Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Абиотикалық фактор

No description
by

Arai Arai

on 7 November 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Абиотикалық фактор

Абиотикалық фактор
Назарларыңызға рахмет
Экологиялық факторлар
- организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайлары немесе орта компоненттері
Физикалық абиотикалық фактор.Атмосфералық қысым
1.
Физикалық
(
температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.)

2.
Химиялық
(
атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.
)

3.
Климаттық
(
күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.
)
1.Экологиялық факторлар

2.Абиотикалық факторлар

3.Абиотикалық факторлардық жіктелуі

Жоспар:
Экологиялық факторлар
Абиотикалық
Биотикалық
Антропогендік
Абиотикалық фактор

-
тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары.
Физикалық абиотикалық фактор.
Жарық
Жарық өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне тікелей қатысты, әртүрлі рөл атқаратын экологиялық маңызды фактор. Жер шарындағы барлық тірі материяның пайда болуы мен тіршілігі осы космостан келетін күн жарығына байланысты.Өсімдіктер мухиттардың түбінде, не 100-200 м-ден кейінгі тереңдікте, қаранғы үнгілерде өспейді, себебі олардың организмдерінде жүретін, тіршіліктері үшін өте қажетті фотосинтез процесі жарықсыз жүрмейді.

-Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер) –жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі (бидай, қарағай, майқарағай, күнбағыс, итошаған, қойжелкен).

-Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) –күшті жарықты көтере алмайды, үнемі көлеңкеде, орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папортниктер, мүктер).

-Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) – жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары).

Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы.
Жер шарын коршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық қысым деп атайды. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды гектопаскальмен (гПа) көрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа) алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр — анероидпен өлшейді.
Химиялық абиотикалық фактор.Топырақ

Топырақ - литосфераның жоғарғы ауа қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі.
Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді.
Химиялық абиотикалық фактор.Су
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі.Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады.
Климаттық абиотикалық фактор.
Атмосфелық жауын-шашын.
Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе
Климаттық абиотикалық фактор.
Күн радиациясы.
Күн радиациясы , күннің сәуле шығаруы – Күннің электрмагниттік және корпускулалық сәуле шығаруы. Электрмагниттік радиация (күннің сәулелік энергиясы) электрмагниттік толқындар түрінде, 300000 км/с жылдамдықпен тарап, жер атмосферасына енеді. Жер бетіне дейін тура (жерге бұлтсыз ашық жағдайда атмосферадан көктей өтіп жететін Күн сәулелері) және шашыранды (атмосферадағы шаң-тозаңнан, бұлттан шашыраған Күн сәулесі) радиация түрінде жетеді.
Орындаған: Арапбек Әсел
Аубакиров Арсен
Прали Еркеш
Тұрахмет Арай
Каинбаев Ерден
Full transcript