Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

No description
by

Bauyrzhan Tolegenov

on 1 December 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Жоспар:
Кіріспе
Қартаю- барлық тірі жандарға тән, адам ағзасы « қартаюының» жалпы биологиялық заңдылығы.
Қарттылық- өліммен аяқталатын, онтогенездің ақырғы табиғи сатысы. Геронтология- қарттылық жөніндегі ғылым, ол қартаюдың негізгі заңдылықтарын зерттейді. Гератрия- қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін ,ағымын, емін және алдын алу шараларын зерттейді. Геронтологияның басты міндеті адам өмірін ұзартумен қатар, қарт адамдардың еңбекке және қоғамдық қызметтерге белсене араласуына мүмкіндік беру болып табылады.
1. Қартаю және өлім
Қартаю барысында қартаюға дейін бұрынырақ басталатын және функциональдық бейімдеу мүмкіндіктерінің біртіндеп шектелуіне әкеліп соқтыратын жас шамалық өзгерістер заңды түрде өтеді. Қарттылық бұл емдейтін ауру емес, ол әрбір адамның жеке даму сатысы. Қартаюға байланысты туындайтын өзгерістер күнтізбектік жас шамасына байланысыты болуымен қатар, әлеуметтік факторлерге де байланысты болады.
Қарттылық өзгерістер ең алдымен адамның сыртқы келбетінен біліне бастайды: дене сымбаты және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда болады, терінің серпінділік қасиеті жоғалады, көздің көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтау қабілеті төмендейді.
Қартаю механизмі
Қартаю механизмі - бұл генетикалық, реттеу және трофикалық өзгерістердің күрделі өзара әсерлесу нәтижесі. Адамның белсенді өмірін ұзарту үшін салауатты өмір сүру, еңбек ету, дене шынықтырумен, спортпен айналысу, ұтымды және үйлесімді тамақтану қажет болады.
3.Қартаю кезіндегі организмнің өзгерістері
Тұтас организм деңгейінде қартаю кезінде шаш ағарып, түсе бастайды, көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды, тіс түседі. Тері жұқарып, құрғайды. Сол себептен ол қатпарланып, бетте әжім пайда болады. Сонымен бірге адамның қол жұмысын атқаруға қабілеті төмендейді. Бұл кезде адамның қоршаған орта жағдайларына бейімделу мүмкіншіліктері азаяды. Сондықтан бір себептен болмаса, екінші бір себептен кәрі адамның көз жұмуы сөзсіз. Өйткені олардың ішкі ортасының тұрақтылығын қадағалау мүмкіншіліктері бұзылады.
4.Қартаю кезіндегі жүйелердің өзгерістері
Қартаю кезіндегі мидың сыртқы қыртысының жүйке жасушалары азайып, глия жасушалары көбейеді. Бұл кезде мидың басқа аумақтарында елулі өзгерістер болмайды. Нейрондардың денесінде липопусцин жиналады. Осыдан келіп олардың  функциялық қасиеті өзгереді, серпінділердің жүйкелер арқылы өткізілу жылдамдығы баяулайды, туйіспелерде жүйкелік медиаторлардың түзілуі және рефлекстер әлсірейді. Сонымен бірге қартаю  кезінде жадыда сақтау қабілеті бұзылады, оқуға құштарлық азаяды. Бірақ бұрынғы қалыптасқан әдет, сөз қоры,алынған білім жастың ұлғаюына қарай көп өзгермейді. Бұл кезде мидың біршама құрылымдары әртүлі өзгерістерге ұшырайды. Соның ішінде гипоталамустың өзгерістері дербес жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйенің өзгерістеріне әкеліп, адамның қартаюына бірталай ықпал етеді.

5.Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Жасушалар өсіп-өніп көбеюі, тіршілігін жоғалтқанда жасушалардың орнын толтыру үшін олардың тектік құралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ, нәруіздар түзіліп тұруы керек . ал , қартайған организмдерде олардың түзілуі , жасушалардың жаңаруы қатты азаяды. Оның себебін жасушалардың қабықтарындағы қанықпаған май қышқылдарының асқын тотығуға ілігіп кетуімен түсіндіруге болады. Қартаю кезінде байқалатын созылмалы гипоксияның, ойсоққылық жағдайлардың т.б нәтижелерінде , ферменттік және ферменттік емес антиоксиданттық жүйелердің тапшылығы дамып ішкі ағзалар мен тіндердің жасушалары мен олардың ішіндегі  құрылымдардың мембраналарында майлардың асқын тотығуы артып кетеді. Осыдан оларда бос радикалдар , гидлоасқын тотықтар жиналып қалады. Бұлардың әсерлерінен жасушалардың ядроларында ДНҚ молекуласының өзгерістері пайда болады, РНҚ, нәруіздардың түзілуі бұзылады. Бұл өз алдына жасушалардың өсіп-өнуіне бөгет жасайды. Сондықтан қартайған организмдерде :
Корытынды
Қорыта келе, қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Қарттылық өзгерістер ең алдымен адамның сыртқы келбетінен біліне бастайды: дене сымбаты және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда болады,терінің серпінділік қасиеті жоғалады, көздің көру және есту қабілеті нашарлайды,есте сақтау қабілеті төмендейді.

GOAL!
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра:
Молекулалық биология және медициналық генетика
СӨЖ
Тақырып:
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері
Орындаған: Толегенов Б.А. 102 МПІ
Тексерген: Ордабаева И.Н.
Семей 2015 жыл.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.Қартаю және өлім
2.Қартаю механизмі
3.Қартаю кезіндегі организмнің өзгерістері
4.Қартаю кезіндегі жүйелердің өзгерістері
5.Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
III Қорытынды
IV Әдебиеттер
Мүшелік деңгейде қарт адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды, артериальды қан қысымы көтеріледі, атеросклероз дамиды. Жыныс бездерңінің инволюциясы кері дамуы байқалады, жыныс және қалқанша без гормондарының түзілуі төмендейді, негізгі зат алмасуы төмендейді, асқорыту мүшелерінің жұмысы әлсірейді.
Жасушаларда судың мөлшері азаяды, иондардың белснді тасымалдануы, ДНК репликациясы фермменттер жүйесінің және тотығу реакцияларының белснеділігі, а-РНК түзілуі, ДНК репарациясы төмендейді, осының әсерінен генді және хромосомды мутациялар жинақталады.
Энергетикалық болжам
: Әрбір түрдің белгілі бір энергетикалық фонды болады, оны шығындап адам ағзасы қартаяды және өледі.
Гормональды болжам:
Қартаюдың себебі - жыныс гормондары өнімдерінің төмендеуі
Интоксикалық болжам
: Қартаю себептері- азоттық алмасу өнімдерінің жинақталу нәтижесінде және тоқ ішектегі шіріген өнімнің әсерінен өздігінен улану.
Орталық жүйке жүйесінің зорығуы, яғни аса тым жүктемемен жұмыс істеуі:
Жүйке жүйесіндегі қиналыстар және зорығу мезгілінен бұрын қартаюды тудырады.
Дәнекертінді болжам:
Дәнекер тініндегі өзгерістер тіндер аралық өзара әсерді бұзады.
Жасуша цитоплазмасының коллоидты қасиетінің өзгеруі:
Қартаюға әкеліп соғады
Бейімделу реттеу болжамы:
бейімделу және реттеу процестерінің бұзылуын айтады.
Кейінгі уақытта генетикалық біраз жаңалықтардың ашылуына байланысты адамның өмірін ұзартуға болады деген оңтайлы пікірлер төңірегіндегі ғалымдар ойларын сөзге тиек етсек, ол адамның өмірін ұзартуға болады деп айтуға әлі ерте. Қазірдің өзінде сирек болса да 150 жыл өмір сүретін адамдар кездесіп қалады. Дегенмен, адамның өмірі тек биологиялық процестерге ғана байланысты емес. Мәселен, экономикасы нашар дамыған Африка, кейбір Азия және Латын Америкасы елдерінде адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 45-50 жас төңірегінде болса, экономикасы мықты дамыған елдерде 70 жас болып есептелінеді. Тағы бір ерекше әсер ететін жағдай - ол адамдар өмір сүретін табиғи қоршаған ортаның тазалығы болып табылады. Егер ол орта алуан түрлі өнеркәсіп қалдықтарымен ластанған болса, әрине адам сөз жоқ ауруға шалдығып, мезгілінен бұрын өледі.
Әйтсе де санасатын және мойындауға тура келетін тағы бір фактор бар. Ол барлық тірі ағзалар жасушаларының өлу заңдылығы. Бұл тіпті генетикалық ақпаратта алдын-ала бағдарланып қойылған. Оны ғылым тілінде апоптоз немесе жасушаның физиологиялық өлімі деп атайды.
Қарт адамдарда гипофиз бен бүйрек үсті бездерінің өзара қатынасы бұзылады. Гипофиздің ртопиндеріне бүйрек үсті бездері және кортикотероидтардың қандағы деңгейіне гипофиз, кері байланыс бойынша, әлсіз жауап қайтарады. Шеткері ағзалар мен тіндердің жасушаларында(лимфоциттер мен гепатоциттер) кортикостероидтарды қабылдайтын рецепторлар азаяды. Осыдан әртүлі қоздырғыштарға қарттардың төзімділігі төмендейді. Қартаю кезінде гипофизде тиреотропин түзілуі азаюдан қалқанша бездің қызметі төмендейді, зат алмасу үрдістерінің реттелуі бұзылады. Бұл кезде ұйқы безінің қызметі әлсіреуінен инсулин аз өндіріледі және өндірілген инсулиннің өзі қанда тез әсерсізденеді. Сонымен бірге,тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендейді. Осылардың нәтижесінде қарт адамдардың организмінде инсулиннің жеткіліксіздігі, қантты диабеттің, инсулинге тәуелсіз 2-жиі дамиды.
Адамның жасына қарай ерте кері дамитын бездерге айырша безі жатады. Ол балаларың жыныстық эетілуінен бастап ұдайы кішірейе береді және оның атқаратын қызметі де кемиді. Бұл өзгерістер имммундық жүйеге белгілі мөлшерде ықпал етеді.
Бұл өзгерістер лимфоциттердің, плазмалық жасушалардың қалыпты мөлшерінде және қанда иммуноглобулиндердің әдеттегіден артық болуымен қабаттасады. Сондықтан қартаю кезіндегі иммунитеттің өзгерістері иммундық жүйенің реттелуінің бұзылыстарынан болады. Жасы ұлғайған адамдардың қанында аутоантиденелердің мөлшері артады. Қарт адамдарда жиі кездесетін: аурулардың даму негізінде осы иммундық жүйенің жұқпалар, өспе өсуіне бейімділік, қарттық амилоидоз, қан тамырларының атеросклерозы немесе басқа аурулары, кейбір ми бүліністері, ұйқы безі мен қалқанша бездің бұзылыстары т.б жасқа байланысты өзгерістері жатады.
Сонымен қатар, қарттардың басқа жүйелерінде де  өзгерістер пайда болады; сүйек кемігінде қан өндірілу азаяды, бүйректің қызметі әлсірейді, ішек-қарынның сөл шығару қабілеті төмендейді, бұлшықеттердің күші және талдағыштардың (анализаторлардың) функциялары әлсірейді. Дегенмен қартаюды организмнің барлық функуияларының кері дамуы, әлсіреуі деп қарауға болмайды. Бұл кезде, көрсетілгендермен бірге , қоршаған ортаның жаңа жағдайларына белгілі мөлшерде организмнің бейімделуі  болады. Ол адамның өмірлік тәжірибесіне байланысты жаңа сапалы жоғары деігейде болуы мүмкін.
— ферменттердің, нәруыздардың, пептидтікгормондардың, қан жасушаларының аз өндірілуі ;
— микробтарға қарсы антиденелердің аз түзілуі;
— мида жаңа шартты байланыстардың бекімеуі т.с.с көптеген құбылыстар байқалады. Шын мәнінде сүйек кемігінің бағаналы жасушалары мен ішек үңгіршіктерінің жасушалары жас ұлғаюына қарай азаятыны белгілі.

Әдебиеттер
1.Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері: оқу құралы - Алматы: "Эверо",2009
2.Стамбеков C.Ж. Петухов В.Л. Молекулалық биология, Новосибирск: Семей МУ 2003

3.Алиханян С.И., Акифьев А.П., Чернин Л.С. Общая генетика.
4.
Full transcript