Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі

No description
by

Saduakas Sako

on 21 October 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі шағын кәсіпорынға еңбекті қорғау жөніндегі өз тұжырымдамасын (саясатын) әзірлеуге, еңбекті қорғау мақсаттарын (мақсатты көрсеткіштерін) айқындауға, еңбекті қорғаудың нәтижелілігін арттыруға қажетті шараларды қабылдай отырып, еңбек процесін ұйымдастыруға, сондай-ақ әлеуметтік бағыт алған өндірісті құруға, аварияларды, оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Осы стандарт «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Қолдану жөніндегі басшылық» атты ҚР СТ жобасына сәйкес қолданылатын әдіснамаға негізделген.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нақтылау дәрежесі мен қиындығы, құжаттама көлемі мен жүйеге бөлінетін ресурстар жүйені қолдану аясы, шағын кәсіпорынның көлемі және қызметінің, шығаратын өнімдерінің (көрсететін қызметтерінің) түрі сияқты бірқатар факторларға байланысты.
Осы стандартта мына стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:
o
«Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» 12.0.230-2007 МЕМСТ (ILO-OSH 2001 IDT)
o
«Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Қолдану жөніндегі басшылық» атты ҚР СТ (әзірлеу сатысында)
o
«Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Тексеруді (аудитті) ұйымдастыру» ҚР СТ жобасы
o
«Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Терминдер мен анықтамалар» 12.0.002-80 МЕМСТ
- «Сигналдық түстер, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгілеулер» 12.4.026-2002 МЕМСТ ҚР СТ
o
1500-2006 ҚР СТ (ИСО/МЭК Басшылық 73-2002, «Тәуекел менеджменті. Сөздік. Стандарттарды қолдану жөніндегі басшылық, МОD). Тәуекел менеджменті. Терминдер мен анықтамалар.
Ұйым еңбекті қорғау тұжырымдамасымен келісілген, құжаттамалық ресімделген ұйымның тиісті фунциялары мен деңгейлері үшін еңбекті қорғау саласындағы мақсаттарды айқындауға, енгізуге және қолдауға тиіс.
Қойылған мақсаттар мен міндеттердің қолжетімдігін тиімді бақылау үшін олар мүмкіндігінше сандық белгіленуі тиіс.
Мысалы – еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың [8], ұжымдық шарттың [1] және т.с.с нәтижесі бойынша еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың жоспары түрінде құжаттамалық ресімдеуге болады.
Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлағанда жұмыс істеп тұрған ұйым олар орындауға міндеттенген заңдық және өзге де талаптарды, сондай-ақ алдын ала талдаудың қорытындысын (4.1-тармақты қараңыз) ескеруге тиіс. Сондай-ақ ол өз технологиялық мүмкіндіктерін, қаржылық, өндірістік және коммерциялық талаптарды, сондай-ақ тиісті мүдделі тараптардың пікірлерін ескеруге тиіс.
Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі жоспарды (бағдарламаны) әзірлей отырып, ұйым мыналарды:
- ұйымдағы тиісті функциялар мен деңгейлер үшін жауапкершілік пен өкілеттіктерді;
- материалдық ресурстар мен мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау мерзімдерін айқындауы тиіс.
Жоспарлар (бағдарламалар) тұрақты жоспарлау негізінде қайта қаралуға және түзетілуге тиіс.
Ұйым өзінің шешімі бойынша экономикалық қызметтің түріне сәйкес тәуекелдерді бағалау және оларды басқару жүйесіне жататын процестерді тиімді жоспарлауды, жұмыс істеуін және бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті жазбаларды қоса алғанда, құжаттарды жүргізуге тиіс.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі мынадай құжаттаманы жүргізуді қарастырады, олар:
Еңбекті қорғау саласындағы тұжырымдама (саясат);
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы ереже;
Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар;
Еңбекті қорғауды басқару жүйесін қолданысқа енгізу туралы бұйрықтар;
Лауазымдық нұсқаулықтар;
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуі үшін жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрықтар;
Еңбекті қорғау жөніндегі келісім;
Еңбекті қорғау бойынша персоналды оқыту бағдарламасы (кіріспе және бастапқы нұсқама);
Жұмыс кәсіптері мен түрлері бойынша еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар;
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлердің білімін тексеру жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары;



Осы стандарт ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, шағын кәсіпорындағы еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу және қолдану жөніндегі басшылық болып табылады, ол арқылы:

еңбекті қорғау тұжырымдамасы жасалады;

еңбекті қорғауды басқару жүйесі әзірленеді және оның тиімді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, оны үздіксіз жетілдіру жүзеге асырылады;

еңбекті қорғауды басқару жүйесінің осы стандартқа сәйкестігі расталады.

Осы стандарттың мақсаты
– қазіргі заманғы принциптер мен әдістерді қолдану арқылы жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу үшін еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үздіксіз жетілдіру жолымен жаңадан ашылған шағын кәсіпорынның жұмыс істеу мүмкіндігін, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан шағын кәсіпорындағы профилактикалық жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету.

Осы стандарт шағын кәсіпорынның ерекшеліктерін ескере отырып, 12.0.230-2007 МЕМСТ-тың, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің ережелерін дамытады.
Ықпал ететін бақылау оқиғалар, авариялар, жазатайым оқиғалар болған сәтте, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы сыртқы және ішкі құжаттама өзгергенде қажет болады.

Ықпал ететін бақылау жоғарғы басшылыққа, еңбекті қорғау мамандарына (еңбекті қорғау жөніндегі жауапты адамға) және тікелей жұмыс басшыларына жүктеледі.

Ықпал ететін бақылау – туындаған қауіп-қатерлерді есепке алу мен талдауда.

Ықпал ететін бақылау жазатайым оқиғаларды, кәсіптік ауруларды тергеп тексеру мен есепке алу кезінде қажет.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесін тексеру (аудит) – жүйенің барлық процестерінің нәтижелілігін бағалауда.

Тексеру (аудит) «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Тексеруді (аудитті) ұйымдастыру» ҚР СТ жобасының талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

Еңбек қауіпсіздігін ішкі тексеру (аудит) еңбекті қорғауды басқару жүйесі функцияларының (элементтерінің) орындалуын және тиісті нормативтік құжаттардың сақталуын тұрақты түрде бақылауға мүмкіндік береді. Жүйелі түрде тексеруді (аудитті) қамтамасыз ету үшін тексеру жоспарларын жасайды және олардың нәтижелері бақыланады.

Тәуелсіздікті және объективтілікті қамтамасыз ету үшін мүдделі тарап еңбекті қорғау саласындағы мамандандырылған ұйымды жұмысқа тартады.

Аудит нәтижесін құжаттамалық рәсімдеу керек.
Мақсаттарға қол жеткізуді ағымдағы бақылау дегеніміз – еңбекті қорғауды басқаруды қамтамасыз етуге, қауіп-қатерлердің, тәуекелдердің алдын алуға бағытталған ұжымдық шарттар іс-шараларының, еңбек жағдайларын жақсарту мен сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының және еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексеру жөніндегі үздіксіз қызмет.

Ағымдағы бақылау еңбекті қорғау жөніндегі профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін қажетті элементтерден тұруға және мыналарды:


мақсаттардың қолжетімдігін бақылауды;

өндірістік жүйелерді, үй-жайларды, цехтар мен жабдықтарды жүйелі түрде тексеруді;

еңбекті ұйымдастыруды қоса алғанда, өндірістік ортаны бақылауды;

профилактикалық және бақылау шараларының тиімділігін айқындау мақсатында денсаулықтың бұзылу белгілері мен айғақтарын ертерек анықтау үшін тиісті медициналық, оның ішінде мерзімдік тексерулерді жүргізу жолымен, қажет болғанда, жұмыскерлер денсаулығының жай-күйін бақылауды;
Қолдану жөніндегі талаптар мен ұсынымдар
Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттер
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің
құжаттамасы

Қолданылу аясы
Нормативтік сілтемелер
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін тексеру
Ықпал ететін бақылау
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін тексеру
Ағымдағы бақылау
Жұмыс беруші оның үнемі жарамдылығын, барабарлығын және нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін жоспарланған мерзімділікпен ұйымның еңбекті қорғауды басқару жүйесін талдауды жүргізуге тиіс.
Талдаулар еңбекті қорғау саласындағы саясат пен мақсаттардың өзгеруін қоса алғанда, жақсарту үшін мүмкіндіктерді бағалауды және еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу қажеттігін қамтуға тиіс. Басшылық тарапынан талдаулардың жазбаларын сақтау керек.

Басшылық тарапынан талдауға арналған кіріспе деректер мыналарды қамтуға тиіс:

• ұйым орындауға міндеттенген заң талаптары мен өзге де талаптарға сәйкестік аудитттері мен бағалау нәтижелерін;
• шағымдарды қоса алғанда, сыртқы мүдделі тараптардан тиісті хабарламаларды;
• ұйымның еңбекті қорғау саласындағы жұмыс көрсеткіштерін;
• мақсаттардың орындалу дәрежесін;
• оқиғаларды тергеп тексерудің, түзету және алдын алу іс-қимылдарының нәтижелерін;
• басшылық тарапынан алдыңғы талдаулардың нәтижелерінен;
• еңбекті қорғауға қатысты заңнамалық және өзге де талаптардың қоса алғанда, өзгеретін жағдайларды;
• жақсартуға арналған ұсынымдарды.

Басшылық тарапынан талдаудың нәтижелері ұйымның еңбекті қорғауды басқару жүйесін үнемі жақсарту жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес келуі тиіс және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің параметрлеріндегі, саясатындағы, мақсаттарындағы, ресурстары мен басқа да элементтеріндегі болуы ықтимал өзгерістерге байланысты кез келген шешімдер мен іс-қимылдарды қамтуы тиіс.

Басшылық жасаған еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін талдаудың қорытындылары құжаттамалық белгіленуге және ресми түрде мыналардың:

тиісті шараларды қабылдау үшін еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нақты элементті (тері) үшін жауапты адамдардың;

еңбкеті қорғау комитетінің (комиссиясының), жұмыскерлердің және олардың өкілдерінің назарына жеткізілуі тиіс.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін талдау
1)Стандарттарды жасау процессі қандай сатылардан тұрады?
1)
стандарт жасауды ұйымдастыру,стандарт жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту;
2)
стандарттың жобасын жасау және оны пікір таласына беру;
3)
әртүрлі пікірлерді талқылау, стандарттың жобасын жасап, оны бекітуге беру;
4)
Стандарттың жобасын талқылау,
бекіту және тіркеу;
Стандарттарды жасау
процессі
2)Стандарттау мақсаты
Стандарттау мақсаты
— дұрыс және экономикалық нұсқаны іздеу, яғни дұрыс шешім табу. Табылған шешім белгілі бір стандарттау саласында орынды тізбектеуге жетуге мүмкіндік береді.
Full transcript