Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Тақырыбы: "Лалагүлдер тұқымдасы өкілдерін in vitro әдісі жолымен көбейту арқылы сақтау"

No description
by

Kuanishbekova Perizat

on 4 December 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Тақырыбы: "Лалагүлдер тұқымдасы өкілдерін in vitro әдісі жолымен көбейту арқылы сақтау"

«
Лалагүлдер тұқымдасы өкілдерін in vitro әдісі жолымен көбейту арқылы сақтау
»

design by Dóri Sirály for Prezi
Эксперименттік бөлім
Реактивтер мен құрал-жабдықтар:
метилоранж қоспасы;
7%-дық тұз қышқылы ерітіндісі,
натрий гидроксидінің ерітіндісі;
КУ-2 катионы,
бюретка;
стақандар;
воронкалар;
әйнек таяқшалар;
өлшеуіш пипетка (10мл).

Катиониттің дайындалуы:
15 г КУ-2 катионидіне су құйып 5 сағатқа буландыруға қояды. Содан соң катионитті сумен араластырып шайқайды және колонкаға алмастырады, 10 мл 7 % тұз қышқылы ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызып тығынмен бекітіп араластырады.Алдыңғысы мақталық тампон күйіне түспейінше, әрбір келесі ерітінді порциясын құяды. Катиониттің беткі қабатында ауаға толған каналдар пайда болып кетпес үшін,сұйықтықтың катиониттің бетінен төмен түсіп кетпеуін қадағалап отыру қажет.
Соңғы порция қышқылданған соң азот қышқылының күміс нитратымен реакцияға түсірмеу керек.
Қысқартылған әдіс бойынша натрий хлоридінің алынуы:
5-грамға жуық өнімді үгітеді, жоғары температураға шыдамды стақанға салады, 50 мл су құяды, қайнағанға дейін жылытады, араластырады. Қажетінше ерітіндінің бөлігін құрғақ колбаға фильтрлейді. Пипеткамен 10 мл ерітіндіні алып, иондық алмасу жүру үшін колонкаға салады.
(Сурет 1 - Сурет 14)

Титрлеу:
Титрлеу үшін колбаға 3-4 тамшы метилоранж қосады және концентрациясы белгілі сілті ерітіндісімен түсі сарғыш-шөп түстес болғанша титрлейді. (Сурет 15 - Сурет 18)

Зерттеу нәтижесінде келесідей:
Нормативті-техникалық құжаттармен танысып, теориялық әдебиеттерге шолу жасалынды (ГОСТ: 3622-68, 3626-73, 5867-90, 3624-92 3626-73, 3627-57, 37-91, 52253-2004).
Май өнімдерінің құрамындағы натрий хлориді мөлшерін анықталды.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 2012-2013 жылдары жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік:
Экспериментте
сиыр майы
мен
Шемонайха
майында ас тұзының (NaCL) массалық үлесі ГОСТ стандартта көрсетілген нормадан біраз асады, бұлардың ішінде тек
VITА
және
Багратион
майлары ГОСТ стандартына сәйкес келеді.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі ГОСТ стандартта көрсетілген нормаға сәйкестігі эксперименттік жолмен анықталды.
Осы таблицадан мынадай қорытындыға келуге болады:
экспериментте
сиыр майы
мен
Шемонайха
майларында ас тұзының массалық үлесі ГОСТ стандартта көрсетілген нормадан біраз асады, бұлардың ішінде тек
VITА
және
Багратион
майлары ГОСТ стандартына сәйкес келеді.
Қазақстандағы жануарлар майының қолданылуы мен шығарылуы туралы мынаны айтуға болады. 1990 жылы оның орташа қолданылуы (833 мың тонна) физиологиялық нормаға жақындаған. 1990 жылдан кейін майдың қолданылуы мен шығарылуы тез түсіп қалды (262 мың тонна), 2000 – 2005 жылдары (382 мың), 2011 -2012 жылдары (421 мың) қазір жақсы жаққа көтерілуі көрініп тұр. Жаңа 21-ғасырдың басында майдың ассортименті тез жайылды, таяу жылдарда отанымыздың майына сұраныс көбеюі күтіліп отыр .
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінің қолданылуы мен тәжірибеге енгізілуі, апробациядан өтілуі жас ғалымдар мен студенттердің
«Ғылым мен бизнес кооперациясының мәселелері мен перспективалары»
атты 2013 жылдың 3-5 сәуір аралығында өткен жаратылыстану ғылымдарын оқытудың өзекті мәселелерін шешу жолдарын анықтауға арналған III Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында химия секциясы бойынша баяндама жасалды.
Алынған нәтижелер орта мектептердегі ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін кеңінен қолданылуы мүмкін.
Сурет 1
Сурет 2
Сурет 3
Сурет 4
Сурет 5
Сурет 6
Сурет 7
Сурет 8
Сурет 9
Сурет 10
Сурет 11
Сурет 12
Сурет 13
Сурет 14
Сурет 15
Сурет 16
Сурет 17
Сурет 18
Сурет 19
Есептеу:


0.1-коэффициент (миллилитрді литрға және барлығын процентпен алғанды ескергендегі)
С(NaOH)=0.1 мл
V(пип)=10 мл
V(су)=50 мл
Mr(NaCl)=58.5


Зерттеу жұмысының мақсаты:
Лалагүлдер тұқымдасы өкілдерін in vitro әдісімен көбейту арқылы сақтауды Бұйра лалагүл мысалында жүзеге асыру.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Лалагүлдер тұқымдасы тақырыбында теориялық әдебиеттерді шолу;
Бұйра лалагүлді in vitro әдісімен культуралаудың технологиясын жасау;
Өсімдік экспланттарын культуралаудың қолайлы жағдайы мен қоректік орталарын анықтау;
Бұйра лалагүлдің микрокөбею кезеңдерінде өсу және жетілу ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысаны:

Бұйра лалагүл.
Зерттеу жүргізілген орын:
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің өсімдіктердің биотехнологиялық зертханасы.

Жоба авторы:

Дарынды балаларға арналған
облыстық мамандандырылған
мектеп-лицей-интернаты,
Қуанышбекова Перизат, 11 -сынып
Ғылыми жетекшілері:
Абраимова Гүлназ Тлеубердіқызы, Абдрахманова Айнур Серікқызы
Дарынды балаларға арналаған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия-биология пәнідерінің мұғалімдері
 
Ғылыми кеңесші:

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кеңесші
б.ғ.д.,профессор Мырзағалиева Анар Базаровна

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазіргі таңда өсімдіктердің түрлік алуандылығын сақтап қалу мәселесі экологиялық жағдайдың әлсіреуі, адамзат баласының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерінің ұлғаюы, табиғи ресурстарды үнемсіз қолдану себептерінен өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көптеген түрлердің табиғатта сирек кездесуі мен таралуының азаюы олардың түр ретінде мүлдем құрып кетуіне себеп болып тұр.
Шығыс Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін өсімдік түрлерін қорғауға арналған бірсыпыра іс- шаралар ұйымдастырып, бағдарлама жасалған және олар қолданысын тапқан. Қызыл кітапта Шығыс Қазақстан облыснан бүгінгі күнде жойылып кету қаупі бар өсімдік түрлерінің тізімі көрсетілген.
Кейінгі кездерде әлемде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін залалсыз (стерильді) ортада культурада өсіру кеңінен қолданылуда, өйткені тұқымымен көбейту әр кезде толық нәтиже бермейді.
Культурада өсірудің ең қолайлы әрі нәтижелі тәсілінің бірі ­– клондық микрокөбейту.
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді биотехнологиялық тәсілдердің көмегімен көбейту қазіргі таңда өсімдіктер әралуандылығын сақтап қалудың бірден бір жолы, сондықтан бұл мәселе зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі.

Гипотеза:
Егер бұйра лалагүлді in vitro культурасында жетілдіру және көбейтудің қолайлы жағдайларын анықтап алсақ, осы түрді сақтап қалудың жолы ретінде ұсынуға болады.
Ғылымға енгізетін жаңалығы:
Бұйра лалагүлдің микроклондық көбею үрдісіне жүйелі талдау жасалып, in vitro әдісімен лалагүлдің егілетін материалын өндіру технологиясының негізгі элементтері анықталды. Өсімдікті культуралау жағдайларымен, экспланттарды бөлу мерзімімен, фитогормандардың концентрациясын мөлшерлеумен және қоректік ортаның құрамымен байланысты кейбір сұрақтар зерттеуге алынған түр үшін алғаш рет зерттелініп отыр.
Зерттеу жұмысының болашағы:
Ғылыми жоба нәтижесін мектеп курсында қосымша мәлімет ретінде, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалудың жолы ретінде пайдалануға болады.

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтау тәсілінің бірі ­– клондық микрокөбейту
Өсімдіктер биотехнологиясы клеткаларды өсіру әдістеріне негізделеді. Экономика жағынан маңызды заттарды алу үшін дайындалған клеткалық технологияларда клеткалық масса қолданылады, өйткені клеткалар іn vitro жағдайында бүтін өсімдікке тән биосинтездік потенциалын сақтайды.
Селекция мен өсімдік шаруашылығында құнды элиталық өсімдіктерді көбейту үшін клондық микрокөбейтудің маңызы зор. Клондық микрокөбейту - өсімдіктерді іn vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбейту. Пайда болған клон өсімдіктер бастапқы өсімдікпен генетикалық жағынан бірдей болады. Клондық микрокөбейту әдісінде дағдылы вегетативтік жолмен көбейтумен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Олар:
1) жылдам көбею мүмкіншілігі, яғни көбею коэффицентінің өте жоғарлығы. Мысалы, картоп дақылының бір өсімдігінен in vitro жағдайында 7-8 айдың ішінде 30-40 мың түйнек немесе клон өсімдіктер алуға болады.
2) сұрыптау процесін жылдамдату.
3) өсімдіктерді вирустар мен патогендік микроағзалардан сауықтыру.
4) үнемділігі.
5) өсу процесін үздіксіз жүргізуге мүмкінділігі.
Клондық микрокөбейту әдістері іn vitro жағдайында қолтық бүршік меристемаларын өсіруге және басқа экспланттардан немесе каллустардан бүршіктер мен эмбриоидтарды өсіруге негізделген.
Клондық микрокөбейту 4 этапта өтеді:
І – эксплантты іn vitro жағдайында өсіру;
ІІ – микрокөбейтудің өзі;
ІІІ – көбейген өркендерді тамырландыру;
ІV- өсімдіктерді топыраққа отырғызу.
Клондық микрокөбейту нәтижесі өсімдіктің генотипіне, жасына, экспланттың тегіне, қоректік ортаға, өсіру жағдайларына байланысты.

Лалагүлдер тұқымдасы
Лалагүл тұқымдасы (Lіlіaceac) — дара жарнақтылар класына жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.


Бұйра лалагүл
 
Көпжылдық шөптекті өсімдік.
Жапырағы таспа немесе қандауыр пішінді, 5-6 данадан.
Гүлдері ірі, күлгін дақтары бар қою қызғылт түсті, ішке қайырылған, сабағында 3-10 жапырақтан.
Маусым немесе шілде айларында гүлдейді.
Құрамында бал бар.
Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Бұйра лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі.
Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады.
Сирек кездесетіндіктен Қызыл кітапқа енген өсімдік.


Эскперименттік бөлім
Зерттеу жүргізілген жері
Зерттеу жұмысы этап бойынша жүргізілді:
Лабороториялық жұмыстарға керек материалдар ШҚО аймағы Улбі жотасынан алынды.
Лабороториялық жұмыс С.Аманжолов атындағы ШҚМУ өсімдіктердің биотехнологиялық зертханасы базасында жүргізілді. Бұл өсімдіктердің клондық микрокөбею мәселесімен айналысатын Өскемен қаласындағы жалғыз зертхана. Зертхана базасында бүкіл Қазақстанның Алтай бөлігі бойынша іn vitro мәдениеті банкын құру барысындағы жұмыстар жүргізіледі.

Зерттеу жұмысы жүргізілген уақыт
 
Мамыр - маусым 2014 жыл - далалық зерттеу;
Шілде - тамыз 2014 жыл - лабороториялық зерттеу;
Қыркүйек - 2014 жыл -анализ және ретке келтіру жұмыстары.


Зерттеу жұмысының жүргізілу әдісі
 
Материал ретінде бұйра лалагүл пиязшығы қолданылды.
Алғашқы экспланттар ретінде жапырақтарын пайдалану ыңғайсыз. Зерттеулер жалпы қабылданған классикалық әдістемелер негізінде, оңашаланған ұлпалардың культурасы әдісімен орындалды.

Статистикалық мәліметтер Б.А. Доспехованың методикасы бойынша жүргізілген.


Бұйра лалагүлдің пиязшығы


Тәжірибеде стерильді қоректік ортада бұйра лалагүлдің жасушалары жылдам бөліне бастады.
Соның нәтижесінді көп ұсақ жасушалардан тұратын дифференциацияланбаған каллюсмеристемдік құрылымды масса пайда болды.
Кейіннен осы бірқалыпты жасушалардан түзілген массада дифференциацияланған ошақтар пайда бола бастайды, бұл жасушалардың екінші реттік дифференциациясы.


Эксплант 7 – 10 тәулікте өсе бастады, кейбіреулері қоректік ортаға ауыстырғаннан бастап 13 – 15 тәулікте өсе бастады.

Осындай жолмен алынған өскіншелер ассептикалық ортада фрагменттерге бөлініп алынып топыраққа отырғызылды.

Лабораториядағы өсімдіктердің адаптациясы

Бұйра лалагүлді in vitro жолымен көбейту кезінде жапырақ түзуі жылдам жүреді, біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде ол 7-15 күнді құрайды. Барлық пробиркалардан біз жақсы жетілген жапырақтарды көреміз.
Бір айдан кейін кейбір пробиркалардағы жапырақтардың ұзындықтары 10 см-ға дейін жетті. Сол себепті жапырақтардың ұзындықтары әр пробиркада әр түрлі болып келді.


Зерттеулер нәтижесінде іn vitro әдісімен көбейтудің дағдылы вегетативтік әдіспен көбейтуден өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары барын төменгі кестеден көруге болады:


ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда өсімдіктердің түрлік алуандылығын сақтап қалу мәселесі экологиялық жағдайдың әлсіреуі, адамзат баласының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерінің ұлғаюы, табиғи ресурстарды үнемсіз қолдану себептерінен өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көптеген түрлердің табиғатта сирек кездесуі мен таралуының азаюы олардың түр ретінде мүлдем құрып кетуіне себеп болып тұр.
Кейінгі кездерде әлемде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін залалсыз (стерильді) ортада культурада өсіру кеңінен қолданылуда, өйткені тұқымымен көбейту әр кезде толық нәтиже бермейді.
Культурада өсірудің ең қолайлы әрі нәтижелі тәсілінің бірі - клондық микрокөбейту. Клондық микрокөбейту әдісінде дағдылы вегетативтік жолмен көбейтумен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Олар:
жылдам көбею мүмкіншілігі, яғни көбею коэффицентінің өте жоғарлығы.
сұрыптау процесін жылдамдату.
өсімдіктерді вирустар мен патогендік микроағзалардан сауықтыру.
үнемділігі.
өсу процесін үздіксіз жүргізуге мүмкінділігі.
Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізе отырып:
Ең алдымен лалагүлдер тұқымдасы тақырыбында теориялық әдебиеттерді талдау жұмыстары жүргізілді;
Бұйра лалагүлді in vitro әдісімен культуралаудың технологиясы жасалды;
Өсімдік экспланттарын культуралаудың қолайлы жағдайы мен қоректік орталары анықталды;
Бұйра лалагүлдің микрокөбею кезеңдерінде өсу және жетілу ерекшеліктері зерттелді.
Осылайша, жүргізілген зерттеулер нәтижесі биотехнологияның тиімді тәсілдерінің өсімдіктің культурасын зертхана жағдайында аз уақыт ішінде өсіріп, түрдің сақталуына әсер ететіндігін дәлелдеді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Лалагүл пиязшығынан эксплант алынды. Алғашқы материал ретінде in vitro культурасына кіру үшін жансыздандырылған клеткалар пайдаланылды. Оларды 50-60 секунд 95%-дық этил спиртінде 7-10 мин стерильденді. Экспланттар стерильді пробиркаларға фитогармондарсыз агарланған Мурасиге-Скуга қоректік ортасына салынып, 3-5 клк жарықтануда, 16 сағаттық фотопериодта, 24 0 C температурада және ауа ылғалдылығы 70% -да, in vitro жағдайында өсірілді.
Full transcript