Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИН

No description
by

Abdikaimov Sergazy

on 23 April 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИН

Қазақстан экономикасындағы инвестициялық қызметтерді қаржыландыру ішкі және сыртқы көздері арқылы ұдайы өндіріс үрдістерін жандандыруға бағытталған.
Еліміздегі шетел инвестицияларының рөлін келесі факторлармен атап көрсетуге болады:

Шетел инвестициялары ұлттық компанияларымыздың және мемлекеттің активтеріне келесідей түрде жұмсалады: жұмыс істеп тұрған немесе жаңа өндірістік объектілерге инвестициялар; отандық компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсау; халықаралық қаржылық ұйымдардан немесе шетелдік коммерциялық банктердің қарыздары; сауда маркаларын, патенттерді, акцияларды, лицензияларды сатып алу.[1]
Қолайлы бизнес-климат және саяси тұрақтылық Тікелей шетел инвестициялардың Қазақстанға көп мөлшерде құйылуына мүмкіндік туғызды, 2005 жылдан бері Қазақстанға 203 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға Тікелей шетел инвестициялары тартылды.(1-сурет). [2]
Қазақстанның тікелей шетелдік инвесторлардың құрылымында біріккен және шетелдік кәсіпорындар басым. Қазақстан үшін басым салаларға сәйкес айрықша инвестициялық потенциалы бар 20 инвестор елдер анықталды: Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, Люксембург, Нидерланды, БАӘ, Саудиялық Аравия, АҚШ, Франция, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония, Индия, Бразилия, Швеция, Малайзия.[3]
Жоғарыда атап кеткен мемлекеттер ішінде Қазақстанға ірі-инвестициялық қаржы жұмсап жатқан елдерді 2-суреттен көруге болады.
Суретте берілген мәліметтер бойынша Нидерланды елінің инвесторлары басқа елдерге қарағанда біршама жоғары екені байқалады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі негізінен отын өнеркәсібінде шоғырландырылған. Себебі, бұл салада өнімді экспорттау есебінен жоғары пайда алудың мүмкіндіктері бар. [2]
Назарларыңызға рахмет!
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫНЫҢ РӨЛІ
Абдикаимов С.А. Қыдырша М.М. Сансызбаев Ш.А.
Ғылыми жетекші: Жеңісхан Дарима э.ғ.к доцент

- халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз түрінде шетел инвестицияларының келуі;
- ірі инвестициялық жобаларға тікелей шетел инвестицияларын тарту мүмкіндігі;
- жаңа техника, технологиялар және де өндірісті ұйымдастырудың прогрессивті формаларын алуы;
- халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы.

1-сурет. 2005-2014 жылдардағы Тікелей Шетел Инвестицияларының көлемі.
Қазақстанға тартылып жатқан тікелей шетелдік инвестицияларды, тек отын-энергетика өнеркәсібіне емес басқа салаларға жұмсауға ұсыныс білдіреміз.
Соның ішінде ауыл шаруашылығына тоқтала кетсек, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі (салыстырмалы бағада) 2013 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялардың салым үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде 0,1 пайыздық тармаққа ұлғайып, 2,5% құрады. Саланың негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі (жалпы көлемінен 75,5%) инвесторлардың меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемінде едәуір салымы маусымдық дақылдарды өсіруге (56,4%) және мал шаруашылығына (27,4%) келеді.
Осыған орай біздің ұсыныс беретін саламыз бұл ауыл шаруашылығы. Неліктен ауыл шаруашылығы дегенде мынадай шешімге тоқталып өтсек. Біріншіден отын өнеркәсібіне деген сұраныстардың төмендеуі, ол әлемдік нарықтағы құлдырауларға байланысты болып отыр. Екіншіден өндіру орындары мен өңдеу технологиялары қарқынды дамыған деп айта алмаймыз.
Ал ауыл шаруашылығының тиімді жақтарына тоқтала кетсек;

- еліміздің 52%-ға жуығын ауыл шаруашылығы құрап отыр, яғни бұл жерде ауылдарда жұмыссыздықтың төмендеуіде көзде тұтылған;
- инвестор елдермен келісе отырып, шаруашылық алқаптарын ұлғайту;
- аз шығын жасап көп пайда алу мүмкіншілігі бар;
- республикадағы бос жерлерді түрлі шаруашылық салаларымен айналысуға мүмкіндіктер жасау;
- азық-түлікпен қамсыздандыру біршама арта түседі, бұл мемлекеттің экономикасына тікелей әсер етеді;
- егістік алқаптар мен жайылым жерлерді асыра отырып мынадай мүмкіндіктерге ие боламыз: ішкі табыстың мол болуы, түрлі дәнді-дақыл түрлерінен келетін табыстар, мал басы санының көбеюі;
- мемлекеттің жұмыспен қамтылуын, дамуын кешеуілдеткен ауылдарды қарқынды дамытуға үлес қосады деген ойдамыз.

Қазіргі таңда әлемдік экономикада инвестицияның маңызы өте жоғары бағаланып отыр. Инвестиция арқылы мемлекеттің экономикасы қарқынды дамитынына көз жеткізуге болады. Тек қана шетелдік инвестицияларды тартып қана қоймай, шетелге инвестор ретінде алға қадам басу мүмкіншіліктеріне қол жеткізу қажет.
Әдебиеттер тізімі:
1) Омарова А.К Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу.-Алматы: 2009.-236 б
2) ҚР Инвестициялар және Даму Министрлігі сайты;www.invest.gov.kz
3) Kaznexinvest.kz Kaznex Invest АҚ
4) ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті; www.stat.gov.kz
Full transcript