сүрді. 1918 жылы ақпан айында Қызыл армия Түркістан автономиясына қарсы соғыс ашып, оны қарудың күшімен басып тастады. Бұл автономияның басты мақсаты Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіріп, өз алдына тәуелсіз автономия алу еді.
Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық ІІ съез өтті. Съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съез баяндаманы талқылап мынадай қаулы қабылдады:
1. Қазақ автономиясы құрылсын.
2. Қазақ автономиясы «Алаш» деп аталатын болсын.
3. Алаш автономиясының жері, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын.
4. Алаш облыстарын қазіргі бүлікшіліктен қорғау мақсатымен Халық кеңесі құрылсын, оның аты «Алашорда» болсын.
Съездің шешімімен Алашорда үкіметінің төрағасы болып Бөкейханов сайланды. Съездің ұйғарымымен сайланған Алашорда үкіметінің министрлері мыналар: төраға орынбасары Халел Ғаббасұлы, ішкі істер министрі Мұхамеджан Тынышпайұлы, әділет министрі Ахмет Бірімжанұлы, оқу министрі Ахмет Байтұрсынұлы, ұлттық қорғаныс министрі Әлімхан Ермекұлы.


Азамат соғысы (1918 – 1920 жж.) халық трагедиясы.
1918 жылдың көктемінде азамат соғысы басталды. Ресейдегі ақгвардияшылардың басшылары Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы Чехославак корпусының бүлігін ұйымдастырды. Бұл бүлік Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтиды. Олар Петропавлды, Ақмоланы, Атбасарды, Көкшетауды, Павлодарды, Семейді басып алды. Қазақстандағы ақтар қозғалысының басты тірегі Орал, Сібір, Орынбор және Жетісу Казак әскері еді.
Чехославак корпусының бүлігі және соның артынша ішкі революцияға қарсы күштердің Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күреске шығуы Қазақстандағы саяси жағдайды өзгертіп жіберді. Дутов әскерлері 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Қазақстан мен Орта Азияны Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Азамат соғысы басталған кезде Қазақстандағы Кеңес өкіметіне қарсы батыста атаман Дутовтың әскерлері солтүстікте адмирал Колчактың әскерлері, Жетісуда атаман Анненковтың ірі әскери топтары күресті.
Ақгвардияшылармен күресу үшін Қазақстанда Орал майданы, Ақтөбе майданы, Сотүстік Жетісу майданы құрылды. Қазақстан жеріндегі ақгвардияшыларға қарсы ірі соғыс операцияларын Фрунзе, Тухачевский, Чапаев сияқты белгілі қолбасшыларымен қатар Иманов, Жангельдин секілді талантты командирлер басқарды.
Азамат соғысы басталғаннан кейін «Алашорда» басшылары Самарадағы құрылтай жиналысы комитетімен, Орынбордағы атаман Дутовпен және Омскідегі Колчакпен байланыс орнатты. Мұндағы «Алаштықтардың» мақсаты осылардың көмегімен қазақ халқына автономия әперу еді.

1918 ж. Алаш Орда үкіметі бірқатар жарлықтар шығарды. Бұл жарлықтар бойынша Алаш территориясындағы Кеңес үкіметі шығарған заңдар күшін жояды деп жариялады. Ақгвардияшылардың көмегімен батыста, Торғайда, Қостанайда, Семейде, Алаш атты әскерлер полктерді құрылып, Қызыл Армияға қарсы күресті.
Сонымен бірге қазақ еңбекшілерінен құрылған Қызыл әскер полктері де құрылды. 1918 жылы күзде Бөкей ордасында бірінші Қазақ Қызыл әскер полкі құрылды. Кеңестік Ресейдің Қазақстан мен Орта Азия кеңестеріне көрсеткен көмегінің айқын үлгісі Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі экспедиция болды. Бұл экспедиция далалық өлкенің төтенше комиссары Әліби Жангельдиннің басшылығымен жүргізілді.
1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды.
1920 жылы сәуірде Қазақстандағы ақгвардияшылардың соңғы тірегі Жетісу жері ақгвардияшылардан тазартылды. Ақгвардияшылардың қалдықтарымен бірге атаман Дутов пен атаман Анненков Қытайға қашты.жариялағаннан кейін, алаштықтардың шығыс бөлігі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар Кеңес үкіметі жағына шықты. 1920 жылы батыс алаштықтар да Кеңестер жағына шықты.
Азамат соғысы жылдарында қазақ халқының жағдайы өте ауыр болды. Атаман Анненковтың жендеттері тарихта болмаған, бұрын-сонды адамзат баласы естімеген неше түрлі зұлымдықтарды істеді. Анненковшылар Аягөзге келгенде қаланың тең жартысын өртеп, 800-ге жуық адамды дарға асып, атқан. Семей қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан Знаменка селосында жендеттер жергілікті тұрғындардың бірін қалдырмай бауыздап кеткен. Сонымен бірге азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия жауынгерлерінің де халқымызға істеген зияны аз емес.


Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы.
Қазақстанда Кеңес өкіметі әр түрлі жолдарымен орнады. Сырдария, Ақмола облыстарының және Бөкей ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер көп болғандықтан бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.
Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облыстарында қарудың күшімен орнады.
Кеңес өкіметі алғаш рет Сырдария облысында орнады. 30 қазанда Ташкентте, 6 қараша Перовскіде билік Кеңестер қолына көшті. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Жетісу аймағында Бокин, Рысқұлов, Масанчи, Розыбакиев, Ораз Жандосов, Виноградов, Емелевтер белсене қатынасты. Торғай облысында Жангелдин, Амангелді Иманов, Орталық Қазақстанда Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, Әлібек Майкөтов, Батыс Қазақстанда Сейітқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев, Сақыпкерей Арғыншиевтер белсене қатынасты.
Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауына белсене қатысқан көрнекті тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов 1917-1920 жылдардағы оқиғаларды бейнелейтін «Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халқы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алады, сөйтіп қана қоймай, оларды өлтіріп те тастайды. Біздің солдаттарымыз қорғаудың орнына тонаумен және өлтірумен айналысты. Міне осындай істерден кейін езілген ұлттардың арасында наразылық туып, Кеңес үкіметіне қарсы шығуы да заңды болса керек».

1918-1919 жылдары Қазақстанда қатты ашаршылық болды. Ашаршылықтың басты себебі: азамат соғысы жылдарында қазақтардан ақтардың және қызылдардың малды тартып алуы болды.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қазақ халқының алдында автономия алу мәселесі тұрды. Ленин бастаған большевиктер ұлттық автономия «Алашорда» автономиясын қолдамады. Олар өздерінің барлық халықтарға теңдік, бостандық береміз деген сөздерінде тұрмады. Олар өздерінің айтқанынан шықпайтын, таптық тұрғыдағы Ресейге бағынышты автономияны жақтады.
Автономияға байланысты Тұрар Рысқұлов 1920 жылы қаңтарда Түркістан коммунистік партиясының 5 конференциясында мынадай ұсыныс енгізді:
1. Түркістан автономиялық Республикасы «Түрік Кеңес республикасы» деп аталуға тиіс;
2. Түркістан коммунистік партиясы «түрік халықтарының коммунистік партиясы» деп аталып, Мәскеуге бағынышты емес, тәуелсіз партия болуы керек;
3. Түркістанда мұсылман түрік армиясы құрылып және мұсылман емес әскерлер Түркістаннан әкетілуі қажет;
4. Түркістан республикасының бөлек конституциясы болуы керек;
5. Сыртқы істер, әскери қызмет, қаржы-қаражат және сауда Түрік республикасының өз құзырында болуға тиіс;
Тұрар Рысқұловтың бұл ұсынысы жоғарыда аталған конференцияда мақұлданған болатын.

Бірақ Кеңестік Ресейдің Түркістан майданындағы қолбасшы Фрунзе бұған келіспеді. Фрунзені Ленин және Сталин қолдады. Түркістан Ресейден бөлініп кетеді деп қорыққан олар, Тұрар Рысқұловты басқа жұмысқа ауыстырып жібереді.
Сонымен бірге Қазақ АКСР-ын құру ісі де өте қиындықпен жүрді. Бұрын бөлшектеніп кеткен қазақ жерлерін «Сібір ревкомы» сияқты кейбір аймақ басшылары Қазақстанға бергісі келмеді. Ертістің оң жағалауы, кенді Алтай аймағы, Каспий теңізінің жағалауындағы жерлер үшін қатты тартыс болды.
Сол кездегі халқымыздың көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейхановтар Лениннің қабылдауында бірнеше рет болып, бұл жерлердің ежелгі қазақ жерлері екенін дәлелдеді. Соның арқасында бұл жерлер Қазақстанға берілді.
1920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің Қазақ АКСР-ын құру туралы декреті шықты. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР-ның құрылтай съезі болды. Съезде жоғарғы кеңес басшылығы сайланды. Қазақ АКСР-ы Орталық Атқару комитетінің төрағасы болып Сейітқали Меңдешев, Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Радус Зенкович сайланды.
Елімізде азамат соғысы мен шетелдік интервенциясы аяқталғаннан кейін 1921 жылы Кеңес елі тағы да ауыр сынға душар болды. 1921-1922 жылғы қарсыз әрі ұзаққа созылған қыстан кейінгі қуаңшыл жаз келді. 1921 жылдың жазында елдің көптеген аудандарында ең алдымен Еділ бойын, жантүршігерлік аштық жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай Кеңес елінде 20 миллионнан астам адам аштыққа ұшырады.


Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918 – 1921 ж. наурыз)
Бұл қуаңшылықпен қоса ашаршылықтың себептерінің бірі азамат соғысы жылдарында Совет өкіметі жүзеге асырған «соғыс коммунизм» саясатының елдің халық шаруашылығына аса ауыр соққы болып тигенін және ашаршылықтың кең өрістеуіне себепші болғанын айтуымыз керек.
«Соғыс коммунизм» саясатының шарттарына сәйкес азамат соғысының алғашқы екі жылында 1918-1919 жылдары жау басып алмаған және азат етілген Қазақстанның оңтүстік, орталық, солтүстік, батыс аудандарынан миллиондаған мал басы мен қаражат, азық-түлік, киім-кешек халықтан ешбір ақысыз мемлекет пайдасына алынып отырды. Бұл шешімдер национализациялау, конфискациялау сияқты айқай-шу ұрандары арқылы жүргізілді.
Сондай-ақ Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларындағы егілген егін қуаңшылықтан шықпай қалды. 1920-1921 жылғы қыстың өте қатал болып, ұзаққа созылуы, Торғай уезінде мал басының жаппай қырылуына әкеп соқты.

Міне, осындай жағдайлардан кейін 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-ына қарайтын жеті губернияның бесеуінде Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Бөкей губерниялардың тұрғындары аштыққа ұшырады. Аштықтың болуы көптеген ауруларды туғызды. Емдеу орындарының жетіспеушілігінен аштыққа ұшырағандардың көпшілігі қаза тапты. Республиканың денсаулық сақтау халық комиссариатының мәліметтері бойынша 1921 ж. қараша айынан 1922 ж. шілдесіне дейін Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында аштықтың салдарынан 37, 657 адам өлген. 1921 ж. бүкіл Қазақ АКСР-і бойынша 128 мың бала ата-анасынан айырылып балалар үйіне орналастырылса, ал олардың саны 1922 ж. наурызына дейін 480 мыңға жеткен.
Қазақстанның қуаңшылыққа, аштыққа ұшыраған губернияларында мал басы күрт азайды. Мәселен Қостанай губерниясы бойынша 1922 жылмен салыстырғанда жылқы саны 63%, сиыр малы 50%, қой 65%, ал егіс көлемі 62% кеміді. Семей мен Орал губернияларында 1917 ж. 5 миллиондай мал болса, 1922 жылы 2 миллиондай ғана мал қалды.
Сонымен бірге азамат соғысы аяқталған соң еліміздің халықтары бейбіт құрылысқа көшіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруді қолға ала бастады.


Қазақстандағы ЖЭС.
Азамат соғысы кезінде Қазақстанда национализацияланған 307 кәсіпорынның 230-ы жұмыс істемеді. Шегініп бара жатқан казак бандылар, патша әскері Қазақ жерін тонап, қиратты, халықты қырғынға ұшыратты. Жезқазған мен Успенск рудниктерін су басып Ембі мұнай кәсіпшіліктері қиратылды. Сол кездегі елдің экономикасын көтеру үшін 1921 ж. наурызда коммунистік партияның Х съезіне әскери коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу белгіленді.
Жаңа экономикалық саясаттың әскери коммунизм саясатынан ерекшелігі салғыртты заттай салықпен ауыстыру. Бұның мәнісі енді шаруа өзінің белгілі салығын өтегеннен кейін қалғанын өзінің керегіне жаратты. Сондай-ақ ұсақ кәсіпшілікке ұсақ жеке меншікке рұқсат етілді. Меншіктің бірнеше түрлері болды. Мемлекеттік меншік, жеке меншік, кооперация тағы басқа меншіктер.
Жаңа экономикалық саясат аз уақыттың ішінде үлкен табыстарға жеткізді.
Бұл саясат 1929 жылға дейін қолданылды. Ал кейіннен Сталин ауыл шаруашылығын бір ғана колхоздық меншікке айналдырды.
Жаңа экономикалық саясат кезінде қазақ еңбекшілерін мемлекеттік шаруашылық құрылысқа тартуда 1921 ж. Ораз Жандосовтың басшылығында құрылған «Қосшы» одағы үлкен роль атқарды. «Қосшы» кедейлерге жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімін, мәдени дәрежесін көтеру жөнінде көп жұмыс жүргізді.


Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
1927 жылы партияның ХҮ съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді.
1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады.
Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады.

Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады.
Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті.
Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды.

Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды.
Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.

Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы.
1925 жылы партияның ХІҮ съезіне елді индустрияландыруға бағыт алуға шешім қабылданды. Индустрияландыру бағыты елімізде завод, фабрикалар салумен, өнеркәсіпті дамытумен байланысты. Индустриаландыру -өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды.
Қазақстандағы индустрияландыру жылдарындағы үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір темір жолы болды. Құрылысы 1927 жылы басталған темір жол 1930 жылы аяқталды. Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Рысқұлов, темір жол инженері Тынышпаев темір жолды салуда елеулі қосты. Индустрияландыру жылдары Риддер полиметалл, Қарсақбай мыс қорыту комбинаттары іске қосылды. Балхаш мыс қорыту заводы Шымкент қорғасын заводы жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш заводы салына бастады. Қарағанды өңірі ірі көмір аймағына айналды. Ембі мұнай кәсіпшілігі қарқынмен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ республикадағы химия өнеркәсібінің тұңғышы Ақтөбе химия комбинаты салынды.

Сонымен қатар елімізді индустрияландыруда қателіктер де жіберілді. Қазақстандағы индустрияландыру тек шикізат өндіруге бағытталды. Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат шығарды. Шикізат Республикадан тасып әкетіліп, дайын өнім Ресей заводтарында шығарылды.
Республикадағы өнеркәсіптің бұлай қалыптасуына Смағұл Сәдуақасов сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Сәдуақасовтың айтуынша республикадағы шикізат басқа жаққа тасылмай, шикізат алынған жерде өңделіп, дайын өнім шығарылуы тиіс болды. Бірақ оны Голощекин сияқтылар ұлтшыл деп айыптап, республикадан кетуге мәжбүр етті.
Индустриаландыру саясатындағы кемшіліктер: машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
-Тау-кен шикізатының дайындаушы база ретінде қала берді.
-Республикадан сирек кездесетін металдар тегін әкетілді.
-Шаруаларға үстеме салықтар салынды.
-Жазалау саясаты күшейді.
-Қазақ халқының саны келімсектердің келуі негізінде азайды.

Тарихи маңызы: жұмысшы табы қалыптасты,көп ұлтты ұжымдар
пайда болды,басқа индустриялық аудандармен экономикалық
байланыстар орнықты. Қазақстан аграрлы-индустриалды
мемлекетке айналды. Партияның ХҮ съезінде ауыл шаруашылығын ұжыдастыру бағыты жарияланды. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 ж. көктеміне қарай аяқтауды белгіледі. 1928ж.ірі-байлардың мал-мүлкін тәркілеуден басталды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:
Қатал жаппай қуғындаумен террорға негізделді, әкімшілік-күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
Күштеп ұжымдастыру зардаптары:
-Аштық 1930-1932ж.ж;
-шаруалардың наразылығының күшейуі;
-Шет мемлекеттерге көшіп кетуі;
-Мал санының кемуі.
Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды:
-Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.
-Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды. Бұл саясат –жоңғар шапқыншылығы кезіндегі апаттың
кеңестік нұсқасы болып табылады.
Full transcript