Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

«Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың түрлі жолдары. Дам

No description
by

Aidana Alimbet

on 29 May 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of «Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың түрлі жолдары. Дам

Курстық жұмыс

«Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың түрлі жолдары. Дамудың негізгі бағыттары»
Қорытынды
Сонымен, қорыта келгенде, қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесі дамуын үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынмен көбеюі (кейбір дерек көздері бойынша адамға қажетті білім мөлшері екі жылда, ал кейбір деректерге сүйенсек он сегіз айда екі еселенуде). Сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жаңадан білім беру жүйесі сапалы және терең білім үрдісінде жаңа педагогикалық, ақпараттық, инновациялық технологиярға бағытталуы тиіс. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсу арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы ұрпақ таңдауында шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны болашағына таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін, қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан бүгінгі күні білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің міндеті болып отыр.
Мен курстық жұмысымды екі негізгі бөлім бойынша қарастырдым. Еліміздің білім беру салаларында информатика саласының болашақ мамандарын даярлаудың бүгінгі жай-күйін талдау арқылы мұндай даярлықты жетілдіру мен дамытудың төмендегідей негізгі бағыттарын бөліп көрсеттім. «Информатика мен информатика пәні туралы» бөлімде жоғары оқу орнындағы информатика курсының зерттеу тақырыбын белгілеп, сонымен қатар оның пән саясын айқындауға әрекет жасадым. Информатика әлемнің қазіргі дамуы жағдайында информатиканы мынадай үш бөлім: теориялық информатика, әлеуметтік информатика, ақпараттық технологиялар аясында қарастырдым. «Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама» бөлімінде информатикадан ОӘК-нің әрқайсысының құрылымының компонентіне қойылатын талаптар іріктеп, жүйеледім. Соның ішінде информатика оқулықтарына қойылатын талаптарға, Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптарға, информатикадан дидактикалық материалдарға қойылатын талаптарға, информатика хрестоматиясына қойылатын талаптарға жеке – жеке тоқталдым. «Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру» бөлімінде информатика курсының тақырыптары оқыту әдістемесін қарастырдым. «Информатиканың философиялық негіздері» бөлімінде материя жайында, жүйе жайында, ақпарат жайындағы философиялық түсініктерге тоқталдым. Сабақты түрлендіру әдіс-тәсілдері бойынша «Қайталанатын процесстерді программалау» және «Таңдау операторы » тақырыбы бойынша сабақ жоспарын жасадым, көрнекіліктерге тест, слайд, крассворд, ребустар дайындадым. Мұны HTML – тіліндегі электронды оқулық түрінде жасадым. Сонымен қатар, интерактивті сабақ үлгілерін де келтірдім.

Мазмұны
Кіріспе

І бөлім. Информатика мен информатика пәні туралы
1.1. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама
1.2. Білім беруді ақпараттандыру және информатика мамандарын даярлау мәселелері
1.3. Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру
ІІ. Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқыту әдістемесі мен жолдары
2.1. Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері, курстың негіздемелері
2.2. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары
2.2.1. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытуды ұйымдастыру әдістері
2.3. Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
2.3.1. Компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі бастауыш мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін кеңейту, алгоритмдеу және бағдарламалау құзырлығын арттыру үшін оқулықтардан басқа қосымша электрондық құралдар қажет. Себебі дұрыс құрылымданған электрондық оқулықтарды пайдалану, мұғалімнің көмегінсіз оқушылар өз беттерімен білім ала алады. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың өз шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.
Сондықтан бұл проблеманы шешу мәселесі жұмыстың өзектілігі болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты
– информатика пәнін игеруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және алгоримдік әдіс-тәсілдерін жобалау және құру.
Жұмыс міндеттері:
- Жалпы білім беретін бастауыш мектепте информатика пәнін оқыту мазмұнын, оны оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;
- Информатика бастауыш мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
- Информатика пәнінің мазмұны мен құрылымын анықтау;
- 1-4-сыныпта информатика бойынша оқыту бағдарламаларына және бағдарламалық-әдістемелік кешендерді жіктеу және пайдалану үшін бағдарламалар тобын белгілеу;
- 1-4-сынып оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және әдістемелік нұсқауларын жобалау және құру.
Курстық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері
– егер информатика пәні бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені алгоритмдік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.
Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, бастауыш мектептің 1-4-сынып информатикасын оқыту теориясы мен әдістемесін талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді ескеру, оқыту үрдісін тұрақты бақылау, тиімді әдістерді оқу үрдісіне енгізу және оның нәтижелерін қорыту.
Зерттеу объектісі -
жалпы білім беретін бастауыш мектепте 1-4-сынып информатика пәнін оқыту үрдісінің әдістемесі.

Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық материалдармен қамтылған екі бөлімнен, суреттер және кестелермен, есептермен және зертханалық жұмыстармен, тестілік тапсырмалармен берілген тәжірибелік бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қорытындыдан тұрады.

Бастауыш сынып оқушыларын бағдарламалауға оқытуды академик А.П. Ершов белсенді түрде жүзеге асырды. 1979 жылы ол информатиканы балалар 2-сыныптан бастап оқу керектігін:

«...бұл дағдыларды негізгі математикалық түсініктермен және ұғымдармен бір уақытта, яғни жалпы білім беру мектептерінің төменгі сыныптарында қалыптастыру қажет. Осы жағдайда ғана бағдарламалық ойлау стилі мектепте қалыптасатын ғылыми білім, дағды және ептілік жүйесіне үйлесімді ене алады. Бұдан кеш жас шамасында мұндай стильді қалыптастыруға кездейсоқ қалыптасқан әдеттер мен ұғымдар қиындық тудырып, бұл үрдісті тежеуі ықтимал»
– деп айтқан болатын.

Ғалымдардың, практик–мұғалімдердің пікірінше, пропедевтиқалық курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

Бастауыш мектепте информатиканы
оқытудың мақсаттары мен міндеттерін

Информатикадан ОӘК-нің әрқайсысының
құрылымының компонентіне қойылатын талаптар іріктеліп, төмендегіше жүйеленді:

Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптарды
анықтап жүйелеуде оқулық функциялары:
Full transcript