Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Untitled Prezi

No description
by

Mako Kidirbay

on 6 May 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Untitled Prezi

"Астрономия — аспан денелері туралы ғылым. Әлемнің құрылымы және дамуы туралы түсініктер"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың таным қабілеттерін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығын мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оқшылардын қалыптан тыс ойлауына жағдай жасау, әлем сырына үңілуге баулу, алған білімдерін пәнаралық  байланыста меңгерту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ойын тұжырымдай білуге, дәйекті баяндай білуге баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.




Астрономия грекше астрон - жұлдыз, ал номос - заң деген ұғымды білдіреді
Астрономия нысандарын (объектілерін) физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы - астрофизика деп аталады.
Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес, арнайы құрал – үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген италиян оқымыстысы Г.Галилей болды. 1608 жылы Голландияда денені үлкейтетін дүрбі жасалғанын біліп , онымен түнгі аспанды бақылап көрейін деп шешті. Ол өзі де бар болғаны кішісі -3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін оптикалық түтіктерді құрастырып, ұлы жаңалықтар ашты.

Италиян оқымыстысы Г.Галилей сол кездің өзінде мынандай жаңалықтар ашты:
Ай – теп- тегіс «хрусталь шар» емес, жер сияқты ойпаттар мен қыраттардан тұратынын;
Шолпанның – планета екендігін, ол күн сәулесін шашырататынын, пішінін өзгертетінін; жерді айналатынын;
Күннің бетінде дақтар бар екенін, өз осінен айналатынын;
Алып планета – Юпитердің төрт серігін ашты.
Ай- жердің табиғи серігі екендігін;
Жер де басқа планеталар да Күнді айнала қозғалады деді.


И. Ньютон ашқан Бүкіләлемдік тартылыс заңы.
Мысалы, денелердің Жер бетіне құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы бір ғана күш арқылы сипатталады. Оларды сипаттайтын заң да біреу ғана.

Ай - Жердің табиғи серігі
Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет адамзат ұрпағының табаны 1969 жылы тиді. Америка азаматтары Н. Армстронг пен Э. Олдрин ғарыш кемесінен шығып, Айға табан тіреген.

Космонавтика
(грекше космос - ғарыш және наутик - кеме жүргізу)
Ю. А. Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, космонавтика -астрономияның жаңа саласы жедел дамып келеді.

Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия саласын ғарыштану (космогония) деп атайды. Космогония әлемдегі галактикалар мен жұлдыздар және басқа денелер қашан және қалай пайда болды, оларда қандай өзгерістер жүріп жатыр, деген сұрақтарға жауап береді

Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады.

Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады.

Өткен ғасырдың 20-жылдары
Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын.
Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар. Біздің Галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады.
Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар
Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Бұдан 15 миллиард жыл бұрын Әлем болмаған. Қазіргі ғаламат әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған. Әлемнің бастауында тұрған жарылысты астрономияда «Үлкен Жарылыс» деп атайды.
Біздің Галактиканың жасы - 12 миллиард жылдай. Күн оның спираль бұтағының шеткергі аймағында орналасқан. Күннің пайда болғанына 5 миллиардтай жыл болды. Оның құрамындағы элементтердің ядролық отындарының қоры тағы да 5-10 миллиард жылға жетеді.
Күн Галактика центрінен 25000 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. Ол Галактика центрін секундына 250 киометр жылдамдықпен 480 миллион жылда бір рет айналып шығады. Бұл уақыт аралығын бір галактикалық жыл дейміз.

Көптеген жұлдыздарды төңіректеп олардың планеталары айналып жүреді. Олардың қатарын Күнге жақындарынан бастап санағанда мына сегіз планета құрайды:
Юпитер (Есекқырған)
Марс
(Қызыл жұлдыз)
Жер
Шолпан
Күн
Меркурий
(Кіші Шолпан)
Сатурн
Уран
Нептун
Күн - бізге ең жақын, қатардағы орташа жұлдыз. Бір секундта 300 000 шақырым жылдамдықпен таралатын жарық Күннен Жер бетіне 8 минутта, ал Біздің галактиканың бір шетінен екінші шетіне жүз мың жылда жетеді.
Күнді төңіректеп, негізінен Марс пен Юпитердің арасында мыңдаған астероидтар («кіші планеталар») қозғалады. Олардың ең үлкені – Церераның диаметрі 1003 км. Астероидтардан кіші Күн төңірегіндегі кезбелерді кометалар (қазақша «құйрақты жұлдыздар»), ал олардан да кішісін метеориттер деп атайды.

Күн жалынының шарпуынан туған «күн желі» кометаның шұбатылған «құйрығын» үнемі Күнге қарсы жаққа үргілеп, бұрып отырады.

Әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін ғарышнама (космология) дейді.

Мына ұғымдардың мағынасын ашу:

Бекіту сұрақтары:


Қосымшадан 3- тапсырма
Қосымшадағы кестені пайдаланып, өз бетімен қорытынды жасау, пікірлерін қабырға
газетіне жазып, шығару. Планеталардың Күннен орташа қашықтығы және беткі температурасы


Сабақты қорытындылай келе XIX ғасыр ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров:
«Қараңғы қазақ көгіне ,
өрмелеп шығып, Күн болам
қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда , кім болам», - деп жырлағандай XХІ ғасырдың әрбір қазақ баласы
Жеті қат көкке шыққандай ,
« білімді болсын » деген тілекпен аяқтағым келеді

Үйге тапсырма: §3 оқу.
Кестені толтыру

Айтпаганбетова Гүлдана Бақтығұлқызы Ақтөбе қаласы№8 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Сабақ тақырыбы
Тест.
1.Астрономия нені зерттейді?
а) табиғат құбылыстарын
ә) ғарыш кеңістігіндегі денелер жүйесіндегі құбылыстарды
б) галактикаларды
2. Әуелі күннен табылған газ-
а) сутек
ә) оттек
б) гелий
3. Астрономия нысандарын физикалық әдістермен зерттейтін бөлігі-
а) астрофизика
ә) ғарышкерлік (космонавтика)
б) ғарыштану (космогония)
4. Әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын зерттейтін -
а) астрофизика
ә) ғарышкерлік (космонавтика)
б) ғарыштану (космогония)
5. аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін -
а) астрофизика
ә) ғарышкерлік (космонавтика)
б) ғарыштану (космогония)

6. Галактика деген -
а) планеталар жүйесі
ә) жұлдыздар жүйесі
б) тұмандықтар мен бұлттар
7. Күннен Жерге дейінгі қашықтық -
а) 150 км
ә) 150 мың км
б) 150 млн. км
8. Күннен жарық Жер бетіне
а) 3 минутта жетеді
ә) 8 минутта жетеді
б) 300 минутта жетеді.
9. Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша неше топқа бөлді?
а) 5- топқа
ә) 2 -топқа
б) 3- топқа
10. Біздің Галактика –
а) спиральдық
ә) эллипстік
б) бұрыс
11. Біздің Галактиканың жасы -
а) 5 млрд. жыл
ә) 15 млрд. жыл
б) 12 млрд. жыл
12. Күннің пайда болғанына -
а) 5 млрд. жыл
ә) 15 млрд. жыл
б) 12 млрд. жыл

жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
ә б а ә б ә б ә б а б а

Full transcript