Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Шығыс және Батыс өркениеті

No description
by

Armanai Turganbaeva

on 2 April 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Шығыс және Батыс өркениеті

Батыстық өркениет - елдер жиынтығы, оларға ортақ қасиеттер: дамыған экономика, жеке тұлғаның еркіндігін, жеке меншіктің, адам құқығына басымдық беруді мойындайтын құндылықтар жүйесі және т.б. Көне Грекиядан бүгінгі күнге дейінгі сақталған Еуропалық халықтар мен елдердің мәдениеттерінің жиынтығы ретіндегі еуропалық мәдениеттің синонимі. Екінші кең таралған мәні – Батыc Еуропа ауқымынан шығып, Солтүстік Америка мен Австралияны, т.б. бірқатар елдерді қосып алатын батыстық әлемнің құндылықтары мен өмір салтының мәдени өздігінше орындалуының тәсілі.
"Батыстық" ұғымды шығыстық мәдениеттен бөліп жіктейді, ал, "өркениет" үғымы ішкі тынысты және мәдени ұстанымдарды ғана емес, сонымен қатар жиынтығында батыстық мәдениет әсерін туғызатын оның салдарын, нәтижесін, батыстық мәдениеттің технологиялық жабдықталғанын білдіреді. Бұл тұрғыда сөз мәдениеттің үстемдік етуші түрі жайлы болып отыр. Қазіргі зерттеулерде әдетте Батыc өркениеті еуропалық техногенді мәдениетпен теңестіріледі. Техника мен ғылыми жетілген технологиялар еуропа өркениетінің мүмкіншілігін арттырды. Еуропалық ғылымға негізделген мәдениет үнемі жаңарып, өндірісті модернизациялап, бүкіл әлеуметтік өмір салтын өзгертуді білдіреді.
Астанадан 5 шақырым жерде
Үндістан
Қытай
Өркениет
Батыс өркениеті
Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Шығыс өркениеті
Шығыс өркениет – шығыс мәдениеттерінің әр түрлі уақыт және мекен кеңістігіндегі даму деңгейін бейнелейтін жалпы атау. Шығыс өркениеті көп жағдайда Батыс өркениетіне қарама-қайшы ұғым ретінде қолданылып, дәстүрлі қоғамның батыс мәдениетінен ерекшелігін айғақтай түсу үшін пайдаланылады. Шығыстағы дала өркениеті, ислам өркениеті, қытай өркениеті, үнді өркениеті, т.б. сипаты жағынан әр алуан және әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар мәдениеттердің болуы олардың бастау алатын рухани, діни, мәдени бастауларының әрқилылығымен анықталады. Жалпы адамзат өркениетінің ішінде өзіндік қайталанбас ерекшелігімен, рухани құндылықтарға қосқан мол үлесімен ерекшеленетін қазақ мәдениеті де дала өркениетінен бастау алатын, ислам өркениетімен құнарлана түскен жалпы Шығыс өркениет аясындағы дербес төл өркениет.
(лат. civilis - азаматтық)
- қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.
Мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер.
Өркениет - мәдениеттің ақыры, оның "кәрілік" шағы, руханилықтың антиподы.
Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты
Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен Мәдениет ұғымының мағыналарын жоғарғыдағыдай топтастыруға болады:
Тайлор Эдуард Барнетт (1832-1917)
Иоганн Готфрид Гердер (1744-1803)
Жан Жак Руссо
(1712-1778)
Шарль Франсуа-Мари Фурье (1772-1837)
Освальд Шпенглер (1880-1936)
Дэниел Белл
(1919-2011)
Вольтер (Франсуа Мари Аруэ) (1694-1778)
Льюис Генри Морган (1818-1881)
Николай Яковлевич Данилевский (1822-1885)
Арнольд Джозеф Тойнби (1889-1975)
Греция мектебі
Рим мектебі
Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетінің айырмашылығы[өңдеу]
Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет

Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.

Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.

Назарларыңызға
рахмет!!!
Шығыс пен Батыс
өркениеті
Full transcript